Құрметті қауым! Ардақты ағайын!



бет1/21
Дата12.10.2020
өлшемі197,5 Kb.
#68432
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Жамбыл облысының әкімі

Қ.А.Бозымбаевтың халыққа есеп

беру кездесуінде сөйлеген сөзі

Құрметті қауым!

Ардақты ағайын!

Ел өмірінде әрбір өткен жылдың өз тарихы болады.

Бұл қоғам мен мемлекеттің өсіп, өркендеуімен есте қалады. Халық игілігі үшін атқарылған жасампаздық істерден бастау алады.
Біз жылдан-жылға жаңарып, жаңғырып келеміз.

Тәуелсіз Қазақстанның әр жылы – бұл жаңа тарихымыздың тұтас дәуірі.

Біз үшін өткен жыл – нақ осындай кезең болды.
Астанада 56 (елу алты) елдің басшылары мен халықаралық беделді ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – ел абыройының айшықты көрінісі.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті еліміз ғана емес, әлем халқы үшін де елеулі оқиға болды.

Бұл – Қазақстан үшін саяси және тарихи жетістік, биік мәртебе.
Біздің еліміз қысқы Азия ойындарын жоғарғы деңгейде өткізуі арқылы дамыған мемлекет екенін әлемге таныта білді.

Қазақстан мұндай халықаралық табысқа Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ірі саяси және кемеңгер басшылығы арқасында қол жеткізгенін мақтанышпен айта аламыз.


Қадірлі қауым!

Қазақстан мемлeкеті өзінің алдында үлкен мақсаттар қойып, оны орындап келеді.

Сол арқылы қарыштап даму жолында зор табыстарға қол жеткізуде.

Мәселен, өткен жылы индустриялдық-инновациялық бағдарлама қолға алынды. Ел экономикасын екі есеге көтеретін нақты қадам жасалды.


Республикада жаңадан 152 нысан іске қосылды. Жергілікті жерлерде 800-ден астам нысан пайдалануға берілді.
Бүгінде Қазақстан сенімді өсу қарқынына ие болды.

Дамудың нақты қадамдары Елбасының биылғы Жолдауында ерекше айтылды.

Біз болашақтың іргетасын бірге қалаймыз!

Биылдан бастап білім беру, денсаулық сақтау және тілді дамытудың он жылдық бағдарламасы жүзеге асырылады.

Бұл әлеуметтік саланың басым бағыты болып табылады.
Жамбыл облысында қолға алынатын жұмыстар осы міндеттерден тұрады.
Сонымен, бүгін, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы айтылады.

Жетістіктерімізді де айтамыз, алдағы жоспарды бірге талқылайтын боламыз.

Біз үшін жаңа ізденіспен, батыл қадаммен жұмыс істеу – негізгі мәселе.

Ал, халық әлеуметтік-экономикалық, рухани саладағы жақсы өзгерістерді өз өмірінен анық сезінуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет