Құрметті ата аналар ! Сәбидің балабақшадағы қадамы



Дата20.05.2020
өлшемі14,06 Kb.
#69943
Байланысты:
Адаптация


Құрметті ата – аналар !

Сәбидің балабақшадағы қадамы

ата – анасы және бала үшін елеулі өзгеріс. Осы күннен бастап анасы

бауырында мәпелеп күткен баланың өмірінде басқаша өзгерістер болады, сәби үшін бөтен балалармен және үлкендермен кездесу, ата – анасынан айырылысу өте ауыр. Баланың жаңа ортаға бейімделу (адаптация ) кезеңі оның денсаулығына және ата – анасының балабақшаға дайындалуына байланысты.

Адаптация кезеңі әр бала үшін түрлі уақытта өтеді. Кей баланың дене қызуы көтерілуі, ұйқысы қашып, тәбеті болмай беймазалануы мүмкін.
Адаптация кезеңіне баланы

үйде қалай дайындау керек.


1. Баланың мәдени гигиеналық дағдыларын үйде үйретіп,қалыптастыру керек.

2.Өз бетімен таза және ұқыпты тамақтана білуге үйретіңіз.

3.Қасық ,кесе, сүлгілерді ,бет орамалды дұрыс және орынды қолдану.

4.Уақытында дәретханаға сұрану.

5.Бақшаға келер алдында үй режимін балабақшаға күн тәртібіне жақындату керек.

6.Балаңыздың әдет, мінез құлқындағы өзгешеліктермен, еркелеткен атымен тәрбиешіні таныстырыңыз.

Ата – аналар кодексі

1.Бала сенікі емес, құдайдікі.

2.Біреудің баласын өз балаңдай көр.

3.Өз балаң қанша қабілетсіз болса,болмысына риза ,

тіл табыс, сыйла, қуант өйткені, балаң өміріңнің жаласы.

4.Балаңды өнерлі болсын десең , ұстаға қос.

5.Баланың қуанышын бөлісіп, балаға бақыт бере біл.

6.Қылауменен қар өсер, сылауменен бала өсер.

7.Баланың әуестенген жұмысын күшпен, дөрекілікпен қойғызба,сабырлықпен, ақылмен көз жеткізіп қойғыз.

8.Бала мен ақылдасып мәселені бірлесе отырып шеш.

9.Ата – ананың ақылы-қазулы қара жолмен тең.

10.Әке –шешенің өтірігі-бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде сол өтірікті бала да айтады.

11.Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды.

12.Адамның мінезін тәрбиелеуге болмайды деген адамның тілін кесер едім.

13.Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей, сапар шекпес.

14.Ата – ана тәрбиесінің даналығы болмаған кезде ана мен әкенің балаға деген сүйіспеншілігінің өзі оларды жарымжан етеді.



15.Кітапсыз үй – саңылаусыз күй.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет