Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтай отырып, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілін меңгереді. Логикалық тапсырмалар арқылы ой-өріс, есте сақтау, зейін, тез есептеу дағдылары дамиды. Ойын ойнау барысында шапшаңдыққа, білімділікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
|
Әдіс тәсілдер
|
Оқу мен оқытудағы жаңа әдістер. Диалог.Жұптық жұмыс
|
Күтілетін нәтиже
|
Көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілін меңгерген, амалдарды орындай біледі, тексере алады. Жұптық жұмыстар жүргізеді.
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурстар, көрнекі құралдар
|
3 мин
|
Психологиялық дайындық.
«Тілек шоғы» (партадағы көршілер бір-біріне тілек тілейді)
–Ал менің сендерге не тілейтінімді білгілерің келсе, мына өрнектерді шығарып беріңдер
100-25=с 59-49=л 84+13=ы
75-10=н 67-60=у 32-31=қ
88-77=е 50+40=а 80-76=д
-міне, менің тілегім, басты байлық –денсаулық.
Жұпқа бөлу
«Жыл мезгілдері» жаттығуы.
– Балалар, әрқайсысыңның жеке меншік мерекелерің бар, ол қандай мереке? Әрине жылына бір келетін туған күн мерекесі. Әрқайсымыздың туған күндеріміз әр мезгілде болады.Ендеше, жыл мезгіліне байланысты жұптасып отырыңыздар.
|
Өрнектерді шығарады
Оқушылар өздерінің туған күндеріне байланысты жұптасады. Мысалы: Сетер –қыркүйек, Қарақат –мамыр – бір жұп, Ажар-қаңтар, Нұрсұлтан-желтоқсан-бір жұп.
|
Шаттық шеңбері
|
3 мин
|
Өткен сабақты пысықтау.
Ойын.«Дұрыс және дұрыс емес пайымдау» Белгі карточкаларын пайдалану.Қызыл-«жоқ», жасыл-«дұрыс», сары-«білмеймін»
|
Тақтада жазбаша көбейту мен бөлудің амал түрінде орындалуына мысалдардар ұсынылады, оқушылар дұрыс, қатесін белгілер арқылы көрсетіп, орындалу ретін түсіндіреді.
|
Белгі карточкалары
|
3 мин
|
Қызығушылықты ояту.
Ойын:«Сен және мен». Жұптарға берілген тапсырманы 1-оқушы орындайды, ал 2-оқушы тексеруін орындайды. Әр оқушы қалай орындалғанын түсіндіреді.
Өрнектер құр және мәнін тап
Логикалық есептер:
|
1-жұпқа:
1 жүзд.7ондық.8бірлікті 4 есе арттыр
8жүзд.1онд.6бірл. 6 есе кеміт
2-жұпқа:
7 жүзд.1онд.2бірл. 4 есе кеміт
1жүзд.3онд.9бірл. 7 есе арттыр
|
|
10 мин
|
Оқулықпен жұмыс.
1.Есепті шығар
1.Есепті талдау
(әр жұптан 2-оқушыға стикер жабыстырып тақтаға шығару)
132×4÷3 өрнегіне сәйкес есеп құрастыр және шығар
Дәптермен жұмыс
|
Стикер жабысқан оқушы тақтада тапсырманы орындайды.
Күн ретін жазу
Берілген тапсырманы дәптерге орындау
|
Стикер, смайлик
|
6 мин
|
2. «Ойлан, жұптас, талқыла».
№3 тапсырманы жұптасып орындайды
|
тапсырманы екі-екіден бөліп орындайды.мМvvМм9МV,`VVчvvvммінездімм
|
Дәптер, оқулық
|
3 мин
|
Сергіту сәті
Үш тілділікті қолдау мақсатында санай отырып, қолды, иықты, аяқты түйістіру.
|
Қол, иық, аяқ моторикасын дамыту жаттығуларын орындайды. Сандарды ретімен қазақша-орысша-ағылшынша үш тілде айта отырып, орындайды.
|
Музыка
|
3 мин
|
«Кел ойнайық?»
Оқулықта берілген кестені толтыру
|
Берілген кестені ауызша толтырады
|
Кестемен жұмыс
|
4 мин
|
Конверттегі тапсырма
Конвертте жасырылған тапсырмаларды орындау, жариялау.
|
1-жұпқа:Шаршының периметрі 24 см. Оның ауданын тап
№7 есептің а бөлігі
2-жұпқа: жүздіктері 6-ға бөлінетін сандарды теріп жаз.
684, 579, 786, 648, 759, 768
№7 есептің б бөлігі
|
Конверттегі сұрақ
|
3 мин
|
Қорытынды. «Сиқырлы таяқша» Ортаға 3 таяқ тасталады,оқушылар музыка ырғағымен айналып жүреді, тоқтағанда таяқшаны алып үлгеру керек. Таяқсыз қалған оқушыға біреуі тақырып аясында сұрақ қояды. Осылай таяқ саны кеміп, соңында жеңімпаз анықталады.
|
Сұрақ нақты қойылады, әр оқушы жауап беруге тырысады.
|
Музыка
Таяқшалар
|
3 мин
|
Бағалау. Әр әдіс кезінде берілген смайликтер саны арқылы, сабаққа белсене қатысқанына қарай бағалау
|
Әр топқа сабақ барысында берілген смайликтер санына қарай бағалау.Жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.
|
|
2 мин
|
Үйге тапсырма
|
№4 және жасыл қоршаудағы тапсырма
|
Күнделік
|
2 мин
|
Рефлекция
|
«Чемодан, еттартқыш, себет».
Чемодан-бұл маған қажет, еттертқыш-әлі де есептер шығаруым керек, себет-бұл есептер маған қажет емес
|
Чемодан, еттартқыш, себет
|
|
|
|
|
|