ЖІГІТ СҰЛТАНЫ
Құрметті ата - аналар , балалар және қонақтар !
Береке де осында,
Мереке де осында.
Болып жатыр той-думан,
Қырандардың қасында ,-
дей келе , ортаңғы топ ұлдары арасында өткізгелі тұрған «Жігіт сұлтаны» сайысын ашық деп жариялаймыз .
Асқақтаған ән дайын ,
Күмбірлеген күй дайын .
Ал , қанекей қырандар !
Босқа қарап тұрмаңдар .
Бастап жігіт өнерін ,
Алыстарға самғаңдар , -
деп сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алайық .
Сайысымыздың жоспарымен таныстыру:
І . «Мен қазақтың ұлымын» таныстыру .
ІІ . «Өнерлінің өрісі кең» өнер көрсету .
ІІІ . «Адам көркі-шүберек» сән көрсетілімі .
ІV . Қорытынды .
Келді міне , бүгін сыналуға ,
Сын алып үлкендерден үлгі алуға .
Салты бар өнерлі осы ортада ,
Берер деп әділқазы әділ баға .
Әділқазы алқасымен таныстыру .
Сайыскерлер өз номерлерін анықтау .
Беташарын сайысымыздың бастайық ,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық .
Сайыскерлер таныстырып өздерін ,
Білгірлерді ду қол соғып қостайық .
Таныстыру .
Той пердесін ашайық ,
Тойға шашу шашайық .
Қонақтарды құрметтеп ,
Би қимылын жасайық .
Би: «Қазақша».
Ал , кімнің өнері бар қаншалықты ,
Би билеп , ал біреуі ән салыпты .
«Өнерлінің өрісі кең» байқауында ,
Қол соғып , барша халық тамсаныпты .
Өнер көрсету .
Мың бұралып би билеп ,
Шығамыз біз ортаға .
Бүгінгі той тамаша ,
Қуанамыз балаша .
Жаңылтпаш айту .
Білім оймен арымыз ,
Рухани нәріміз .
Сайыскерлер сіздерге ,
Қол соғамыз бәріміз .
Сән көрсетілімі .
Құлақтан кіріп бойды алар ,
Әсем ән мен тәтті күй .
Көңілге түрлі ой салар ,
Әнді сүйсең менше сүй .
Ән: «Айгөлек» .
Ат өнері білінбес ,
Бәйгеге түсіп жарыспай .
Ер өнері білінбес ,
Қоян-қолтық алыспай .
Мың бұралып би билеп ,
Ән де салып береміз .
Осылайша шаттықпен ,
Біздер өсіп келеміз .
Әділқазы ларға сөз . Марапаттау .
Қорытынды :
Бүгін міне , оң болып әр сөзіміз ,
Жоғары боп күш-жігер намысымыз .
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық сайысымыз .
Қымбатты бүлдіршіндер жеңістеріңіз құтты болсын , биіктерден көріне беріңіздер .
Достарыңызбен бөлісу: |