Рим құқығының ұғымы, жүйесі Рим құқығының тарихи мәні



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі21,73 Kb.
#91529
1   2
Байланысты:
рим құқығы
1 тапсырма Айман Женисовна, 988 himiya 8sinip, 100 дата, жылдар пери бекинистер, кара создер, Тамыры жоқ мүк-WPS Office
“Азаматтық қуқық ” атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді Оис сіүііе) құкық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квиритгер құқығы). Римдік үіс сіүііе көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарьп реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқыктың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан “сіүіі” атауы еуропалык құқықтануға еніп кана қоймай, заң терминологиясына да кірді. Сондықтан да азаматтык құқыкты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды – цивилист деп жүр.Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық ара жігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: “жария кұкық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді. Қазақстан Республикасының қазіргі құкық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.Сонымен катар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінін арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жұйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Азаматтық құқық Қазакстан Республикасының кұқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық кұқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық кұкықтың пәнін анық-таудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық кұқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.Құкық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық кұкьіқты Қазақстан Республикасасның басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырьш, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.Қазақстан Республикасы азаматтық құқығынын, пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар кұрайды(Қазақстан Республикасы Азаматтық ‘кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке катынастар азаматтық заңдар-мен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдык қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақша-мен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатьшастар деп аталады. Мүндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттык қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міңдеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мүрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік катынас дегеніміз мүліктерді сатьш алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық қүқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген үғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік (имущественность) дегеніміз занды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдык қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдык объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушы-лардың кұн заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықты экономика жағдайында тауар-акша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне айналады.Мүліктік катынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте кайнасып, ұштасып жатады.
Казақстан Республикасы азаматтык зандары мүліктік емес катынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке катынастар (АК-тщ, 1-бабы, 1-тармағы) мен мүліктік катынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке катынастарды (АК-тщ 1-бабы, 2-тармағы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатьнастың бірінші тобына мүліктік катынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке катынастар жатады. Бұл жердегі “байланыстылық” деген сез жеке қатынастардың мүліктік бағыныштылығын көрсетпейді, кайта коғамдық каты­настардың біртұтас бірлекте болуын айқындайды (мәселен, ав-торлық, өнертабыс және т.б. катынастар). Мысалы, бір ұйымның басқа бір занды тұлғаның тауарлық белгсін заңсыз қолдансаонда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес катынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік катынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қаты­насқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық, нормаларымен реттеледі.
Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке каты­настардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге факттілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындай ды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді
Мүліктік емес жеке катынас Казақстан Республикасы
Конституциясымен реттеледі. Конституцияның 2 тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқытарына арналған. Сонымен аза­маттық құқықтың реттеу пеніне мүліктік катынастарға байла­нысы жоқ мүліктік емес жеке катынастардың мейлінше кең аукымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пені, міне, осындай.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет