25- сурет. Бойлай жонғылайтын білдек
7.3.1.4 Көшіргіш жонғылайтын білдектер.
Әртүрлі фасонды қуыстар мен сырт беттерді, мысалы баспаққалып, темірқорам, қалып, құймалық металл қалыптарын дайындау үшін көшіргіш жонғылайтын білдектер қолданылады. Фасонды қарам (контур) түзілуі үшін сандық бағдарламамен басқарылатын білдектердің немесе механикалық, электрмеханикалық немесе гидравликалық жүйедегі білдектердің бойлай, көлденең, вертикальді берістері сәйкес қозғалуы керек. Электрмеханикалық жүйедегі білдектің жұмыс атқару схемасы 26 суретте көрсетілген.
1 – модельді бекітетін айлабұйым; 2 – көшіргіш құрал (копир); 3 –тұғыр; 4 – айналдырық түзілімі; 5 – табандық тұғыр; 6 – үстел; 7 – жонғыш; А – модель (копир); В – дайындама.
26 – сурет. Электрмеханикалық жүйедегі білдектің жұмыс атқару схемасы.
7.3.2 Жонғылау, жонғыштар және қосымша құрал-саймандар
Жонғылау кесіп өңдеудің көп тараған және жоғары өнімдік тәсілдерінің қатарына жатады, онымен тетіктердің жазық немесе пішінді (фасонды) тегіс, бұдырлы беттерін, ойықтар мен әртүрлі бунақтарды алуға болады.
Қолдануы бойынша жонғыштар келесідей ажыратылады:
а) жазықтықтарды өңдеуге арналған - цилиндрлік және жақтаулы;
б) ойықтар мен оймакілтектерді шығару үшін - дискілі, шеткі, ойықты, бір бұрышты, қос бұрышты, Т-тәрізді;
в) фасонды беттерді алуға арналған - фасонды, модульді, бұрамдық;
г) металдарды кесуге арналған - кесетін (дөңгелек аралар) болып бөлінеді.
Цилиндрлік жонғыштар (28, а суреттер) жазықтықтарды горизонталь жонғылайтын білдектерде өңдеу үшін қолданылады. Бұрама тістері бар жонғыштар бір қалыпты жұмыс істейді, өйткені тістер дайындамаға біртіндеп кіреді. Жонғыштың әрбір тісінің кескіш элементі басқа да кескіш құрал сияқты металға біртіндеп кіре отырып, жоңқаны сындырады. Цилиндрлі жонғылау кезінде беріс қозғалысы жонғыштардың айналуына қарсы (беріске қарсы, қарама-қарсы жонғылау –27,а сурет) немесе жонғыштың айналуы бойынша (беріс бойынша, қуалай жонғылау 27,б сурет) бағытталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |