Құрметті әріптестер, оқытушылар мен қызметкерлер, Академия магистранттары мен докторанттары!
Бүгін біз – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында жиналып отырмыз. Қазақстанның 21 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері оның есімімен тығыз байланысты.
Біздің еліміз – экономикасы мен ішкі саяси жағдайы тұрақты және қарқынды дамитын сыртқы саясатымен Орталық Азия және посткеңестік өңірдің жетекші мемлекеттерінің біріне айналып отыр. Елдің Тұңғыш Президенті жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуында маңызды орын алады. Сондықтан алғаш рет аталып өтетін Тұңғыш Президент Күні – біздің бәріміз үшін ерекше мереке.
Тәуелсіздік жылдары оның басшылығымен Қазақстан экономиканы дамыту мен әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда орасан зор нәтижелерге қол жеткізді. Бұлар – зейнетақыны көтеру, білім, денсаулық сақтау шығындарын көбейту, мектептер мен ауруханалар салу, тұрғын үй қорын көбейту, елдің ең басты жетістігі – елдегі бейбітшілік пен келісім. Президенттің ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ядросыз бейбіт өмірге жол ашудағы үлесін бүкіл әлем мойындап отыр.
Мемлекеттік қызметті реформалау, мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделін құру да – Елбасының бастамасы. 28 қарашада барлық деңгейдегі әкімдермен өткен мәжілісте Президент мемлекеттік қызметті жаңғырту, «А» корпусына іріктеуді жетілдіру, халықтың арман-мүддесіне жақын болу қажеттігін тағы да атап өтті.
29 қарашада Сенат «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын қабылдады. Академия атынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұжымын және Сізді, Әлихан Мұхамедияұлы, осы маңызды жетістікпен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Осы тұрғыда Академияның міндеті – мемлекет қоятын талаптарды орындайтын жоғары кәсіби білікті кадрларды даярлау.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында сіздерге қол жеткізілген негізгі және маңызды нәтижелер жөнінде айтқым келеді.
Осы бағытта Академияда біраз жұмыстар атқарылып жатыр.
Ерекше айтып кететін жайт, Академия өз қызметінде отансүйгіштікке, азаматтыққа, жоғары жауаптылыққа баулитын тәрбиелеу компоненттерін күшейтуде. Осы мақсатта Академияның ХДП «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының жұмысы күшейтілді, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында біздің бастауыш ұйымының қатары 100-дей адаммен толықты, оның ішінде Академияның магистранттары мен қызметкерлері де бар.
Осы жылы Тұңғыш Президент Күні ресми түрде мереке күні болып жарияланғаннан кейін Академияда Тұңғыш Президент күніне сәйкес кешенді іс-шаралар басталды. Біз 1 қараша күнін магистранттарды қабылдауға арнадық. Одан кейін, Академияда бір ай ішінде еліміздің көрнекті және атақты тұлғаларымен: Парламент Мәжілісі депуттаттары Қуаныш Сұлтановпен, Камал Бурхановпен және Абай Тасболатовпен, ҚР Конститутциялық Кеңес төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Роговпен, Конституциялық Кеңес мүшесі, профессор Виктор Малиновскиймен қонақ дәрістері өткізілді. Тұңғыш Президент Күнін тойлауға бастамашы болған сенатор Анатолий Башмаковпен, беделді саясаткер Нұрлан Ерімбетовпен, сонымен қатар шетел сарапшылары: Түркия Жоғарғы Сотының судьясы Сами Сезаймен, мемлекеттік сектор мәселелері бойынша бас мамандармен және Дүниежүзілік Банк бағыттарының басшысы Амит Мукерджимен және т.б. тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылды.
«Тәуелсіздік. Ұлт Көшбасшысы. Ұлттық бірлік», «Ұлт көшбасшысының қазақстандық қоғамды әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудағы рөлі», «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың бағыты ретінде» және Ресей, Беларуссия және Қазақстан өкілдерінің қатысуымен «Кеден одағы: ықтимал тәуекелдер мен перспективалар» атты дөңгелек үстелдер өткізілді.
Іс-шаралардың эстафетасын шетелдік тағылымдама шеңберінде магистранттар жалғастырды. Барлығы бір ай ішінде Академия оқыту бағдарламасы шеңберінде әлемнің жетекші оқу орындарына 94 магистрантты жіберді, оның ішінде Кембридж университетіне (Англия) – 10, Корольдік мемлекеттік басқару мектебіне (ROI, Нидерланды) – 30, Вена дипломатиялық академиясына (Австрия) – 7, Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясына – 15 адам, TODAIE (Түркия) –12, Адилет Академиясы (Түркия) – 20 адам жіберілді. Барлық осы жоғары оқу орындарында Қазақстан Күндері болып өтті, онда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси салаларындағы жетістіктері таныстырылды, бұл ретте олардың барлығы біздің еліміздің Бірінші Президенті, ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың атымен байланысты екендігі атап өтілді.
Академияның оқытушылары Бірінші Президент Күніне арналған іс-шаралар шеңберінде «Бірінші Назарбаев оқулары «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» халықаралық форумына, «Н.Назарбаевтың феномені және Қазақстанның жасампаздығы» конференциясына, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген мәжілісіне, Мемлекет Басшысының жолдауын және оның Қазақстан дамуына ықпалын талқылауға қатысты. Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы «Н. Назарбаев. Бейбітшілік, ұлттық бірлік және қоғамдық келісім идеясы» атты ғылыми шолу жасады. Н.Т.Төленбергенова «Қазақстан Республикасының Президенті: мемлекеттік протокол мәселелері» тақырыбына ашық сабақ өткізді,
Н.П. Калашникованың бірлескен авторлықта «Қазақстандық магнитка: Уақыт. Адамдар. Тағдырлар» атты кітабының тұсауы кесілді.
Мерекелік күнді атап өту шеңберінде Магистранттар Бірінші Президент Мұражайына, ҚР Президенттік мәдениет орталығына, ҚР Сыртқы істер министрлігінің мұражайына, «Қазақстанның Бірінші Президенті – Ұлт көшбасшысы», «Н. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі» атты кітаптар көрмесіне барды, «Мықты көшбасшы – мықты ел» электрондық көрмесімен танысты, МСҰМ магистранттары «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» презентациясын дайындады.
Бұдан өзге, бір ай ішінде волейбол, футбол және тағы да 5 эстафеталар бойынша спорттық іс-шаралар өткізілді. Бүгін осы залда жеңімпаздарды марапаттау болады. Осы шараларға 300-ден астам ұстаздар, қызметкерлер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Біздің мақсатымыз – Академияны білім беру мен ғылым саласында кең спектрлі қызметтер мен мүмкіндіктерді беретін Еуразия өңірінің мемлекеттік басқару ұлттық академиялары мен мектептерінің өңірлік орталығына айналдыру.
Біздің ойымызша, барлық жоғарыда айтылған шаралар Академияны Еуразия мен әлемдегі мемлекеттік басқарудың жетекші мектептерінің біріне айналдыруға мүмкіндік беруі тиіс.
Академияның, ол үшін жақсы негіз және нақты тексерілген дамыту стратегиясы, жаңа белестерді бағындыруға және алға қойылған нәтижелерге қол жеткізу үшін жігері мен тілегі жеткілікті.
Біз одан әрі Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті, ұлт көшбасшысының мемлекеттік басқару кадрларын даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдіру ісінде қойылған тапсырмаларын орындауға күш жұмсаймыз.
Құрметті әріптестер! Баршаңызды Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Күнімен шын жүректен құттықтаймын және біздің Президентіміз, Елбасы, аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық, отбасы бақытын, тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен өсіп-өркендеуі үшін жаңа жетістіктерге қол жеткізуіне тілектестік білдіруге рұқсат етіңіздер!
Барлығыңызға бақыт, мықты денсаулық, еңбек пен оқуда табыстар тілеймін!
Мереке құтты болсын, құрметті достар!
Назарларыңыз үшін рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |