Құрметті Досым!
Біздің Армандар картасы сенің мақсаттарыңның
трамплині болғанына біз өте құаныштымыз. Бұл жай қана
суреттер ғана емес, бұл – сенің жарқын болашағыңның
макеті! Және ол дәл осы сәттен басталады!Алайда ең басты
шартты есіңе сақта:
СЕН+ АРМАНДАР+ СЕНІМ+ ӘРЕКЕТ=
ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ БОЛАШАҚ!
Бәрі өз қолыңда! Сенің қолынңан бәрі келеді! Ал бұл
мақсаттар картасы саған және ой-санаң үшін бағдар
болатынына кәміл сенеміз!
Алғашқы қадамың құтты болсын!
«Мың шақырымдық жол бір қадамнан басталады» деген
сөз бар.
Іске сәт! Өзіңе сен, арманыңа сен! Сенің жасыңның,
жағдайыңның еш маңызы жоқ, тек сен шын қаласаң,
армандарыңның орындалуынатдүниенің әр бөлшегі
көмектесуге дайын екендігін ұмытпағайсын.
Сіз білесіз бе, егер кез келген адам дұрыс армандай
білсе, ол өзінің арманына қол жеткізе алады екен. Армандар
орындалады. Оған шүбәңіз болмасын. Бірақ қолыңызда
негізгі құралыңыз болу керек. Ол құралдың аты – «сенім».
Егер сенім болмаса, онда төмендегі мен айтқалы отырған
әдіс-тәсілдерді жасау – бос әурешілік деп біліңіз. Мен
сіздерге армандардың орындалуының құпиясын ашпақпын.
Бір мақалаға осы тәсілдердің бас-аяғын жинақтап беріп
отырмын. Бұл туралы естіп-біліп жүрсе де, сенімсіздікпен
қарап, мән бермей жүрген және де осы тақырыптан мүлде
хабарсыз қаншама жандар бар екені белгілі. Сондай
адамдарға әрі кеңес, әрі көмек болсын деп жазып отырмын.
Меніңше, мұны кез келген адам білгені жөн.
Жалпы, арман әр түрлі болады. Оны қисынды немесе
қисынсыз деп бөліп көрейік. «Жұлдыз болсам», «танымал
болсам», «лауазымды бастық болсам», «көлік алсам», «кең
сарайдай үйім болса» деген арман-тілектер бар. Осы
арманды мақсат тұтып, соған қарай жұмыс істей білсе,
олардың орындалу мүмкіндігі бар немесе жоғары. Ал енді
«құс секілді ұша алсам», «бір мезгілде бірнеше жерде бола
алсам», «көрінбейтін адамға айналып кетсем», «бір күнде
бір елдің президенді атансам» деген миға сыйымсыз ойлар
да бар. Күлмеңіз, әлемде осылай армандайтын жандар да
өмір сүреді. Бұл енді арман емес, жай ғана бос қиял. «Әр
кәллада бір қиял» деген осы емес пе?! Әркім әр түрлі
армандайды, әр түрлі ойлайды, әр түрлі пайымдайды. Десек
те, мен жоғарыда айтып кеткен қисынды армандардың ғана
орындалу мүмкіндігі бар. Себебі, олар шынайы.
Адам арманының орындалу техникасының үш түрлі
жолы бар: көзге елестету, ауызша қайталау, қағазға жазу.
Енді осының әрқайсысына жеке тоқталайық.
1) Елестету. Әдебиеттерде «визуализация» деп береді.
Қарапайым қазақ тіліне салып айтқанда, көз алдына
елестете отырып қиялдау. Бұл жердегі негізгі құрал –
адамның ойы, санасы. Біле білсеңіздер, ой – ең қүшті, ең
қуатты энергия. Тіпті, ой арқылы адам өз өмірін де өзгерте
алады. Басыңызда берік ұстанған тұрақты ойлар ғана
өміріңізден орын ала алады. Айта кететін тағы бір жайт –
жақсы ойларға қарағанда жаман ойлар тез орындалады екен.
Себебі, негативті ойлар көбіне эмоциямен, қатты ашумен
айтылатын болғандықтан, оған көбірек энергия жұмсалады
екен де, олар тез орындалғыш қасиетке ие екен. Сондықтан,
мүмкіндігінше, тек жақсы ойларды ғана ойлау керек.
Визуализация тәсіліне қайта оралайық. Күнделікті
таңертең ұйқыдан оянған бойда төсектен тұрмастан
көзіңізді жұмып, арманыңыз орындалған күнді елестетіңіз.
Шын ниетпен, көтеріңкі көңіл-күймен, жақсы эмоциямен
ойланыңыз. Шынымен сол күн, сол сәт туды делік. Сонда
сіз қандай сезімде боласыз? Әрине, қатты қуанасыз,
қобалжисыз, бәлкім, қуаныштан көзіңізден жас та аларсыз.
Көзіңізді жұмып жатып, арманыңызды елестете отырып, дәл
осы сезімдерді өз бойыңыздан өткеріңіз. Сіз сол ситуацияға
еніп, сол оқиғаның ішінде жүруге тиіссіз. Дәл кинолента
сияқты бәрі де көз алдыңыздан өтіп жатуы тиіс. Мысалы, сіз
көлік алуды армандап жүрсіз делік. Сіз осы сәтті қалай
елестетесіз? Міне, сіз «Toyota» маркалы көліктің рөлінде
отырсыз, қуаныштан бет-жүзіңіз бал-бұл жануда.
Көліктің түсі – қызыл. Себебі, бұл сіздің сүйікті түсіңіз.
Міне, құрбыңызға, досыңызға, анаңызға т.б. телефон
шалып, көлік алғаныңызды хабарлап жатырсыз. Өз
фантазияңызға ерік бере отырып, осылайша жалғастыра
беруге болады. Мүмкіндігінше, бәріне егжей-тегжейлі мән
бергеніңіз жөн. Осы жаттығуды түнгі ұйқы алдында тағы
бір қайталайсыз.
Әйгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бір сөзінде: «Мен
бала кезімде сахнаға шығуды армандайтынмын.
«Тұрсынбек Қабатов» деп хабарласа, мен сахнаға шықсам,
көрермендер қол шапалақтап, қарсы алса» деп
елестететінмін. Міне, сол тілегім орындалып, қазір сіздердің
алдарыңызға шығып тұрмын. Сондықтан, армандаңыздар,
ағайын!» деген болатын.
2) Қайталау. Бұл - аффирмациялар. Аффирмация
дегеніміз – күнделікті қайталануға тиісті бір немесе екі
сөйлемнен тұратын қысқа фразалар. Бұл фразаларды кез
келген уақытта, тіпті, шәй үстінде де, көлікте кетіп бара
жатып та, ванна қабылдап жатып та, яғни мүмкіндігінше
жиірек қайталай берген дұрыс. Ал егер ерініп жатсаңыз,
таңертең және кешке ғана қайталасаңыз болады. Көпшілік
жерде іштей, ал оңашада дауыстап айтқан дұрыс. Немесе
диктофонға жазып қойып, тыңдап ия қағазға жазып қойып,
оқып жүруге болады. Дайын аффирмацияларды алуға
немесе өзіңіз құрастыруға болады. Мысалы, мынадай
қарапайым аффирмациялар бар: «Мен – бақыттымын,
баймын, денім сау»; «Мен – әрдайым өз-өзіме сенімдімін»;
«Менің өмірім махаббатқа толы»; «Мен – көріктімін,
сұлумын»; «Менің кірісім күннен күнге өсуде» т.т.
Аффирмацияларды өз-өзіңізді, ішкі түйсігіңізді сендіре,
көндіре және көңілдендіре отырып айту керек. Егер өзіңіз
құрастыратын болсаңыз, оның төмендегідей ережелерін
білсеңіз болғаны.
а) мүмкіндігінше айтуға жеңіл, әрі қарапайым және
нақты болғаны дұрыс. Көп сөзді немесе ұзақ
аффирмациялар сізді шатастыруы мүмкін. Кейде тіпті
шаршатуы да мүмкін. Себебі, бұл бір күн айтылып қоя
салатын нәрсе емес. Аффирмациялар үнемі, күнде, ретімен
үзбей қайталанып айтылуы тиіс. Бұған үлкен шыдамдылық
керек.
ә) аффирмациялар бірінші жақтан айтылуы тиіс.
Мысалы, «мен», «менің», «маған» деген секілді.
б) ішкі қарсылық. Сіз аффирмацияларды айтып тұрып,
іштей «олай болуы мүмкін емес-ау», «әй, қайдам» деп
күмәнданатын болсаңыз, онда еңбегіңіздің еш кеткені деп
есептей беріңіз. Аффирмацияларды айтқанда сергектікті
сезінуіңіз керек, сол айтып, қайталап жатқан сөздеріңізден
қуат ала білуіңіз керек. Яғни, көтеріңкі, позитивті
көңілкүйде болуыңыз шарт. Басқа ойлардан аулақ болып,
нық сеніммен айтыңыз. Бұл – өте маңызды.
Бұл тәсілдегі негізгі құрал – сөз. «Жақсы сөз – жарым
ырыс» деп бекер айтпаған. Аффирмациялар адамдағы
қалыптасқан көзқарасты өзгертіп, ішкі сана-сезімнің
позитивті, оң қалыпқа түсуіне көмектеседі. Сенсеңіздер,
американдық психолог, жазушы, 30-ға жуық кітаптың
авторы Луиза Хей аффирмациялардың көмегімен рак
ауруынан жазылған. Сондықтан, аффирмациялардың адам
өмірін өзгертуге зор мүмкіндік жасай алатынына күмәніңіз
болмасын.
3) Жазу немесе қағаз-қаламмен жұмыс. Егер адам ішкі
арман-тілегін қағазға түсірсе, оның орындалу процесі
жылдам іске асады. Қағазға түсірудің бірнеше түрі бар.
Соның бірі –
Достарыңызбен бөлісу: |