құрылысы. Зертханалық жұмыс: «Сүйектің химиялық құрамын»көрнекі көрсететін тәжірибе.
8-сынып
№59 мектеп-лицейінің
биология пәні мұғалімі Онгарбаева К.Т
Сабақ мақсаты:
8.1.6.2 сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу.
Бағалау критерийлері:
* Сүйектің микроқұрылымдарының қызметтерін түсіндіреді.
*Сүйектің микроскопиялық құрылысын сипаттайды.
*Сүйектің химиялық құрамын түсіндіреді.
Сүйектің макроскопиялық құрылысы
Шеміршекті қабат
Борпылдақ зат
Тығыз зат
Сүйек қабы
Сары сүйек кемігі
Сүйектің сырты жұқа, жылтыр сүйекқабымен қапталған .
Сүйектің сыртқы қабаты 2 қабаттан:
сыртқы- тығыз ұлпа және ішкі бөлімі- борпылдақ ұлпадан құралады.
Сыртқы қабаты сүйектің сіңірмен, буынмен, бұлшықетпен, ал ішкісі – нағыз сүйекті құрайды. Осы қабат сүйек сынғанда қалпына келтіреді және ол сүйектің қоректенуі мен өсуіне қатысады.
Сүйек қабығы мен сүйекте қан тамырлар болады. Олар сүйекті оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Сүйек қабығында көптеген жүйке ұштары болады. сондықтан ол зақымданса қатты ауырады.
Сүйектің микроскопиялық құрылысы
Сүйек жасушасы типтері:
Остеоциттер-өсіндісі бар домалақ немесе сопақша жасушалар.
Остеобластар-сүйектің өсуіне және зақымданған соң қалпына келтіретін жасушалар.
Остеокластар-сүйектің өсуіне зиян келтіретін заттарды ерітеді,көп ядролы түзіліс.
Сүйектің химиялық құрамы
Дискриптор:
Cүйектің химиялық құрамы мен мөлшерін,ерекшелігін анықтайды.
Сүйектің химиялық құрамы
Бейорганикалық заттар(60%): кальций, фосфор, магнийдің минералды тұздары.
Органикалық заттар (30%): нәруыз (оссеин), майлар және көмірсулар.
Суретте бейнеленген құрылымды атаңыз, құрылысын жазыңыз
1
2
3
4
Дескриптор:Сүйек құрылысын ажырата алады.
Жауабы
Суретте бейнеленген құрылымды атаңыз, құрылысын жазыңыз
1.Остеон
2. Орталық өзек.
3. Остеоцит
4. Сүйекті өзекшелер
1
2
3
4
2-тапсырма
Сүйек қабы қайда орналасқан. Оның құрылыс ерекшелігі қандай?
Жауабы
Сүйек қабы сүйектің сыртын қаптайтын созылғыш ұлпадан тұрады, ол остеондардан құралады.
3- тапсырма
Сүйекқапта қан тамырлары мен жүйке ұштары рецепторлары орналасқан,олар не үшін қажет?
Жауабы
1.Сүйектің тірі жасушаларын қоректендіру
2.Оттек жеткізу
3.Зиянды заттарды шығарады.
Зертханалық жұмыс: “Сүйектің химиялық құрамын”көрсететін тәжірибе
Жұмыс мақсаты:табиғи және өзгертілген микроскопиялық және макроскопиялық құрылысын зерттеу негізінде сүйектің химиялық құрамы мен құрылымдарының әртүрлі құрамбөліктерінің рөлдерін анықтау
Жұмыс барысы: сүйектің үш:күйдірілген,кальцийсіздендірілген және өзгертілмеген (табиғи) типтерінің қасиеттерін зерделеп кестені толтырып қорытындылаңыздар.