Шешендік сөз
Риторика (ағылш. Rhetoric; Шешенсөз,
немесе Шешендік өнер) - ежелгі
Грекия мен Рим заманынан бері
көптеген халықтардың мәдени,
рухани, өмір тіршілігіндегі сөйлеу
өнерінің жалпы атауы. Грек шешендiк
өнерiнiң игi әсерi арқасында көне
Римде де бұл өнер дами бастады.
Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим
мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп
аталып, әдеби-мәдени
құндылықтардың алмасуымен
сипатталады. Бұл сипат шешендiк
өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы
салалары: бейнелі сөз, шешендік сын,
шешендік өсиет, шешендік нақыл,
шешендік дау, шешендік толғау. Әр
қайсының әсерлі өңі, сұлулығы,
татымдығы, дуалылығы, зерделігі
адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне,
сезіміне мықты қозғау салады, жүрек
тебірентеді. Тыңдау шы ның еркі мен
сезімін билейді, толғандырады.
Шешенсөздер ағып тұрған поэзия,
тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен
өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу,
астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты
меңзеу, қисынды толғам, тылсымды
талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір
түйінділігінің, таңғажайып ой
толғағының әмбебап туындысы.
Өмір құбылыстарына байламды
шешендік сөздер орны-орнына
қойылса шебер шендестіріледі.
Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе
ойды шалқытып, сезімді тербеп адам
көңілін ұйытады.
Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне
тән терең мағыналы және астарлы
жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты
айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат
көңілге шабыт, қам көңілге демеу,
батырға айбынды ұран болар әрі тәтті,
әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас
тіл.
сақталған. Шешендік - ұшқыр ойдың
қас қағымда тілге оралымдылығы,
байламы; дер кезінде дәл мағынасын
дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы
сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге
айналуы; дау-дамайда қазылық,
мәмілегерлік; ара қатыста елшілік,
жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа,
қалың қауымға өсиет. “Алажағым
кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін
қазақтың сөзге қонақ беруі.
Шешен (жезтаңдай, ділмар,
айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар,
тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын
тауып айтатын халық қалаған сөз
шебері. Ел-жұртты елеген, халқы
қалаған азаматтарды ардақтаудың
ана тілімізде атаулары мен дәріптеу,
бейнелеу сөздерін айтып тауысу
қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп
те, асқақтатып та айта білген. Ел
намысын қорғаған ерлерді "нар",
"арыстан", "арыстан", "ерім",
"азаматым" деген сияқты
теңеулермен мадақтап, ардақтаумен
бірге әділді "қара қылды қақ жарған";
шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен
шешкен"; шеберді "темірден түйін
түйген"; жомартты "атын түсіп беретін
мырза"; адалды "сүттен ақ, судан
таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні
"қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес
биенің сабасындай"; баланы "тойған
қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз,
күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы
адамдарды көріп, білмесе де сырттай
сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар
ауылына келгенде баласының аузына
түкіріп, отырған жеріне аунатып
алған.Ел сыйлаған адамдар есімі
халық жадында мәңгі
Шешендік сөз мынадай талаптарға
жауап беруі керек.
Белгілі бір әлеуметтік мәні бар
тақырыпты қозғайтын және шаршы
топ алдында ауызша айтылған сөз
болу.
Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент)
болуға тиіс, соның арқасында
тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі
түсіндіріп, содан соң ойлантып,
ақырында белгілі бір харекетке
ұмтылдыруды көздеуі қажет.
Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп,
құлақ құрышын қандыратын,
сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті
болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің
қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы,
кеңіген сайын арта түсуде.
Жиналыс, мәжіліс, құрылтайларда,
пікірсайыс жиындарда, семинар,
симпозиумдарда шешендік өнер өте
қажет.
Қазіргі замандағы шешендік
сөздердің түрлері бұл сөздердің
жанрына (мазмұнына) қарай негізінен
былайша ажыратылады.
Әлеуметтік-саяси тақырыптағы
шешендік сөздер, бұларға осы
тақырыптарға жасалған
баяндамалар, сөйленетін сөздер,
митинг, конференцияда айтылатын
сөздер, хабарламалар,
баяндамалар
, радио, теледидардан
ауызша жүргізілетін саяси-
әлеуметтік шолулар жатады.
Академиялық шешендік, бұл топты
жоғары оқу орындарында
оқылатын дәрістер, ғылыми
баяндама, хабарлама, шолулар
құрайды.
Сот ісінде қолданылатын
шешендікке прокурордың айыптау
сөзі, айыпкердің қорғану сөзі кіреді.
Әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын
шешендікті мерейтойларда,
салтанатты дастарқан басында
айтылатын сөздердің "шешендік
сөз" деген мәртебеге ие болу үшін
оған қойылатын талаптардың бірі -
оның ішінде көркем, әсерлі болуы.
Ал көркемдік жалпы тілде, оның
ішінде көркем әдебиетте, поэзияда
жұмсалатын көріктеу құралдары
мен тәсілдері арқылы жүзеге
асырылады. Атап айтқанда, билер
аузынан шыққан шешендік
үлгілерде дәл өлеңдегідей өлшемді,
жүйелі болғанымен, ұйқас ырғақ
сияқты поэтикалық элементтер
қатысады. Бұрынғы шешендік
сөздерге тілге демеу, ойға дәлел
ретінде мақал-мәтелдерді келтіру
көріктеу амалдардың бірі болса,
бүгінгі шешендердің аузынан
шыққан сөздерде мақал-
мәтелдерді келтіру көріктеу
амалдардың бірі болса, мақал-
мәтелдермен қатар, өзгелерден
келтірілген сілтемелер орын алады.
Сондай-ақ шешендік сұраулар да,
ықшамдау тәсілімен келген
сөйлемде де шешендік сөздерге
эмоциялық реңк беріп, оның
экспрессиясын күшейтеді.
Шешендiк өнер көне Римде үлкен
күшке ие болды. Цицеронның
мәлiмдеуiнше, республикалық Римде
сөз құдiретiне ие болған адамға
тәңiрiндей табынған. Олар ”адамды
даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар:
бiрi - қолбасылық, екiншiсi- шешендiк”
деп бiлген /6:3/. Республикалық Рим
мемлекеттiк iстердi халық
жиындарында, сенатта, сотта ерiктi
әрбiр азаматтың сөйлеу мүмкiндiгiне
ие болатындай жағдайда қараған.
Тарихы
Сондықтан Рим республикасының
әрбiр азаматына шешен сөйлеудiң
қыр-сырына қанығып өсу мeмлeкeт
iстeрiнe араласy талабынан
тyындаған. Рeспyбликалық Рим үшiн
қоғамдық қарқынды өмiр, сөз
бостандығы шeшендiк өнeрдiң
кeңiнeн өрiстeyiнe жол ашты. Басқаша
айтқанда ”дeмократия -шeшендiк
өнeрдiң анасы” /7:189/. Бiрақ Римдe
рeспyбликалық өкiмeттiң құлаyы
Римдiк классикалық өнeрдiң дамyына
тeжey салды. Көнe Рим шeшeндiк
өнeрiнiң ұшар шыңы дeп Цицeронды
танимыз. Марк Тyлий Цицeрон -
шeшeндiк өнeрдiң көнe римдiк
тeорeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк өнeр
қақындағы ұлы ойларын ”Шeшeндiк
өнeрдiң үш трактаты” (”Шeшeн
тyралы”, ”Брyт”, ”Шeшeн”) eңбeгiндe
зeрлeп қалдырды.
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір
жанры – шешендік өнер.
Халқымыздың даналығының үлгісі
шешендік сөздер – ғасырлар бойы
халық сынынан ерекшеленіп өткен
құнды мұра, асыл қазына. Шешендік
өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен
мән берілген. Ежелгі грек, рим
елдерінде шешендік өнерді "риторика"
Қазақтардағы шешендік
өнері
деген атпен жеке пән ретінде оқыған.
Дүние жүзіне әйгілі ерте заман
шешендері Пратогор, Демоссфен,
Цицерон, Квинтилиан сияқты өз
заманының мемлекет қайраткерлері,
ел аузына қараған ойшылдары
болған. "Риторика" ғылымы өнердің
падишасы ретінде ерекше бағаланған.
М.В.Ломоносовтың 1748 жылы
басылып шыққан "Шешендікке
қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл
өнердің Ресейде дамып,
қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөз тарихы
Майқы би мен Аяз билерден басталып
(XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан
қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен
қатысты калыптасып, өркендей түсті.
Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.),
Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз
дауысты Қазыбек, Әйтекелерге
жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен
дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ.
Бұл кез қазақ халқының жоңғар,
қалмақ, қытай басқыншыларына
қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау
жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы
үлгілерін халық ауыз әдебиеті
туындыларынан, ертегі, аңыз
әңгімелерден, өлең-жыр,
дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз
өнерінің кең қанат жайып, орнығып
дамуында тапқырлық пен
шешендіктің тамаша нұсқалары –
жыраулар толғаулары, айтыстар мен
мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге
жұрттың атақты адамдары,
ғалымдары жоғары бағалады.
Шешендік сөздер нұсқаларын
академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп
жинаған болатын. Ол: "Қазақтар...
мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен
сөйлейді. Ойын дәл, айқын
ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп
отырғанның өзінде сөйлеген сөздер
ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі
соншалық, бейне бір өлең екен деп
таң қаласын", – деп көрсете отырып,
әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен
табиғилығын дұрыс аңғарып,
қазақтардың сөзге тапқырлығы мен
шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін
жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік,
тапқырлық, нақыл сөздерін жинап
жариялағандардың бірі – Ыбырай
Алтынсарин. Ол халық даналығының
жас өспірімдерді тапқырлыққа,
өткірлікке, адамгершілікке баулитын
тәрбие құралы екенін жете танып, өз
еңбектеріне орнымен енгізіп,
пайдалана білді.
Шешендік сөздерді алғаш
зерттеушілердің бірі – М.Әуезов.
"Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.)
еңбегінде "Билер айтысы" деген
арнаулы тақырыппен шешендік
сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар
келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын
орны мен халықтық сипатына
дәлелді ғылыми тұжырымдама
береді. Ауыз әдебиеті мұраларын
зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген
ғалым-лингвист А.Байтұрсынов
шешендік өнерді жеке алып
қарастырып, құнды пікірлер білдірді
(1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз,
дарынды сөз деп үш топқа бөліп,
әрқайсысын қолданыс орнына қарай
(саясатқа қатысты, сотта сөйлеу,
қошемет сөздер, ғалымдардың
ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз
сөздер) іштей тағы беске бөліп,
әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың
анықтамалар берген.
Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу
жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін
тапқыр, топ алдында тайсалмай,
мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз
сайысында саспайтын сабырлы
болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |