Құрлықтың флоралық аудандасуы



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата03.04.2023
өлшемі2,22 Mb.
#173571
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Құрлықтың флоралық аудандасуы



Орындаған: Рахымжанова А.А.
ГГ-31 тобы 
Тексерген: Инкарова Ж.И. 
Құрлықтың флоралық аудандасуы. 


Жоспар: 

Кіріспе 

Голантарктикалық патшалық 

Палеотропикалық патшалық 

Неотропикалық патшалық 

Австралия патшалығы

Аудандастыруға бөлген ғалымдар 

Қорытынды 

Пайдаланылған әдебиеттер 


Кіріспе 
Жердің флоралық жүйесін құру бойынша алғашқы тәжірибелердің бірі Д. 
Скоуға тиесілі. Флоралық жүйені құру кезінде ол белгілі территорияда 
орналасқан әртүрлі деңгейдегі таксондардың эндемиялық дәрежесін негізгі 
критерий ретінде қарастырды. Бұл критерий күні бүгінге дейін өз маңызын 
жойған жоқ. 
Ары қарай біз А. Л. Тахтаджян әзірлеген аудандастыру жүйесін ұстанамыз [2, 
б. 124]. Бұл жүйе бойынша Жер 6 флоралық патшалыққа бөлінген: 
1) Голарктикалық патшалық. 
2) Голантарктикалық патшалық. 
3) Кап патшалығы. 
4) Неотропиктік патшалық. 
5) Палеотропиктік патшалық. 
6) Аустралиялық патшалығы. 
Бұл патшалықтардың ішінде 35 флоралық аймақтар бар. Олардың ішінде 
Голантарктикалық және Палеотропиктік патшалықтар кіші патшалықтарға 
бөлінеді 



Голантарктикалық патшалық. 
Голантарктикалық патшалық бұл салыстырамалы түрде 
кедей 
патшалық
, 11 кіші эндемиктік тұқымдас пен эндемиктік туыстың 
маңызды бөлігінен тұрады. Голантарктикалық патшалық құрамына 
кіретін территориялардың бір-бірінен алшақтығына қарамастан 
(мысалы, Хуан-Фернандес және Отты Жер аралдарын Жаңа 
Зеландиядан үлкен теңіздік кеңістік бөліп жатыр), оның флорасының 
құрамында ортақ туыстар аз емес, сондай-ақ жақын тіпті бірдей 
түрлер де бар. Хуан-Фернандес және қоңыржай Оңтүстік 
Америка 
аралдарының
, Антарктика аралдары мен Жаңа Зеландия, сондай-ақ 
Тасмания мен Оңтүстік Шығыс Австралия және Оңтүстік Африканың 
аралығында көптеген ортақ таксондардың болуы биогеографтарды 
бұрынырақ Оңтүстік жарты шарда қоңыржай флорасының ежелгі 
орталығы болған деген тұжырымға әкеледі.Голантарктикалық 
флораның гүлденуі оңтүстік материк 
Гондвананың бөлігін құрайтын

бұрын ажыраған бөліктері патшалыққа, содан соң бірыңғай құрлыққа 
біріктірілген кезеңге сәйкес келеді. Бор дәуірінің басында 
оңтүстік 
материк - Гондвана болды
, оның оңтүстік қоңыржай және 
субтропикалық зоналарында голарктикалық патшалықпен қатар 
дамыған голантарктикалық флора қалыптасты. 
Геологиялықпен қатар, көрсеткіштермен бірге биогеографиялық 
көрсеткіштер де мынаны көрсетеді: Гондванадан өте ертеректе 
Африка бастап бөлінеді, сондықтан голантарктикалық элемент 
көрінісі Оңтүстік Африкада басқа Оңтүстік жарты шардың қоңыржай 
және субтропиктік аймақтарына қарағанда әлсіз болып келеді. 
Эоценде (45-50 млн. жыл бұрын) солтүстік бағытта 
Австралия шегіне 
бастады
, соның негізінде оның Антарктида арқылы Оңтүстік 
Америкамен 
байланысы 
үзілді. 
Австралия 
Үнді-Антарктида 
көтерілулерінен солтүстікке 15°-қа жылжыған кезеңде, Антарктида 
оңтүстікке қарай 15°-қа жылжыды. Австралия флорасының әрі қарай 
дамуы өз алдына жеке жүрді 
және голантарктикалық элемент
, ең 
алдымен Оңтүстік-Шығыс Австралия мен Тасмания тауларында 
сақталды. Антарктида да қазіргі жағдайға көшті және оның өсімдіктер 
дүниесі өте күшті кедейленді. Патшалықтың қазіргі флорасы маңызды 
эндемизммен (түрлердің 75%-ға дейін) сипатталады. 


Голантарктикалық патшалыққа 4 облыс кіреді – 
Хуан-Фернандес, Чили-
Патагония, Субантарктикалық аралдар облысы және Жаңа Зеландия.
Флоралық 
тұрғыдан 
Чили-Патагония облысы
біршама бай, оған кейбір эндемиктік қылқан 
жапырақтылар тән. 
Оларға астроцедрус
, фицройя, подокарпус түрлерін атауға болады. Биіктігі 40-55 
метрге дейінгі алып фицройя ағашы үнемі ылғалды-мәңгі жасыл ормандардың бірінші қабатында өседі. 
Араукария түрлерінің біреуі эндемик болып табылады. Ірі Оңтүстік шамшат түрінің алуан түрлілігі 
жоғары. Бұл қолайлы гидротермиялық жағдайда биіктігі 40-50 м-ге, діңгегінің диаметрі 1,5-2 метрге 
жететін ірі ағаштар, Анд тауларының баурайы мен жағалаулық оңтүстік бөлігі оңтүстік шамшат 
ормандарымен жабылған. Мәңгі жасылдар түрінің басымдығы тән. Алайда жапырақтылар да кездеседі. 
Оңтүстік шамшаттың барлығы 40 түрі 
бар деп есептеледі
, олардың жартысына жуығы жаңа Гвинея мен 
жаңа Каледонияда, ал қалғандары-Австралия және Антарктида патшалықтарында өседі. Принглея 
туысының бір түрі - капуста тұқымдасынан кергелан капустасының ареалы субантарктикалық мұхиттық 
аралдарды 
қамтиды. 
Бұл 
тұқымдастың 
қарапайым 
түрлерінің 
бірі. 
Жаңа 
Зеландия облысының
флорасы ерекше. Эндемиктік тұқымдастар жоқ. Бірақ 50 эндемиктік түрлер 
бар, Жаңа Зеландия қылқанжапырақтыларының флорасында 100%-ға жететін түр эндемизмі жоғары. 
Олардың арасында эндемиктік түр араукарийді (
Araucaria heterophulla), 
сондай-ақ агатисті (каури ағашын) 
атап өтуге болады. Агатис (араукария тұқымдасынан ) – Солтүстік аралдағы ойпаңды жер 
ормандарының негізгі орманын түзетін өте ірі қуатты ағаш. Жаңа Зеландияның гүлді өсімдіктер 
флорасы жоғарғы түр эндемизмінен сипатталады (80%-дан кем емес). 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет