Лекцияны бағалау критерийлері:
- Ғылымилығы;
- Түсініктілігі;
- Лекция формасы мен мазмұнының үйлесімділігі;
- Баяндаудың эмоционалдылығы;
- Сабақтың басқа түрлерімен байланыстылығы;
- Күнделікті өмір тәжірибесімен байланыстылығы.
Педагогика теориясы мен тәжірибесінде дәрісті оқуға қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар қалыптасып анықталды:
– Педагогикалық тәртіптілік (дәрісті уақытында бастау, өзіне сенімділік, іскерлік, аудиториямен визуалдық қатынас орнату және оны сабақ барысында сақтау);
– Сыртқы келбет (тиянақтылық, қызметке сәйкестілік);
– Студенттердің зейінін әрдайым жинақтап отыру, олардың білімдерін өзектендіріп отыру (яғни әрдайым олардың білімдері мен тәжірибелеріне сүйену);
– Тақырыппен, сұрақтармен, әдебиеттермен, жаңа терминдермен танысуда нақтылықтың болуы;
– Дәрістің логикалық тұрғыда құрылымдануы, тұжырымдалуы;
– Тірек сигналдарын пайдалану (сурет, сызба, кесте және т.б.); – Оқытушының тіл мәдениеті, сөйлеуінің ғылыми және қарапайым стильдерін тиімді үйлестіруі; сөлеуінің дұрыстығы, эмоционалдығы.
– Сөйлеу мен тыныс алу техникасы, екпін, кідіріс;
– Лектор дауысының күші, темпі және ырғағы;
– Лектордық аудиториядағы орны;
Достарыңызбен бөлісу: |