Үржар ауданында «Қазақстан Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»



Дата24.05.2017
өлшемі47,34 Kb.
#16924
Үржар ауданында «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №234 қаулының орындалу барысы туралы есеп

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың платформасын кезең-кезеңмен қалыптастырып келеді.Сондай қадамдардың бірі -мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.      Стратегия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырудың жаңа тетіктері мен құралдарды айқындаған құжат. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22 бабының 1 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.Аталған талапты орындау мақсатында Үржар ауданы әкімі аппараты тарапынан төмендегідей жұмыстар атқарылды. Үржар ауданы әкімінің ресми сайтында «STOP коррупция» атты рублика ашылды. Рубликада осы салада 49 ақпарат жарияланды.


Кәсіпкерлердің базардағы әкімшілік кедергілерін алып тастау мақсатында ауданымызда тіркелген «Қуаныш» базарында ветеринариялық санитариялық сараптама зертханасы орналастырылған.

«Тұрғын үй қатынастары туралы»Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңының 74 бабының талабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдерін еркін қолжетілімдікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы аудан әкімінің ресми сайтына, және жергілікті «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде ақпараттар (тізім) жарияланды.


Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Үржар ауданы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары ауылдық округтерге шығу арқылы жүзеге асырылды( барлығы 16 ауылдық округке шығылып 16 жиын өткізіліп аталған жиынға барлығы қатысқан азаматтар саны-1560 )

Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды.


«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығының 4.5 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқаратынын түсіне келе,     бала кезінен тұлғаны сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңыздылығын сезіне келе, Үржар ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі өкілі ауданымыздың 5 мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын өткізді.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жмқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Үржар ауданы бойынша іс шаралар жоспары аудан әкімімен бекітілді. Іс шара жоспары барлық мемлекеттік органдарға жеткізілді. Жоспарға сәйкес келесі жұмыстар атқарылды:

Құқықтық сабақтар ұйымдастырылады, 12 айда 8 құқықтық сабақ ұйымдастырылды, аудан көлемінде 5 семинар-бриффинг өтті. Жергілікті БАҚ-та осы бағытта 29 мақала жарық көрді.

Елді мекендегі сауданы ұйымдастыру мақсатында «Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы»2016 жылдың 12 шілдесінде Үржар ауданы әкімдігінің № 374 қаулысы қабылданды және әділет органдарынан тіркеуден өтті.

Ауданның барлық білім беру мекемелерінде жалпы құқықтық сипатта 102 іс шара ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылы осы тақырыпта 32 данада баннер жасалып ауылдық округтерге таратылып орналастырылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлық бойынша мәселелер қаралады.

2016 жылы аудан әкімдігі отырыстарында ауданымыздың барлық (10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының осы салада атқарған жұмыстары жайлы есептері тыңдалып өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиянының іске асырылуын сыртқы талдаумен бағалауды жүргізу үшін аудан әкімінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №01-566ө өкімімен арнайы мониторингтік топ құрылды. Мониторингтік топ жұмысының басты мақсаты - Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия орындалуына ішкі анализ және бағалау жұмыстарын жүргізу болып табылады. 2016 жылы 22 желтоқсанда Үржар аудандық мәслихатта «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс шаралар жоспарын бекіту туралы №234 қаулының орындалуы туралы есебі тыңдалды. Халық қалаулылыры тарапынан ескертпелер болмады, орындалған жұмысқа оң баға берілді.

Ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау фактілері тіркелген жоқ.
Аппарат басшысы Н. Қараталов
Жергілікті «Уақыт тынысы/Пульс времени»

газетінің өкілі, тілші З. Турапова

Үржар ауданы әкімі аппаратының

ұйымдастыру бөлімінің басшысы А. Сапорова

Үржар ауданы әкімі аппараты

персоналды басқару бөлімінің

бас маманы А. Сарбасова

Үржар ауданы әкімі аппаратының



заңгерлік және мемлекеттік

құқықтық бөлімнің бас маманы А. Турлиева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет