3. Жаңа дәрі-дәрмектерді іздеу бағыттарын сипаттаңыз.
1.Эмпириялық (грек тілінде empeiria– тәжірибе) жол арқылы. Бұған іріктеу- скрининг жатады.
2. Бағытталған синтез: мысалы, адреналин, норадреналин, витаминдер, простагландиндер синтезделіп алынды.
3.Мақсатты түрде бағытталған синтез «химиялық құрылым-фармакологиялық әсер» тәуелділігін түсінуге бағытталған. Мысал ретінде асқазанның ойық жарасын емдеуде қолданылатын H2 – гистаминдік рецепторлардың тежегіштерін айтуға болады. Сульфаниламидтер, новокаин, ацетилсалицил қышқылы синтезделіп алынды.
4.Компьютерлік моделдеу жолы.
Кванттық механикалық есептеу негізінде дәрілік заттар алынады.
5. Дәрілік заттарды табиғи қордан алу жолы.
Оған жануарлардың, дәрілік өсімдіктердің, минералды тұздардың өнімін алу жатады (инсулин, қалқанша безі гормондарының препараттары, ферменттік препараттар, ас қорытуды реттейтін препараттар).
6. Дәрілік заттарды микроорганизмдерден саңырауқұлақтардан алу (антибиотиктер: пенициллиндер, цефалоспориндер, макролидтер және т.б.).
7. Дәрілік заттар биотехнологияның көмегімен алынады. Бұған жасушалық және гендік инженерия (адам инсулині) әдісі жатады.
2 Тапсырма
Препарат қабыну ауруларында,әртүрлі генезді аллергияда қолданылады, гидрокортизоннан 30 есе күшті, минералокортикоидтық белсенділігі төмен.
1. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз.
Дексаметазон – стереоидты қабынуға қарсы заттар тобына жатады. Синтетикалық глюкокортикостероидтық препарат. Құрамында фторы бар.
2. Препараттың негізгі әсерлерін сипаттаңыз.
қабынуға қарсы,аллергияға қарсы, иммунодепресивті,шокқа қарсы,анальгетикалық әсерлері бар және су-тұз алмасуына минималды түрде әсер етеді.
3. Препараттың жанама әсерлерін сипаттаңыз.
глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, "стероидты" қант диабеті немесе жасырын қант диабетінің манифестациясы, Иценко-Кушинг синдромы, дене салмағының ұлғаюы,ықылық, жүрек айнуы, құсу, тәбеттің артуы немесе төмендеуі, метеоризм, "бауырлық" трансаминазалар белсенділігінің артуы және сілтілік фосфатаза, панкреатит,он екі елі ішектің және асқазанның "стероидты" ойық жарасы, эрозиялы зофагит, асқазан-ішек жолынан қан кетуі және тесілуі,аритмиялар, брадикардия (жүректің тоқтап қалуына дейін), созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің дамуы (бейімді пациенттерде) немесе айқындығының күшеюі, артериялық қысымның көтерілуі,гиперкоагуляция, тромбоз, делирий, бағдардан адасу, эйфория, елестеулер, маниакалдық- депрессиялық психоз, депрессия, паранойя
Достарыңызбен бөлісу: |