(марганцовка) 1-2 тамшы Н 2SО 4 күкірт қышқылының концентрлі ерітіндісін тамызып, үстіне тимейтіндей етіп ағаш жаңқаларын қалаймыз. Мақтаны спиртке батырып алып, үстіне 1-2 тамшы тамызамыз, сонда ағаш шырпысыз тұтанады.
Ауыртпай жасалатын операция
КСNS калий роданиді ерітіндісін мақта арқылы қолға жағып, пышақты FеСI 3 темір ( III) хлориді ерітіндісіне батырып алып , оның үстінен сызады. Сонда қан қызыл түс пайда болады.
3КСNS + FеСI 3 = Fе(СNS) 3 + 3КСI
Отсыз түтін
Концентрлі НСI тұз қышқылының ерітіндісіне шыны таяқшаны батырып алып, екінші шыны таяқшаны NН 4ОН аммоний гидроксиді ерітіндісіне батырып екеуінің ұштарын тигізген уақытта, будақтаған түтін пайда болады.
Жанбайтын орамал
Мақтадан жасалынған шағын орамалды әуелі су құйылған құтыға батырып алып, сығамыз сосын спирт құйылған құтыға батырып алып ұзын қысқышпен ұстап тұрып, шырпымен тұтатамыз . Сонда орамал сыртындағы спирт жанып , сөнген уақытта орамал жанбай қалады.
Жарнамалық үзіліс
( 8 “Б” класс оқушылары)
Полиглот
қандай химиялық элемент екенін анықтап, оның қазақша, орысша аталуын , оқылуын және таңбасын жазу
№
Жасырын элементтер
Таңбасы
Қазақша аталуы
Орысша аталуы
Оқылуы
1
лтныа
2
кйниерм
3
сүімк
4
рсқоғаны
5
ымс
6
ктеот
7
скует
8
ыпасн
9
мреіт
10
йылақа
Жарнамалық үзіліс
( 8 “В” класс оқушылары)
Химиялық жұмбақтар
әр топ өзі таңдап алған үш жұмбаққа жауап береді
1Бірінші бөлігім «көп» емес, екінші бөлігім «тілсіз жау» деген мағынада, химиялық қай элементпін?
2Бірінші буыным жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным сан есім, өзім химиялық қай элементпін?
3 Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, «шипалы газ» деп те есептейді
4Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз өткізгішпін.
5Бірінші бөлігім «тасқын су» деген мағынада , екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі, өзім химиялық элементпін
6Өзім химиялық элементпін, егер алғашқы әрібім алып тасталса шаруашылық заттарын салатын ыдысқа айналамын