Диагноз қойыңыз?
Акушерлік амал
Жауабы: 1) жүктілігі 39-40 апта. Жай жалпақ тар жамбас, ААА 2-ші тарылу дәрежесі. 2) жедел кесар тілігі.
Акушерлік жарақаттар
Есеп №1
32 жастағы қайта босанушы әйел 4350гр салмақтағы нәресте босанғаннан кейін, қан кету байқалды. Бала жолдасының бөліну белгілері бар. Бала жолдасы Креде-Лазаревич тәсілі бойынша бөлініп алынған, жатыр тығыз. Қан кету жалғасуда.
Айнамен қарағанда: жатыр мойнының күмбезге дейін жыртылғаны анықталды
Диагноз қойыңыз?
Акушерлік амал
Жауабы: 1) босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан кету. Жатыр мойнының жыртылуының 3-ші дәрежесі. 2) Наркоз беру, жатыр мойнына тігіс салу.
Есеп №2
Әйел салмағы 4200гр нәрестені босанғаннан кейін, аяғын қозғалтқанда ауру сезімі байқалды. Әсіресе симфиз тұсында.
Диагноз қойыңыз?
Қандай тәсілдер дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді?
Жауабы: 1) шат сүйектерінің ажырауы. 2) Шат сүйектерінің пальпациясы, жамбас сүйектерінің рентгенографиясы.
Есеп №3
Әйел салмағы 4300 гр нәрестені босанды. Айнамен қарағанда: жатыр мойыны 2-см ге дейін жыртылған.
Достарыңызбен бөлісу: |