Сапрофагтар - өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детритофагтар).
Синэкология - көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.
Сукцессия - белгілі тіршіілік ортасындағы организмдердің түр қүрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.
Симбиоз- екі немесе одан кµп түрлерге жататын организмдердің бірігіп тіршілік етуі.
Смог-улы тұман, тұманның тамшылары мен шаң бөлшектерінің қосылуымен сипатталатын атмосфераның қауіпті ластануы.
Терратогендер - организмдерге әсер ету арқылы олардың үрпақтарында аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер.
Техногенез - адамды қоршаған және табиғи ортада өзгерістер туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі
Тірі зат- биосфераның тірі организмдерінің жиынтығы.
Тантал - медицинада таптырмайтын металл. Оның ерекшелігі – адам организімінің дұрыс қабылдауында. Сондықтан, танталдан хирургиялық қысқыштар мен импланттар жасалады. Әрбір ұялы телефонна 6-дан 12-ге дейін (сандық камераларда 30-дан астам) конденсаторлары бар. Сонымен қатар, электр зарядын өзіне жинақтайды.
Озон қабаты - тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.
Озондық ойық - атмосфераның озон кабатындағы озон молекулалары жоқ аймақ.