Риза Маней, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы білім бөлімінің әдіскері Әдістемелік семинар
Мақсаты:
Мектепте қызмет жолын жаңа бастаған жас мұғалімге кәсіптік тұрғыдан күш пен рух беру, кәсіптік біліктілікке, әлеуметтік өмірге баулу және өздігінен даму дағдысын қалыптастыру
Міндеттер:
үздіксіз білім беру жүйесінде жас мамандардың қажетттілігін қанағаттандыру;
Топтардың жұмысын бағалау: «2 жұлдыз, бір тілек» арқылы
Тақырыпқа ену
Шарты: үстелде жатқан қиынды қағаздардан бүтін пішін жасау.
(45 секунд)
Құрметті әріптестер, бөлшектерден бүтінді құрастырғаныңыз сияқты 45 минуттық сабақ та – бірнеше кезеңдерден, педагогикалық сан қилы әрекеттерден құралатын бүтін бір педагогикалық үдеріс. Әр кезеңді жақсы ойластырып, ұтымды ұйымдастыра білсек, сабақ нәтижелі болмақ.
Шарты: мұғалімдердің кәсіби білімдерін белсендендіру
1-билет. Сабаққа дайындықты неден бастау керек?
2-билет. Сабақтың мақсатын қалай анықтаймыз?
3-билет. Сабақты бастамас бұрын оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту үшін не жоспарлаймыз?
10 минут
Соңында №1-слайд-шоу көрсетіледі
5 минут
Педагогикалық-психологиялық тренинг
1-топқа: Сіз сыныпқа кіріп келсеңіз, оқушылар сыныпта бірі-бірін қуып, шулап жүр. Сізге назар аудармайды. Сіз не істейсіз?
2-топқа: Сыныптағы ер бала қыз балаға ат қойып, айдар тағып, оны жылатыпты. Ал қыз бала Сіз сабаққа кіріп келгенде шағымданып, жылады. Сіз қандай шара қолданасыз? Әлде ол мәселені шешпестен сабақ бастайсыз ба?
3-топқа: Сабаққа қандай мақсатпен кіресіз?
5 минут
Қазақ тілі пәні бойынша
панорамалық
сабақ үлгілерін көрсету
5-6 минут
Оқу материалын қалай жоспарлауға болады?
Бұл үшін сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін қандай ережелерді сақтау қажет.
(Ережелермен танысайық және сабақты жоспарлауға арналған №2-слайд-шоуды тамашалайық).
10 минут
Ширату тренингісі «Күн сәулесінде»
Мақсаты: Өзінің жақсы қасиеттерін анықтау, оларды қиын жағдайды жеңіп шығуда қор (ресурс) ретінде қолдану.
Жүргізуші:
«Қағазға күнді салыңыздар, балалар салатындай: ортасында шеңбер оның жан-жаққа шашып тұрған сәулелерін. Шеңбердің ішіне өзіңіздің атыңызды жазыңыз. Әр сәуленің жанына өзіңіз туралы жақсы пікір жазыңыз. Сіздің міндетіңіз - өзіңіз туралы көбірек жазу.
(3 минут)
Қатысушылардың есіне:
Жүргізуші:
«Осы бір бет қағазды әрқашан өзіңізбен бірге алып жүріңіз, анда-санда сәулелерін қосып отырыңыз. Егер де жабырқап қалсаңыз, сол Күн салынған суретке қарап, есіңізге түсіріңіз, өзіңіздің қасиеттеріңізді неге жаздыңыз?!» [1,15].
1 минут)
Практикалық жұмыс
(әр топқа жеке компьютер беріледі)
«Етістік туралы түсінікті меңгерту» атты сабақтың тақырыбы беріледі (6-сынып).
Тапсырма мынадай:
1-топ сабақтың мақсатын құрады,
2- топ негізгі бөлімде орындалатын тапсырмаларды, оны өткізу әдістемесін, ұйымдастыру формаларын анықтайды,
3-топ сабақты қызықты өткізу жұмыстарын, рефлексияны құрастырады.
10 минут
Әр топтың спикері өздері әзірлеген жұмыстарын қорғайды.
(15 минут)
Топтардың жұмысын бағалау: «2 жұлдыз, бір тілек» арқылы түсіреді, пікір қорғалады
Рефлексия
Өткізілген семинардан алған білімдерін смайлик арқылы бағалау, өз пікірлерін топ ішінде стикерге «2 жұлдыз, бір тілек» арқылы түсіру.
(немесе «Ойлаудың 6 шляпасы», «Тиімді өлшем» атты мастер-кластар арқылы рефлексия жасауға болады). [10,51]
4-5 минут
«Қоштасу».
3 топ бір-біріне қазақтың ұлттық дәстүрлерін, тілдік көркем ерекшеліктерін қолдана отырып, қоштасу сөздерін айтады, игі тілектерін білдіреді.