Жаңа Зеландия және оны қоршаған Кермадек, Чатам\Тынық мұхит,
Австралия, Тасмания, теңізі Веллингтон\, Антипад аралдар осы
флоралық аймаққа кіреді. Жаңа Зеландияда өсімдік және жануарлар
әлемі мезазой эрасынан сақталып, өзгеріссіз келеді. Тауда, тау
етектерінде өсімдік түрлеріне өте бай, эндемді өсімдіктер де
жетерлік. Ашық сулы орман, тау етегінде өсіп тұрған папоротник
түрлері \орляк\, злак, бұршақ тұқымдастарының орнына ірі ағаш
тәріздес бөдене шөп, ағаш тәріздес күрделі тұқымдастар өкілі,
шатырша гүлділер тұқымдастарынан-эндемді өсімдіктер.
Жаңа Зеландия өсімдіктің – 1843 түрі-оның 78% эндем, яғни,
аралдық флора, ең жақын материк Австралияға дейін -1650 км, Оңт.
Америкаға дейін 7700 км. Дегенмен, Жаңа Зеландия өсімдіктері
субантарктикалық Америкамен көптеген өсімдіктері бірдей, ұқсас:
мүктің – 46 түрі, қынаның – 30 түрі, гүлді өсімдіктер: кальцаолария,
фуксия, бөдене шөп, шамшат. Жаңа Зеландия өсімдіктері
Палеотропикалық тармаққа жатқандықтан Австралия өсімдіктеріне
ұқсастық аз: мысалы, эвкалипт, акация, протеин тұқымдасының
өкілі аз, ксанторей, казуарин жоқ. Осы өсімдіктердің жаңа Зеландия
жерінен қазбадан табылғандығы үштік дәуірде Жаңа Зеландия мен
Австралияның
геологиялық
жақындығы
барының
дәлелі.
Субарктикалық Америкамен өсімдіктер арасындағы байланыс,
ұқсастық
ертедегі
антарктида
мезазойда
бір
континент
болғандығының дәлелі – бұлармен қоса Америкамен Африканың
оңтүстік төменгі жағы, Австралия және Жаңа Зеландия. КЕйінірек
Жаңа Зеландия жеріне Панданус, Кокос пальмасы сияқты өсімдіктер
Малезиядан тарай бастады. Жаңа Зеландия басқа материкпен
байланысы болмай жеке дара оқшаулануда болғандықтан өзінің
өсімдігі де, ауысып, таралып келген өсімдіктерде — Жаңа
Зеландия өсімдігі болып қалып қойды. Чатам аралында пальмамен,
ағаш тіріздес папоротниктердің оңтүстік шекарасының таралу
линиясы өтеді. Басқа флоралық облыстармен салыстырғанда Жаңа
Зеландия өсімдіктері халық шаруашылығы, техникалық ролі зор.
Достарыңызбен бөлісу: