Философия дүниетаным ретінде. Миф, философия, дін.
Көне Шығыс философиясы. Көне Үнді және Көне Қытай философиялық мектептері.
Антикалық философия: негізгі мектептері және олардың сипаттамалары. Антикалық философия тарихын кезеңдеу.
Платон философиясы және оның мемлекет туралы ілімі.
Аристотель философиясы: онтология, логика және таным теориясы. Аристотель этикасы.
Аль-Фараби философиясы және оның әлеуметтік-философиялық көзқарастары.
Христиандық апологетика және патристика. Августин Блаженныйдың ілімі.
Ортағасырлық схоластика. Фома Аквинский философиясы.
Қайта Өрлеу заманының философиясы. Н.Кузанскийдің диалектикасы. Н.Коперниктің, Дж. Бруноның және Г.Галилейдің ғылыми идеяларының философиялық-дүниетанымдық мағынасы.
Жаңа уақыт философиясы. Ғылыми таным әдісі мәселесі және дүниенің механикалық суреттемесінің қалыптасуы. Эмпиризм мен рационализмнің күресі.
Ағартушылық философиясы және ХҮІІІғ. француз материализмі.
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы ретіндегі И.Канттың философиясы.
Гегель философиясындағы жүйе және әдіс.
Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі және гуманизмі.
Марксизм философиясы. Тарихтың материалистік түсінігі және К.Маркс пен Ф.Энгельс еңбектеріндегі диалектика.
ХІХ ғ.соңы-ХХбасы кезіңдегі орыс діни философиясы.
Қазақ философиясының ерекшелігі, қалыптасуы мен дамуының кезеңдері. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы.
Қазақ Ағартушылығының негізін қалаушысы ретіндегі Ш.Ш.Уәлихановтың философиялық және саяси-әлеуметтік көзқарастары.
Ы. Алтынсариннің ағартушылық идеялары.
А.Құнанбаев философиясы.
С.Торайғыров және оның қазақ философиясын дамытуға қосқан үлесі.
Ш.Құдайбердиевтің философиялық ілімі.
ХІХ ғ соңы-ХХ ғ. басында қазақ қоғами ойындағы негізгі тенденциялар: Еуропаға бағдарланған либералдық-ағартушылық тенденция (А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж.Аймауытов); мұсылмандық Шығыстың халықшыл, діни және әлеуметтік құндылықтарына бағдарланған дәстүрлік-ұлтшылдық тенденция.
Кеңестік және посткеңестік кезеңдердегі Қазақстанда философияның дамуы: нәтижелері және перспективалары.
ХХғ. философиясы: жалпы сипаттамасы және негізгі ағымдары. Әлемдік философиялық үдерістің бірлігі және көптүрлілігі.
Адам мәселесінің экзистенциалистік және неотомистік түсіндірмелері және діни экзистенциализм.
Аналитикалық философия, феноменология және герменевтика қазіргі заман философиялық ағымдары ретінде және олардың өзара қарым-қатынасы мәселесі.
Диалектиканың категориялары мен негізгі заңдары, олардың логикалық-методологиялық маңызы.
Неопозитивизм және постпозитивизм: ұқсастықтары және айырмашылықтары.
Философиядағы болмыс мәселесі. Болмыстың негізгі формалары және олардың арақатынасы. Субстанция категориясы.
Материя философиялық категория ретінде. Материя қозғалыс, кеңістік және уақыттың бірлігі. Қазіргі ғылым материяның құрылысы және қасиеттері туралы.
Философиядағы адам мәселесі. Адамның мәні және мақсұты. Биологияландырулық және әлеуметтендірулік түсіндірмелерді сынау.
Антропосоциогенез. Еңбек, сана, ұжымдылық адамның тектік мәнінің өрнектелуі ретінде.