2.3.2.1 Нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Нүктелі қағазға нұсқаулыққа сәйкес фигуралар салады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Нүктелі қағаздың ортасына ұзындығы 3 см кесінді сыз. Кесіндінің оң жағына тігінен түзу сызық жүргіз. Кесіндінің сол жақ төменгі бұрышына тік бұрышты үшбұрыш сал. Кесіндінің жоғарғы жағына шаршы, төменгі жағына дөңгелек сал.
Дескриптор
Білім алушы
қағаздың ортасына ұзындығы 3 см кесінді сызады;
кесіндінің оң жағына тігінен түзу жүргізеді;
кесіндінің сол жақ төменгі бұрышына үшбұрыш салады;
Білім алушы -тік бұрышты анықтайды және белгілейді;
-тік бұрыш сызады.
Бөлімше 4.3Тізбектер
Оқу мақсаты
2.4.3.2 Берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Берілген заңдылыққа сүйеніп тізбек құрастырады
Тізбектегі заңдылықтың бұзылуын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Заңдылығын анықтап, суретті жалғастырып боя.
Әр қатардағы заңдылықты бұзған белгіні анықта және сызып таста.
Дескриптор
Білім алушы
тізбектегі заңдылықты анықтайды және жалғастырып бояйды;
бірінші қатардағы заңдылығы бұзылған белгіні анықтайды;
екінші қатардағы заңдылығы бұзылған белгіні анықтайды;
3 В бөлім: «Көбейту және бөлу. Есептер»
Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны.Бөлшектер
Оқу мақсаты 2.1.1.5 50-ге дейін 3, 4, 5-тен топтап тура және кері санау;
жұп/тақ сандарды ажырату; заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөлуді көрсету
Бағалаукритерийі Білімалушы
50-ге дейінгі сандарды 3, 4, 5-тен топтап санайды.
Жұп және тақ сандарды ажыратады
Заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөледі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Әр суретте неше зат бар? Осындай 2, 3, 4, 5 суретте неше зат барын есепте.
Дескриптор
2-тапсырма Білім алушы
3-тен топтап санайды;
4-тен топтап санайды;
5-тен топтап санайды.
Берілген сандарды жұп және тақ сандарға жіктеп жаз.
35, 50, 26, 47, 32, 13, 41, 40, 48, 14.
Жұп сандар
Тақ сандар
Дескриптор
Білім алушы
50 көлеміндегі жұп сандарды ажыратып жазады;
50 көлеміндегі тақ сандарды ажыратып жазады.
3-тапсырма Суреттегі алмаларды 6-дан топтап, тең бөліктерге бөл. Әр бөлікті көк қарындашпен қоршап сыз. Алмаларды 9-дан топтап бөліп, жасыл қарындашпен қоршап сыз.
Дескриптор
Білім алушы
заттарды тең бөліктерге 6-дан топтап бөлу жолын көрсетеді;
заттарды тең бөліктерге 9-дан топтап бөлу жолын көрсетеді.
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдарорындау
Оқу мақсаты
2.1.2.1 Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді - заттарды түрлеріне қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсетеді
Бөлуді заттарды тең бөліктерге бөлу түрінде бейнелеп көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет.
2-тапсырма Балықтарды 3-тен және 5-тен топтап, тең бөліктерге бөл. Әр бөлікті қоршап сыз. Неше бөлік пайда болды? Бөлуді өрнек түрінде жаз.
Дескриптор
Білім алушы
санды өрнекпен берілген көбейтіндіні бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады;
әріпті өрнекпен берілген көбейтіндіні бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады;
заттарды 3-тен тең бөліктерге бөлуді бейнелеп көрсетеді және өрнек түрінде жазады;
заттарды 5-тен тең бөліктерге бөлуді бейнелеп көрсетеді және өрнек түрінде жазады.
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдарорындау
Оқу мақсаты 2.1.2.2 Көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін
түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау
Бағалаукритерийі Білімалушы
Көбейту мен бөлу амалдарының байланысы негізінде өрнектер жазады
Көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
8, 5 және 40 сандарын пайдаланып екі көбейтінді және екі бөлінді құрастырып жаз. Өрнектердің мәнін тап.
Дескриптор Білімалушы
берілген сандармен көбейтінді құрастырады;
көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, көбейтінді жазады;
көбейтіндіні бірінші көбейткішке бөлу арқылы бөлінді жазады;
көбейтіндіні екінші көбейткішке бөлу арқылы бөлінді жазады.