мұнда Gн – жіктегі балқытып қаптастырылған металдың мөлшері, г;
J – пісіру тогі, А;
t – балқытып қаптастыру уақыты, с.
Пісіру процесі кезінде тотығудың, буланудың және шашыраудың салдарынан электродтағы металдың біраз бөлігі жіктің құрылуына қатыспайды. Мұндай шығындар келесі формула арқылы есептеліп шығын коэффициентімен φ ескеріледі:
(13)
Бұдан басқа электродтағы металдың біраз бөлігі (10-15%) күйіп кетеді. Балқу, балқытып қаптастыру коэффициенттері және шығындар өзара келесі ара қатысымен байланысты:
(14)
Балқытып қаптастыру коэффициентін көтеру үшін кейбір кезде электродтардың қаптамасына темір ұнтақтарын енгізеді. Мұндай жағдайда электродтың өзегінің еруін ғана есепке алатын тұрақты күйін сақтайды, ал , жікке электродтың өзектік металынан басқа электродтың қаптамалық металы енетіндіктен елеулі көтеріледі. Мұндай электродтардағы коэффициенті коэффициентінен үлкен. Пісіру тогінің мәні мен пісіру уақыты бірдей кезде үлкен болса, электродтан жікке өтетін металл мөлшері басым түседі. Демек, коэффициенті көтерілсе балқытып қаптастыру процесінің өнімділігі артады. Электрод металының жікке өтетін мөлшері келесідей анықталады:
, г (15)
мұнда – балқытып қаптастыру коэфициенті, г/А·ч;
J – пісіру тогі, А;
t – доғаның жануының таза уақыты, ч.
Біздің өнеркәсіпте шығарылатын электродтардың сипаттамалары:
= 8 – 14 г/А·ч; φ = 5 – 10%
Достарыңызбен бөлісу: |