«Құрылыс» Мамандығының студенттеріне арналған



бет116/234
Дата31.01.2018
өлшемі18,96 Mb.
#36363
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   234


XIII.07

Материалды қажуға есептегенде Смит пен Хэи диаграммаларының С. В. Серенсен мен Р. С. Киносошивили ұсынган қарапайым түрлері пайдаланылады. Смитт диаграммасының қарапайым түрін алу үшін ордината осіне материалдың аққыштық шегі салынып, табылған М нүктесі арқылы абсцисса осіне параллель МN түзуі, онан соң А нүктесі мен нөлден басталатып циклдің D нүктесі арқылы АD түзуі жүргізіледі (ХІІІ.5-сурет). Алынған АКN сынық сызыгы пластикалық материалдардың шекті кернеулер диаграммасы деп аталады.



Диаграммадағы АK түзуінің нүктелерімен анықталатын қауіпті кернеу:

XIII.08

XIII.09

мұндағы


XIII.10

  • материалдың цикл асимметриясына сезімталдығын сипаттайтын коэффициент,— пульсирлік цикл үшін төзімділік шегі.

Хэй диаграммасын қарапайым түрге келтіру үшін аққыштық шегін координата осьтеріне өлшеп салып алынған нүктелерді (Е, Д) түзу сызықпен қосады. Онан соң нөлден басталатын циклдің С нүктесі мен диаграмманың А нүктесі арқылы түзу жүргізіп пластикалық материалдардың шектік кернеулер сынық сызығын алады (АKD, ХІІІ.6-сурет).

Диаграмма бойынша, нүктелері қауіпті кернеулерге сәйкес келетін түзуі келесі теңдеумен өрнектеледі



XIII.11

ТӨЗІМДІЛІК ШЕГІНЕ ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН ФАКТОРЛАР



Материалдардың төзімділік шегі бірқатар факторларға тәуелді екенін жоғарыда айтып өттік. Енді сол факторлардың инженерлік практикада жиі кездесетін кейбір түрлерімен танысайық. Факторлардың әсерін бағалау үшін беттері жылтыр, ауамен қоршалған он шақты үлгілерді сынау арқылы анықталған симметриялық циклдің төзімділік шегі -1, эталон ретінде қабылданып, факторлардың әсері тиген үлгілердің симметриялық циклдегі төзімділік шегімен (-1,ш) салыстырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет