Құрметті мұғалім!


Бөлімше 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және



бет11/19
Дата08.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#123349
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
ҚБ Математика 2кл каз

Бөлімше 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу жәнесалу

Оқу мақсаты




2.3.2.1 Нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Нүктелі қағазға нұсқаулыққа сәйкес фигуралар салады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Нүктелі қағаздың ортасына ұзындығы 3 см кесінді сыз. Кесіндінің оң жағына тігінен түзу сызық жүргіз. Кесіндінің сол жақ төменгі бұрышына тік бұрышты үшбұрыш сал. Кесіндінің жоғарғы жағына шаршы, төменгі жағына дөңгелек сал.





Дескриптор

Білім алушы

  • қағаздың ортасына ұзындығы 3 см кесінді сызады;

  • кесіндінің оң жағына тігінен түзу жүргізеді;

  • кесіндінің сол жақ төменгі бұрышына үшбұрыш салады;

  • кесіндінің жоғарғы жағына шаршы салады;

  • кесіндінің төменгі жағына дөңгелек салады.

Бөлімше 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

Оқу мақсаты




2.3.2.2 Тік бұрышты сызу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тік бұрышты басқа бұрыштардан ажыратады

  • Тік бұрышты сызады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Тік бұрышты тауып, () белгіле.




  • Кез келген тік бұрыш сыз.









Дескриптор



Білім алушы
-тік бұрышты анықтайды және белгілейді;
-тік бұрыш сызады.

Бөлімше 4.3 Тізбектер

Оқу мақсаты

2.4.3.2 Берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма



  • Заңдылығын анықтап, суретті жалғастырып боя.






  • Әр қатардағы заңдылықты бұзған белгіні анықта және сызып таста.





Дескриптор

Білім алушы

  • тізбектегі заңдылықты анықтайды және жалғастырып бояйды;

  • бірінші қатардағы заңдылығы бұзылған белгіні анықтайды;

  • екінші қатардағы заңдылығы бұзылған белгіні анықтайды;

3 В бөлім: «Көбейту және бөлу. Есептер»




Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер


Оқу мақсаты 2.1.1.5 50-ге дейін 3, 4, 5-тен топтап тура және кері санау;
жұп/тақ сандарды ажырату; заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөлуді көрсету


Бағалау критерийі Білім алушы

  • 50-ге дейінгі сандарды 3, 4, 5-тен топтап санайды.

  • Жұп және тақ сандарды ажыратады

  • Заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөледі



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



1-тапсырма


Әр суретте неше зат бар? Осындай 2, 3, 4, 5 суретте неше зат барын есепте.





Дескриптор


2-тапсырма
Білім алушы

Берілген сандарды жұп және тақ сандарға жіктеп жаз.


35, 50, 26, 47, 32, 13, 41, 40, 48, 14.





Жұп сандар

Тақ сандар









Дескриптор

Білім алушы

  • 50 көлеміндегі жұп сандарды ажыратып жазады;

  • 50 көлеміндегі тақ сандарды ажыратып жазады.

3-тапсырма
Суреттегі алмаларды 6-дан топтап, тең бөліктерге бөл. Әр бөлікті көк қарындашпен қоршап сыз. Алмаларды 9-дан топтап бөліп, жасыл қарындашпен қоршап сыз.




Дескриптор

Білім алушы

  • заттарды тең бөліктерге 6-дан топтап бөлу жолын көрсетеді;

  • заттарды тең бөліктерге 9-дан топтап бөлу жолын көрсетеді.

Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау

Оқу мақсаты




2.1.2.1 Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді - заттарды түрлеріне қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсетеді

  • Бөлуді заттарды тең бөліктерге бөлу түрінде бейнелеп көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

1-тапсырма
Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет.



2-тапсырма
Балықтарды 3-тен және 5-тен топтап, тең бөліктерге бөл. Әр бөлікті қоршап сыз. Неше бөлік пайда болды? Бөлуді өрнек түрінде жаз.






Дескриптор

Білім алушы

  • санды өрнекпен берілген көбейтіндіні бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады;

  • әріпті өрнекпен берілген көбейтіндіні бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады;

  • заттарды 3-тен тең бөліктерге бөлуді бейнелеп көрсетеді және өрнек түрінде жазады;

  • заттарды 5-тен тең бөліктерге бөлуді бейнелеп көрсетеді және өрнек түрінде жазады.

Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау


Оқу мақсаты 2.1.2.2 Көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін
түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау


Бағалау критерийі Білім алушы

    • Көбейту мен бөлу амалдарының байланысы негізінде өрнектер жазады

    • Көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



1-тапсырма


8, 5 және 40 сандарын пайдаланып екі көбейтінді және екі бөлінді құрастырып жаз. Өрнектердің мәнін тап.


Дескриптор Білім алушы

  • берілген сандармен көбейтінді құрастырады;

  • көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, көбейтінді жазады;

  • көбейтіндіні бірінші көбейткішке бөлу арқылы бөлінді жазады;

  • көбейтіндіні екінші көбейткішке бөлу арқылы бөлінді жазады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет