Абиотикалық факторлар- организмдерге тікелей не болмаса жанама әсер ететін бейорганикалық, өлі табиғаттың компоненттері ( климат, жарық, химиялық элементтер мен заттар, температура, қысым және ортаның қозғалысы, топырақ, т.б.).
Афтотрофтар- өздігінен қоректенетіндер, өздеріне қажетті заттарды өздері жасай алатын тірі организмдер.
Адаптация - (лат.–бейімделу)-организмнің, популяцияның, бірлестіктің сыртқы ортаның белгілі бір жағдайларына бейімделу процесі. Адаптация кезінде әдетте организмнің фенотиптік ерекшеліктерінің сапалық емес, сандық өзгірістері орын алады.