Жексенбі Мөлдір Тақырыбы: Заманауи жоғары мектептің оқу үрдісінде дәрістің негізгі ролі



бет1/4
Дата14.12.2021
өлшемі21,44 Kb.
#127191
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
Жексенбі М 3-апта

    Бұл бет үшін навигация:
  • Дәріс

Жексенбі Мөлдір

Тақырыбы: Заманауи жоғары мектептің оқу үрдісінде дәрістің негізгі ролі.
Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары теориялық, практикалық, бақылау болып бөлінеді.

Теориялық формаларына: лекция, семинар сабақтары, арнайы семинар, студенттердің өздік жұмысы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, студенттердің оқытушымен өздік жұмысы, курс және диплом жұмыстары, оқу экскурсиялары, консультация.

Практикалық формаларына: зертханалық сабақ, практикумдар, өндірістік және дипломдық практикалар.

Бақылау формаларына: коллоквиум, емтихан, сынақ.

Лекция – жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастыру формасы және әдісі. Дәріс латынның «Lectio» - оқу деген сөзінен шыққан. Ол ежелгі Грекияда қалыптасып, орта ғасырларда ежелгі Римде жалғасын тапқан. ХІХ ғасырдың ортасында бүкіл әлемде ғылыми-техникалық білімнің дамуына орай лекциялық сабақтарды практикалық сабақтармен толықтыру қажеттігі туындады. Практикалық сабақтар студенттердің өздік жұмыс жасауы мен сабақтағы белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Дәрістің өзі студенттердің әдебиетпен жұмыс жасауына даярлық үшін беріледі.

Жоғары оқу орындарындағы лекцияның мақсаты – студенттердің оқу материалын меңгеру үшін оның бағдарлық негізін қалыптастыру болып табылады. Лекция – қандай да бір ғылыми мәселені логикалық байланыста, жүйелі түрде, нақты баяндау әдісі. Жалпы алғанда, дәрстүрлі лекция оқытушы үшін ғана белсенді оқыту формасы болып табылады. Лекция барысында студенттердің енжарлықтарын жеңу, лекцияның алуан түрлілігін тиімді пайдалану арқылы іске асады.

Жоғары мектептегі лекцияның маңызы мен міндеттері:

– пән бойынша студенттердің ғылыми білімін қалыптастырады, жүйелейді;

– ғылым немесе техниканың тиісті саласы дамуының жағдайы мен болашағын ашып көрсетеді;

– тақырыптың күрделі және негізгі мәселелеріне назарларын аударады;

– ғылыми материалды дәлелді баяндау іскерлігін дамытады;

– кәсіби дүниетаным мен жалпы мәдениетін қалыптастырады;

– студенттердің танымдық әрекетін белсендіреді (ғылыми ізденіске ынталандырады), шығармашылығын дамытады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет