28 - сурет. Жонғыштар.
Түпбетті жақтаулы жонғыштарды вертикаль бойлай жонғылайтын және басқа білдектерде жазықтықтарды өңдеу үшін қолданады. Бұл жонғыштардың кескіш жиектері шет жағынын да, сондай-ақ жонғыштың жақтау жағынан да орналасқан. Түпбетті саптамалы жонғыштарды тұтас (28,б сурет) немесе алмалы-салмалы пышақтарымен (28,в сурет) жасайды.
28,г суретте тегершігі бар түпбетті саптамалы жонғыш келтірілген. Осындай жонғыштарды жылдам жонғылау үшін қолданады. Жұмыстың бір қалыпты жүруі үшін, пышақтардың төзімділігін арттыру және өңделген беттің сапасын жақсарту үшін тегершіктерді қолданады, оларды білдектің айналдырығының төменгі ұшына немесе жонғыштың корпусына бекітеді.
Қиып-кескіш (оймакілтекті), дисклі және саусақты жонғыштарды (28, д, е, ж суреттері) түзу сызықты ойықтарды және оймакілтектерді алу үшін қолданады. Қиып-кескіш жонғыштардың кескіш жиектері тек цилиндр құрушының бойымен ғана болады. Дисклі жонғыштарды цилиндр құрушының бойындағы және шет жақтарында кескіш жиектерімен үш жақты етіп жасайды. Саусақты жонғыштардың кескіш жиектері шет жақтарында және құрушысында болады.
Бір бұрышты және қос бұрышты жонғыштармен (28, з, и сурет) кескіш аспаптардың (жонғыштардың, үңгілердің, ұңғылағыштардың ) және кейбір бөлшектердің бұрыштық профильдерінің бунақтарын жонғылайды. Т- тәрізді жонғыштарды (28, к сурет) негізінен металл өңдейтін білдектердің үстелдерінде сәйкес ойықтарды алу үшін пайдаланады. 28,л суретте фасонды жонғыштар келтірілген.
Модульді дискілі (28,м суреті) және модульді саусақты (28,н суреті) жонғыштармен тісті доңғалақтардың тістерін қияды. Әрбір жонғыш тек берілген модульдің тістерін ғана және тістер санының анықталған біраралығының тісті доңғалақтарын ғана алуға жарайды, мысалы, 17-ден 20-ға дейін, 21-ден 25-ке дейін және т.б. (теория жүзінде әрбір модульді жонғыш, тістердің белгілі бір саны бар тісті доңғалақты қиюға ғана жарайды); сондықтан модульді жонғыштарды 8 немесе 15данадан жинақтап дайындайды. Модульді жонғыштарды қайта қайрауды (әрбір фасонды жонғыш сияқты) тек алдыңғы беті бойынша ғана орындайды.
Бұрамдық жонғыштарды (28,о суреті) тіс жонғылау білдектерінде тісті доңғалақтарды қию үшін қолданады. Бұрамдық жонғыштардың трапеция пішіндес тістері болады. Бұрамдық жонғышпен доңғалақтардың тістерін қию домалату әдісімен жүргізіледі, сонымен қатар осындай жағдайларда модульді жонғышпен қиюмен салыстырғанда дәлдігі анағұрлым жоғары болады.
74, а суретте ұзын құралбіліктегі 3 цилиндрлі жонғышты 4 бекіту схемасы келтірілген. Жонғыштың құралбіліктегі орны, сомындармен қысылатын қондырма балдақтармен 6 орнықтырылады; бұрау моменті құралбіліктен жонғышқа кілтекті қосылыс арқылы беріледі. Айналдырықтың 2 конусты тесігінің беті 7 (конустығы 7/24) қондырмалы орын болып табылады және осында құралбілік сүмбімен 1 тартып қосылады. Жақтауды жоңғылайтын ірі жонғыштар 9 (29,б сурет) тікелей білдектің айналдырығында орнатылады, бұл жерде оның белдемесінің цилиндрлік беті 8 қондырмалы орын болып табылады. Бұрау моменті айналдырықтың жақтау жағындағы ұяларда бұралған жетектемелер 10 арқылы айналдырықтан жонғышқа беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |