Шамалар және өлшем бірліктері
бет 7/19 Дата 08.02.2022 өлшемі 1,76 Mb. #123349 түрі Сабақ
Байланысты:
ҚБ Математика 2кл каз 1.3 Шамалар және өлшем бірліктері
Оқу мақсаты
2.1.3.2** Ұзындық қолданып өлшеу
(м)/
масса
(ц)
өлшем
бірліктерін
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ұзындықты метрмен өлшейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ұзындықты өлшеу құралын алып, мектеп стадионына шық. Стадиондағы футбол қақпасы мен қақпаның айналасындағы сызықтардың ұзындықтарын өлше. Өлшемдердің нәтижесін жаз.
Футбол қақпасының ұзындығы: Футбол қақпасының ені: Қақпаның айналасындағы сызықтың өлшемі:
Дескриптор
Білім алушы
ұзындық өлшеу құралымен өлшем жүргізе алады;
футбол қақпасының ұзындығын жазады;
футбол қақпасының енін жазады;
футбол қақпасының сызықтарының өлшемін жазады;
жазбада тиісті өлшем бірлігін көрсетеді.
Бөлімше 1.3 Шамалар және өлшем бірліктері
Оқу мақсаты
2.1.3.3** Шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Шамаларды салыстыр. >, <, = таңбаларының тиістісін қой.
9 дм 60 см 800 cм 8 м
50 кг 1 ц 9 л 90 л
Дескриптор Білім алушы
ұзындық өлшем бірліктерін (дм- см) салыстырады;
ұзындық өлшем бірліктерін (см- м) салыстырады;
масса өлшем бірліктерін (кг- ц) салыстырады;
сыйымдылық өлшем бірліктерін (л- л) салыстырады.
2-тапсырма
Есепте.
46 см + 14 см = 90 кг – 47 кг =
12 м + 9 м = 20 л – 7 л =
Дескриптор
Білім алушы
атаулы сандармен қосу амалын орындайды;
атаулы сандармен азайту амалын орындайды.
Бөлімше
1.3 Шамалар және өлшем бірліктері
2.1.3.4** Ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ұзындық және масса өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтайды
Ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц) өлшем бірліктерін түрлендіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шамалардың арақатынасын анықтап, сәйкестендір.
1 м 1 дм
10 см 100 кг 100 см
5 дм 4 см = см 40 см = дм 3 ц =
1 ц
кг
10 дм
Дескриптор
Білім алушы
ұзындық өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтайды ;
масса өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтайды;
ұзындықтың үлкен өлшем бірлігін кіші бірлікке дұрыс түрлендіреді;
ұзындықтың кіші өлшем бірлігін үлкен бірлікке дұрыс түрлендіреді;
массаның үлкен өлшем бірлігін кіші бірлікке дұрыс түрлендіреді.
2-тоқсан
2А бөлім: «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер»
Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Оқу мақсаты
2.1.1.4 Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Санаудың ірі бірлігі – жүздіктің құрылу жолын көрсетеді
1000 көлемінде жүздіктермен тура, кері санайды және жазады
Жүздіктерді салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну Қолдану
1-тапсырма
Графикалық суреттердің көмегімен 100 cанының құрылу жолын жаз.
100 = 99 + 100 = 90 +
Дескриптор Білім алушы
100 cанының құрылу жолын бірліктермен жазып көрсетеді;
100 cанының құрылу жолын ондықтармен жазып көрсетеді;
2-тапсырма
1000 көлеміндегі сандарды жүздіктермен санай отырып, кему ретімен жаз.
Дескриптор
Білім алушы
1000 көлеміндегі жүздіктерді кему ретімен жазады ;
200 бен 300 сандарын салыстырады;
900 бен 700 сандарын салыстырады.
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты 2.1.2.3** Қосудың ауыстырымдылық, терімділік
қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін ажыратады
Есептеу барысында қосудың қасиеттерін орынды қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қосудың қасиеттерін әріпті өрнектермен жазып көрсет.
Берілген өрнектерді тиімді тәсілмен есепте.
5 + 95 =
100 + 800 =
400 +15 +100+ 35 =
75+ (27 +25) =
Дескриптор Білім алушы
қосудың ауыстырымдылық қасиетін әріпті өрнек түрінде жазады;
қосудың терімділік қасиетін әріпті өрнек түрінде жазады;
қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып өрнектер жазады;
қосудың терімділік қасиетін қолданып өрнектер жазады;
өрнектердің мәнін дұрыс табады.
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты
2.1.2.5** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту/ 300+200 (3жүзд.+2жүзд.), 170-130 (17онд.-13 онд) түрінде ауызша қосу және азайтуды орындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
1000 көлеміндегі жүздіктермен ауызша қосу, азайту амалдарын орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қожанасыр берілген тапсырманың жауаптарын асығыс жазып шықты. Оның жіберген қатесін тауып, қорша. Қатені түзе.
200 + 500 = 700 700 – 400 = 200
600 + 100 = 700 800 – 400 = 400
600 + 300 = 1000 1000 – 400 = 600
Дескриптор
Білім алушы
қате орындалған өрнектерді анықтайды;
қате орындалған өрнектердің қатесін түзетеді.
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты
2.1.2.7 Мынадай жағдайларда: 45±9, 40-14, 100-35 ондықтан аттап ауызша қосу мен азайтуды орындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
45±9, 40-14, 100-35 түрінде берілген өрнектермен ондықтан аттап ауызша қосу, азайту амалдарын орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Жұптық жұмыс
Берілген өрнектерге мұқият қара. Не байқадың? Келесі өрнек қандай болады? Жұпта берілген өрнектердің мәнін есептемей жарысып шығар.
34 + 8 = 42 85 – 9 = 76
34 + 18 = 52 85 – 19 = 66
34 + 28 = 85 – 29 = 56
34 + 38 = 85 – 39 =
34 + = 85 - =
+ = - =
Дескриптор Білім алушы
өрнектердің байланысын анықтайды ;
екі таңбалы сандарды бөлшектеп қосуды ауызша орындайды;
екі таңбалы сандарды бөлшектеп азайтуды ауызша орындайды;
берілген өрнектерді дұрыс жалғастырады.
2-тапсырма
Берілген өрнектердің мәнін тап.
63 + 17 = 48 + 52 =
80 - 17 = 100 – 52 =
Дескриптор
Білім алушы
қосындысы ондық сан болатын жағдайлардағы екі таңбалы сандарды қосады;
ондықтардан екі таңбалы санды азайту амалын орындайды;
қосындысы жүздік болатын жағдайлардағы екі таңбалы сандарды қосады;
жүзден екі таңбалы санды азайтады.
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты
2.1.2.8 Мынадай жағдайларда: 34+23, 57-23; 47+33; 80-47, 100-35 екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Екі таңбалы сандармен ондықтан аттап қосу және азайтуда ауызша, жазбаша түрдегі орындау алгоритмін қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
42 + 36 = 18 + 52 =
78 – 36 = 70 – 52 =
Баған түрінде жаз және түсіндіре отырып шығар.
18 + 22 59 + 31 40 – 18 90 - 31
Дескриптор
Білім алушы
екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу/азайтудың алгоритмін көрсетеді және өрнектердің мәнін табады;
екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу/азайтудың жазбаша орындау алгоритмін түсіндіреді және өрнектің мәнін табады.
Бөлімше
4.3 Тізбектер
2.4.3.1 1-00-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Білім алушы
100-ге дейінгі екі таңбалы сандардың, 1000 көлеміндегі жүздіктердің тізбегіндегі заңдылықты анықтайды
Берілген тізбекті заңдылығын сақтай отырып жалғастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Сандар тізбегіне мұқият қара. Заңдылығын анықта және 3 санға жалғастыр
Берілген тізбекті жалғастырып жаз.
Дескриптор
Білім алушы
тура және кері санау ретімен берілген екі таңбалы сандар тізбегіндегі заңдылықты анықтайды және түсіндіреді;
тура және кері санау ретімен берілген үш таңбалы сандар тізбегіндегі заңдылықты анықтайды және түсіндіреді;
берілген тізбектегі заңдылықты анықтайды және жалғастырады.
Бөлімше 4.3 Тізбектер
Оқу мақсаты
2.4.3.2 Берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Берілген заңдылық бойынша тізбекті жалғастырады
Тізбектегі заңдылықтың бұзылуын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сандардың орналасуындағы заңдылықты анықта. Бос орындарды толықтыр.
Заңдылықты бұзып тұрған санды тауып, қорша және қатені түзет. Тізбекті тағы екі санға жалғастыр.
980, 870, 760, 650, 550, 430, ... , ...
Дескриптор
Білім алушы
сандардың орналасуындағы заңдылықты анықтайды;
заңдылықты сақтай отырып тізбектегі белгісіз сандарды жазады;
үш таңбалы сандар тізбегіндегі заңдылықты анықтайды;
заңдылығы бұзылған санды табады және түзетеді;
тізбекті жалғастырып жазады.
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты
2.5.1.1** Екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Екі амалды есептің шартын қысқаша жазба/ кесте немесе сызба түрінде жазып көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есептің шартын мұқият оқы.
Бірінші ағаштан 31 кг алма, ал екіншісінен одан 14 кг кем алма жинап алынды. Екі ағаштан барлығы неше килограмм алма жиналды?
Есептің шартын қысқаша жазба және сызба түрінде жазып көрсет.
Дескриптор
Білім алушы
есептің шартындағы тірек сөздерді анықтайды;
тірек сөздерді деректермен толықтырады;
есептің сұрағын жазады;
есептің шартын сызбаға түсіреді;
сызбада есептің сұрағын көрсетеді.
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты
2.5.1.7** Екі амалмен шешілетін есептерді модельдеу және шығару
Бағалау критерийі
Білім алушы
Құрама есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есептің қысқаша шартын жаз немесе сызбасын сыз. Есепті шығар.
Мектеп асханасында 36 ұл және 18 қыз тамақтанып отыр. Тамақтанып болған 25 оқушы сыныпқа кетті. Асханада неше оқушы қалды?
Дескриптор
Білім алушы
есептің қысқаша шартын жазады/сызбасын сызады;
шешу жолының бірінші амалын таңдайды және өрнек түрінде жазады;
бірінші өрнектің мәнін табады ;
шешу жолының екінші амалын таңдайды және өрнек түрінде жазады;
екінші өрнектің мәнін табады;
есептің жауабын жазады.
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты
2.5.1.8** Құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару
Бағалау критерийі
Білім алушы
Құрама есептерді дұрыс модельдейді
Есептің шешуін жекелеген амалдар немесе санды өрнек түрінде жазып көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есепті түсініп оқы.
Дүкенге 80 кг жүзім әкелінді. Түске дейін 32 кг, ал түстен кейін 15 кг жүзім сатылды. Дүкенде неше килограмм жүзім қалды?
Берілген есептің шешімі болатын өрнектерді () белгіле.
80 - 32 + 15 80 – (32 + 15) 80 – ( 32 – 15) 80 – 32 – 15
Есептің моделін құр және шешуін жекелеген амалдар түрінде жазып көрсет.
Дескриптор
Білім алушы
есептің шешімі болатын санды өрнектерді анықтайды;
есептің қысқаша шартын жазады / сызбасын сызады;
есеп шешімінің бірінші өрнегін жазады және мәнін табады;
есеп шешімінің екінші өрнегін жазады және мәнін табады;
есептің жауабын жазады.
Достарыңызбен бөлісу: