2.
Бұл батырма сізді «Поиск» парақшасына алып келеді.
Бұл жерде сіздің қызығушылығыңзға байланысты басқа
қолданушылардың посттары көрсетіледі. Олар «видео»,
«музыка», «кино», «сән» және т.б. болып бөлінеді. Сонымен
қатар, бұл бетте сіз басқа қолданушыларды аккаунттарының
аты (@) арқылы немесе түрлі хештегтер (#) арқылы таба аласыз.
3.
«+» батырмасы лентаңызға
жаңа сурет немесе видео
жүктеуге мүмкіндік береді. Фото және видеоны сол терезеде
түсіруге немесе альбомнан таңдап алып жүктеуге болады.
4.
Жүрекшеге басқанда, сіздің
посттарыңызға like басқан
немесе сізге жазылған адамдардың тізімін көресіз.
5.
Сіз қайтадан өзіңіздің аккаунтыңызға – басты бетке қайта
ораласыз.
Бизнес парақшаға ауыстыру
Жарнама жіберу үшін,
статистиканы көруге, аналитика жүргізу үшін
парақшаңызды, бизнес парақшаға ауыстырған абзал.
4-сурет
Хэштег ұғымы
Хэштег —
әлеуметтік желілерде, блогтарда мәліметтерді тақырып
бойынша топтауға қолданылатын таңба. Мәліметтеріңізді хэштегтер
арқылы
белгілеудің нәтижесінде, басқа қолданушылар қызыққан
тақырыбын хэштег арқылы тауып, аудиторияңыздың санын үлкейте
алады.
Бірақ, хэштегті де қолдана білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: