Кесте 1 - Ақпараттық құзыреттілікті дамытудың өлшемдері мен көрсеткіштері
Өлшемдері
Көрсеткіш-тері
Мотивациялық
Когнитивтік
Қызметтік
Бағалаушы
Жалпы
Ақпараттық
технологияларға
қызығушылығы
Ақпараттық
технологиялардың
аппараттық және
бағдарламалық
құралдары туралы
жалпы
мәліметтерді білуі
Ақпараттық
технологиялардың
аппараттық
және
бағдарламалық
құралдарын қолдана
алу білігі
Ақпараттық
технология
аумағындағы
өзінің
сапалары
мен мүмкіндікте-
рін бағалай алуы
Арнайы
Кәсіби қызметінде
ақпараттық
технологияларды
қолданудың
қажеттілігін сезіну
Педагогикалық
процесте
ақпараттық
технологияның
мүмкіндіктерін
қолдану
туралы
білімдерінің болуы
Білім
беру
мақсатында
ақпараттық
технология
құралдарын таңдай
алу және қолдану
білігі
Өзіндік
талдау
негізінде оқытуда
ақпараттық
технологияны
пайдалану
аумағындағы
білім,
білік,
дағдыларын
жетілдіру
Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік оқыту ресурстары мен технологияларына
тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында оқу орындарына электрондық оқыту жүйесі енгізілген
болатын. Электрондық оқыту жағдайында жұмыстану үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің, соның
ішінде ақпараттық құзыреттілігінің жоғары деңгейде болуы қажет. Болашақ мамандардың өмір бойы
оқуға, ізденуге дағдылануы, цифрлы білім беру контентімен жұмыстануы және жасақтауы, жаңа
техника мен технологияларды меңгеруі, өз білімін жетілдіруі, қосымша білім алуы үшін ақпараттық
құзыреттілігі болуы тиіс.
Электрондық оқыту жағдайында колледж түлектеріне білім беру контентімен тиімді жұмыстануға,
жеке портфолиосын жасақтауға, мектептегі байқау, дипломалды практикаларына қажетті құжаттамалар
даярлай отырып, ақпараттық коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалануға жағдай жасалған. Оған
қол жеткізу үшін колледжде ақпараттық оқыту ортасы жасақталған.
Ақпараттық оқыту ортасында 267 компьютер (оның ішінде 30 нетбук, 16 ноутбук, 3 iPad, 1
ультробук, 58 моноблок), 6 интерактивтік тақта, ActivTablet, Activout интерактивтік құрал-
жабдықтары, 19 EIKI, Epson интерактивтік проекторлары, 14 мультимедиядық проекторлар, 10
жылжымалы экран, 2 сенсорлық дисплей, 1 мультимедиялық подиум, 1 қазақ, орыс тілдерінде физика,
химия, биология пәндерінен «Eureka» интерактивтік кешенімен жабдықталған 3D трибуна, Color Qube
түрлі-түсті, Work Centre көп функционалды мини-типографиялары, 18 басып шығару құрылғылары,
ламинаттау, переплет жасау, түптеу құрылғылары, 9 теледидар, 2 DVD, 1 сенсорлық киоск оқу-тәрбие
үрдісінде қолданылуда. Компьютер кластары Wi-Fi локальдық, сымсыз желілерге қосылған. Колледж
ғимаратында 4 жерде (№36, 3, 25, қабылдау бөлмесі) Wi-Fi желісіне қатынас құру нүктелері
орналасқан, бұл студенттер мен оқытушыларға кез-келген кабинетте отырып, интернет желісіне
қатынас құру мүмкіндігін береді. Үш тілділікті енгізу мақсатында 3 лингофон кабинеті оқу үрдісінде
қолданылуда.
Болашақ маманның ақпараттық-оқыту ортасында ақпараттық құзыреттілігін дамытудың 3
деңгейі анықталған:
ақпараттық – ақпаратпен жұмыс жасау тәсілдерін білуі, ақпараттық технологияларға
қызығушылығы;
технологиялық – кәсіби қызметінде ақпараттық білімі мен білігін қолдана білуі, мәліметтерді
өңдеуде программалық және аппараттық құралдарды таңдай білуі;
нәтижелілік – жаңа педагогикалық ақпараттық өнімдер жасақтауы (электрондық оқулық,
электрондық-әдістемелік жүйе, оқу құралы, оқу-әдістемелік кешен, білім контенттері, педагогикалық
жобалар, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспарлары т.б.).
Сабақта құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар, педагогикалық жағдаяттар, көрнекіліктер,
мультимедия құрылғыларын, Интернет-қорларды қолдану, ақпараттық технологиялардың көмегімен
шығармашылық жобалар құру болашақ маманның ақпараттық құзыреттілігін арттыруға әсер ететін
негізгі педагогикалық шарттар болып табылады.
Колледжде 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алушы
студенттер, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері бірнеше пәннің теориясы мен әдістемесін меңгеруі,
дәріс беретін пәні аумағында, сол пәнді меңгерту үрдісіне талдау жүргізуге, ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып оқушыларға пән мазмұнын тиімді меңгертудің сапалы болуына
қабілеттілігі болуы қажет. Бастауыш мектептегі негізгі пәндердің бірі математика болып табылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне математика пәнінің теориясы мен әдістемесін меңгерту
үрдісінде \\ автор п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалина // «Бастауыш класта математиканы оқыту
әдістемесі» пәнінен электрондық-әдістемелік жүйесі, 1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен
электрондық оқулықтар пайданылады.
«Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі» электрондық-әдістемелік жүйесі –
оқытуды ұйымдастырудың мақсаттылық, мазмұндылық, іс-әрекеттілік, нәтижелік бағалау
компоненттері мен құрылымдандырылған пәнаралық байланыста құрылған ашық қор. ЭӘЖ
құрастырудағы педагогикалық технологияның негізі – модульдік технология.
Ашық жүйе түсінігіне пәндік білімдер, педагогикалық тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі,
оқытушы мен оқушының өзінің әдістемелік тәжірибесіне байланысты қосымша қоса алатын тестілер
кіреді. Тестілер арқылы білім алушы өзін-өзі бақылай, бағалай алады. Тапсырмаларға анықтамалық
материалдар берілген, бұл материалдар арқылы студенттер өзін-өзі тексере алады.
Бұл ашық, дамыту жүйесі педагогика, психология, математиканың теориялық негіздері мен
бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі пәндерінің интеграциялық байланысында құрылған.
Бұл жүйе төрт модульдерден «Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі», «Шамаларды оқыту
әдістемесі», «Алгебралық ұғымдарды оқыту әдістемесі», «Геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі»
құралады.
«Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі» cандарды оқу, жазу және салыстыру, сандарға
арифметикалық амалдар қолдану, үлес, санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, мәтінді есептермен
жұмыс әдістемелерін қамтиды (сурет 1).
Білімді меңгерту барысында білім алушыны оқыту емес, қалай оқу керектігіне үйрету, білімді
меңгерудегі оның қажетті ақпаратты дұрыс таңдай алу, ақпаратпен тиімді жұмыстану, талдай алу,
түрлендіру қабілеттерінің артуына жағдай жасау қажет.
Гипермәтін және интерактивті тапсырмалар бастапқы математикалық құрылымдардың
құрастыру жолы арқылы, олардың бастауыш математика оқулықтардың мазмұнымен, монографиялар,
түрлі теориялық тұжырымдамалар бар ғылыми мақалалармен, бастауыш сынып мұғалімдеріне
арналған оқу құралдары, дидактикалық тапсырмалар мен компьютерлік математикалық ойындармен
қанығу арқасында ядро идеяларын меңгеруді қамтамасыз етеді. Модульдің мазмұнына байланысты
идеяда үлкен немесе кіші үлес салмағы болуы мүмкін. Тест тапсырмалары модульдің мазмұнына
сәйкес құрастырылған.
Сурет 1 - «Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі» модулі
ЭӘЖ
құрамындағы
интерактивтік
тапсырмалармен
қатар
берілген
құзыреттілікті
қалыптастыруға арналған тапсырмалар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математика пәніне
деген танымдық қызығушылықтарын қалыптастырып, ауызша сөйлеуін дамытып, эвристикалық
қызметтің тәсілдеріне үйретіп, негізгі математикалық ұғымдар туралы түсініктерін, ойлаудың әр түрлі
тәсілдерін қалыптастырады.
ЭӘЖ-нің әр модулі мен гипермәтін мазмұнына сәйкес жүйелі берілген тапсырмалар болашақ
бастауыш сыныптың математика пәні мұғалімдерін даярлауда бойларында кілттік құзыреттіліктерді,
соның ішінде ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға көмектесіп, олардың математикалық
сауаттылығының артуына көп ықпалын тигізеді.
Болашақ бастауыш сыныптың мұғалімдерінің бойында ақпараттық құзыреттілікті тиімді
дамытудың мақсатында келесі педагогикалық шарттарды іске асыру қажет:
- оқытудың барлық кезеңінде оқу-танымдық қызметтің ақпараттық жасаушысын көкейтесті ету;
- студентті ақпарат алу, сақтау, өңдеу және жіберумен байланысты арнайы ұйымдастырылған,
дамытушы, оқу-танымдық қызметке кірістіру;
- оқу-танымдық қызметтегі ақпараттық кеңістіктегі студенттің субъективті ұстанымын
қамтамасыз ету.
Ақпараттық құзыреттілігі дамыған колледж түлегі ақпараттандыру және ақпараттық
технологиялар құралдарын педагогикалық қызметінде пайдалануға, білім беруді ақпараттандыру
бағдарламалары негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра алуға, кәсіби қызметінде ақпараттық
технологиялар құралдарын қолдануға, аудио, электрондық дидактикалық және педагогикалық
бағдарламалық құралдарды жасақтауға, инновациялық педагогикалық технологияларды жасақтап,
енгізуге, ақпараттық технологиялар базасында әдістемелік жүйелерді дамытуға әзір болуы тиіс.
Білім, білік, дағдылардың, қалыптасқан негізгі құзыреттіліктердің, әлеуметтік дағдылардың
негізінде тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді
пайдалануға дайындығынан көрінетін құзырет - білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады.
Оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу өзбетіндік жұмыс кезінде танымдық қызметке
ынталандырып, оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға, ақпараттық қоғам жағдайында бәсекеге қабілетті,
болашақ ақпараттық құзыретті мамандар даярлау міндетін жүктеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |