Оқу мақсаты 2.5.1.8* Барлық арифметикалық амалдарға берілген жай
есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер түрінде; құрама есептердің шешуін санды өрнектер, жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару
Бағалаукритерийі Білімалушы
Жай есептердің шешуін санды өрнектер түрінде жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Есептерді оқы. Әр есептің шешуі болатын өрнектерді тауып, сәйкестендір.
Қонжық бірінші күні 4 ағаш, ал екінші күні тағы 9 ағаш отырғызды. Ол екі күнде
барлығы неше ағаш отырғызды? 13 – 4 = 9
4 + 9 = 13
Қонжық екі күнде 13 ағаш отырғызды. Ол бірінші күні 4 ағаш отырғызды. Қонжық екінші күні неше ағаш отырғызды?
Артық өрнекке сәйкес есеп құрастыр және шығар.
13 – 9 = 4
Дескриптор Білімалушы
берілген есептерге сәйкес өрнектерді анықтайды;
берілген өрнек бойынша есеп құрастырады;
есептің қысқаша шартын жазады/сызбасын сызады;
есептің шешуін санды өрнек түрінде жазады және мәнін табады;