Тақырыбы: «Жас талап» зияткерлік ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу
Ойынның барысы: 1. Мұғалімнің сөзі
- Балалар, бүгін біздер 2 «А» және 2 «Ә» сынып оқушыларының арасында «Жас талап» атты зияткерлік білім сайысын өткізгелі отырмыз. Осы сайысқа 2 «А» және 2 «Ә» сынып оқушылары ішінен екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.
а) Топтармен танысу: ортаға бүгінгі зияткерлік ойынымыздың сайыскерлері «Алғырлар» және «Тапқырлар» топтарын шақырайық
ә) Әділ - қазы мүшелерін сайлау
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,
- дей отыра әділ - қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
2. «Жас талап» зияткерлік ойынының өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:
І - айналым: «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл айналымда оқу бағдарламасының аясында сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
ІІ - айналым: «Математиктер» деп аталады. Топтар кезекпен 3 минут уақыт аралығында математикалық амалдарды дұрыс орындай отырып, барынша көп есеп шығаруы керек. Жеңген топ дұрыс шығарған есептері бойынша ұпай жинайды.
ІІІ - айналым: Құрастырма сурет. Бұл айналымда топтарға суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топқа 5 ұпай беріледі, жеңілген топқа 2 ұпай ғана беріледі.
ІV - айналым: «Кім жылдам» ойыны. Қазақ тілінен сөз беріледі. Белгілі уақыт аралығында бірнеше сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.
V - айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Бұл кезеңде жұмбақтар беріледі. Ол жұмбақтарды үш тілде яғни қазақша, орысша, ағылшынша шешу арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.
3. – Ал, балалар, енді сайысымызды бастайық, бірінші бүгінгі сайыскерлерімізбен таныстырып өтейік. Сөз кезегін топтарға берсек.
Топтардың танысуы
І - топ: «Алғырлар» тобы.
Ұраны:
Қалың қауым амансыз ба?
«Алғырлар» тобы алдыңызда.
Білімімізді көрсетеміз
Бүгінгі білім жарысында.
ІІ - топ: «Тапқырлар» тобы
Ұраны:
Көрген, білген, түйгенін
Көкірегінде сақтайтын.
«Тапқырлар» тобы біздерміз
Білім сайысында қалыспайтын.
Мұғалім:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар.
Мұнда қызық табылар
Білім нұры шашылар
Ақыл, тілі дамыған
Үлгі алайық баладан
І - айналым: «Білгенге маржан».
Сұрақтарға жауап беру І - топқа:
1. Заттың атын білдіретін сөз табы (зат есім)
2. Күй атасы (Құрманғазы)
3. Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Назарбаев)
4. «Батырдың мінезі» әңгімесіндегі басты кейіпкерді ата (Б.Момышұлы)
5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты қалай атаймыз (шаршы)
6. Оқушының сабақ кестесі, үй жұмысы және білімін бағалайтын оқу құралы (күнделік)
ІІ - топқа:
1. Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөз табы (сын есім)
2. Күй анасы (Дина)
3. Бас қала (Астана)
4. «Алып бала» әңгімесіндегі басты кейіпкерді ата (Қ.Мұңайтпасов)
5. Үш қабырғасы, үш төбесі, үш бұрышы бар геометриялық фигура (үшбұ рыш)
6. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
ІІ - айналым: «Математиктер».
Математика пәнінен бірнеше есептердің шешімін табу ұсынылады:
Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,
Кім шығады кәнекей, жауабын мен білем деп?
І - топқа:
1. Бірінші қосылғыш – 43, екінші қосылғыш – 35. Қосынды нешеге тең болады?
2. 97 мен 23 сандарының айырмасы неше?
3. 4 пен 5тің көбейтіндісі нешеге тең?
4. 1 ғасырда неше жыл бар?
5. 49 - ға 26 - ны қос.
Логикалық тапсырма:
1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат - ұзын
ІІ - топқа:
1. Бірінші қосылғыш – 28, екінші қосылғыш – 41. Қосынды нешеге тең болады? 2. Азайғыш – 49, азайтқыш 30. Айырманың мәні нешеге тең?
3. 5 пен 5тің көбейтіндісі нешеге тең?
4. 1 тәулікте неше сағат бар?
5. 50 - ден 26 - ны азайт.
Логикалық тапсырма:
Жарты қаздың салмағы 3 кг, ал тұтас қаздың салмағы қанша?
Жауабы: 6 кг. Жартысы 3 кг болса, тұтасы 6 кг.
ІІІ - айналым: «Құрастырма сурет»
Мұғалім:
Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың. дей келе, келесі «Құрастырма сурет» атты айналым тапсырмасына назар аударайық. Сурет нұсқасы алдымен сайыскерлерге көрсетіледі, суретте ненің бейнесі берілгендігі анықталады, соңынан берілген фигуралардың көмегімен сайыскерлер сол суреттің бейнесін шығаруы керек.
ІV - айналым: «Кім жылдам» ойыны. Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ең көп құрастырған топ жеңімпаз атанады.
«Қызғалдақ» - І топ, «Жауқазын» - ІІ топ. «Қызғалдақ» - қыз, ал, дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ «Жауқазын» - жау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу,
V - айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр» Топтарға жұмбақ беріледі. 2 минут аралығында берілген жұмбақтың шешімін дұрыс тауып, үш тілде айту керек. Дұрыс айтқан топ жеңімпаз болып саналады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
І - топқа:
Қабат- қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап- книга- book)
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз –учитель-teacher)
ІІ - топқа:
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі. (қарындаш - карандаш - pen)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп - школа – school)
Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (алма - яблоко-apple)
Қорытынды: - Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ қазыларға сөз кезегін берейік. Жеңімпаздарды мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |