Ғарыштан бақылау жасау (мониторинг) жанартаулардың атқылауы, су тасқыны, қуаңшылық, орман және даладағы ірі өрттер, үлкси кеңістіктердегі өсімдік жабындарына, бунақденелілерге, мысалы, шегіртке немесе басқа зиянкестердің үлкен зиян келтіруі тәізді ірі табиғи құбылыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай құбылыстар туралы ақпараттар шынайы уақыт тәртібінде түсетіндіктен, елдер үкіметі мен халықаралық экологиялық ұйымдар осы құбылыстардың келеңсіз салдарларын жою немесе бәсеңтуге тез және тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Ғарыштық мониторингтен басқа аспаптық мониторинг өткізіледі. Бұғап әр түрлі ұшу құралдары (ұшақтар, тікұшақтар), автомашиналар, тіпті жаяу экспедициялық бағдар да пайдалануы мүмкін. Бұдан басқа атмосфера, гидросфера және литосфера жағдайына тұрақты бақылау өткізетін стансалардың кең торабы болады. Алынған ақпараттар барлығы жергілікті, аудандық, облыстық және республикалық арнаулы экологиялық мекемелерге жиналады. Жаһандық мониторинг торабының құрылуы арқасында табиғат қорғау шараларын тиімдірек өткізуге мүмкін болады.