1. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз.
Ранитидин
Фармакотерапиялық тобы: Н2- гистамин рецепторларының тежегіштері.
2. Препараттың жанама әсерлерін сипаттаңыз.
- жүрек айну, ауыздың кебуі, іш қату, диарея, іштің ауыруы, сарғаю
- бас ауыру, бас айналу, гипертермия, ұйқышылдық, ұйқысыздық, мазасыздық, үрей, депрессия, жүйкенің тозуы
- гепатоцеллюлярлы, холестатикалық немесе аралас гепатит, жедел панкреатит
- лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, нейтропения, иммундық гемолитикалық және апластикалық анемия
- артериялық қысымның төмендеуі; брадикардия, тахикардия, васкулит, аритмия.
- сананың шатасуы, құлақтың шуылдауы, ашушаңдық, елестеулер, еріктен тыс қимыл-әрекеттер
- көру арқылы қабылдаудың анық болмауы, аккомодация парезі
- артралгия, миалгия
- аллергиялық реакциялар: сирек – ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок, мультиформалы экссудативтік эритема, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит, уытты эпидермалық некролиз, кейде – есекжем, тері бөртпесі, қышыма, бронх түйілуі
3. Терминдерді орыс және ағылшын тілдеріне аударыңыз:
муколитиктер, бронхолитиктер
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Муколитиктер - бронх-өкпе ауруларын емдеуге арналған фармацевтикалық препараттар тобы.
|
Муколитики — группа фармацевтических средств, предназначенных для лечения бронхолегочных заболеваний.
|
Mucolytics — a group of pharmaceutical products intended for the treatment of bronchopulmonary diseases.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |