Қазіргі кезде оқушы білімін төменгі сыныптан бастап мектептің ішкі тексеруінен бөлек, әр түрлі ақыл ой олимпиадалары арқылы бақылау мүмкіндіктері өте көп. Осыған орай мемлекеттік міндетті стандартынан бөлек тереңдетілген білім негізін қалау міңдеті тұрады. Себебі сыныптағы оқушылардың ішінен пәнге деген қызығушылығы жоғары, алған білімін арықарай тереңдете оқығысы келетін оқушылар табылып жатады. Осындай ынтасы жоғары оқушыларды дамыта оқыту үшін, өте көптеген ғылыми әдебиеттермен, ақпарат құралдарымен, ғылыми көпшілік басылымдармен жұмыс істеу қажет.
Құрастырылған бұл жинақта бірнеше жылғы жинақталған аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар тапсырмалары берілген. Тапсырмалар теориалық және практикалық кезеңдерден тұрады.
Жинақталған тапсырмалар мазмұны әр түрлі деңгейде тереңдетіліп, логикалық жүйемен құрылған. Кітапша олимпиадаға дайындалатын оқушыларға, даярлайтын ұстаздарға және биология пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Құрметті жас дос! Сіз қолыңызға бұл кітапшаны алып парақтаған болсаңыз, оған мен қуаныштымын. Өйткені сіз, биология пәніне деген қызығушылығыңызды таныттыңыз. Айналаңыздағы тірі табиғат, сізді қоршаған орта және сіз - сол табиғаттың бір бөлшегісіз. Табиғаттың аялы алақанындаөмір сүре отыра, біз сол табиғаттың сындарлы сырларының бірін білсек, бірін біле бермейміз. Егер сіз бұл кітапшаны ары қарай ашып, әріптеріне көз жүгіртсеңіз ,биология пәнінен біліміңіздің қаншалықты деңгейдеекеніне көз жеткізе аласыз. Ал егер қызығушылығыңыз жоғары болып, тіршіліктің жұмбақ сырларын ашып, осы пән саласында мамандық аламын деген болсаңыз , халыққа қызмет етіп табиғатқа пайдаңызды тигіземін десеңіз, берілген тапсырмаларды орындап, шешімін таппағандарыңызға іздену жұмыстарын жүргізуіңізге тура келеді. Ол үшін жас дос, мыналар