АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ зарядтың және массалық сандардың сақталу заңы:ядролық реакцияға дейінгі және одан кейінгі бөлшектердің заряды мен массалық сандарының қосындылары қосарланғанға тең. Ядролық реакциялардың көпшілігі жаңа ядролар пайда болғаннан кейін аяқталады. Алайда, өнімдері деп аталатын жаңа ядролық реакцияларды тудыратын реакциялар бар ядролық реакциялар тізбегі.Мысал - уран-235 ядроларының бөліну реакциясы (суретті қараңыз). Нейтрон уран ядросына түскенде, ол басқа екі ядроға және 2-3 жаңа нейтронға ыдырайды. Бұл нейтрондар уранның басқа ядроларына соққы береді және тізбекті реакция жалғасады. Бұл жағдай өте жақсы. Шын мәнінде, көптеген нейтрондар заттардан ұшып шығады, сондықтан оларды уран сіңіре алмайды.
Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымын ядролық реакцияның энергетикалық шығуы деп атайды.
Егер Е>0 болса, онда реакцияда энергия бөлінеді, тыныштық энергияның есебінен реакция өнімдерінің кинетикалық энергиясы артады. Мұндай реакция экзотермалық деп аталады.
Егер Е<0 болса, онда реакция кезінде энергия жұтылады, кинетикалық энергияның кемуі есебінен жүйенің тыныштық энергиясы артады. Осындай реакция эндотермалық деп аталады.
Ядролық реакцияның энергетикалық шығуы:
∆ E= E01 – E02
немесе
∆ E= [(Mя1+Мя2)- (Мя3-Мя4)] с2
Атом ядросынан бір нуклонды бөліп алу үшін, оны ұстап тұрған ядролық күшке қарсы жұмыс атқарылуы, яғни ядроға белгілі мөлшерде энергия берілуі қажет. Атом ядросын түгелімен жеке нуклондарға ыдырату үшін қажетті минимал энергияны ядроның байланыс энергиясы деп атайды.
Энергияның сақталу заңы бойынша дәл осындай энергия дербес протондар мен нейтрондар ядроға біріккенде бөлініп шығады.
Ядролық тарту күшінің жұмысы есебінен нуклондардан атом ядросы түзілгенде пайда болатын массалар айырымын массалар ақауы деп атайды.
Тұңғыш ядролық реакцияны, α – бөлшектермен азот ядросын атқылағанда оның оттегі ядросына түрленуін 1919 жылы Э.Резерфорд жүзеге асырған.
немесе
немесе
Ядролық реакциялар деп атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектер және γ- кванттарымен өзара әсерелсуі кезінде болатын түрленулерді айтамыз.
Ядролық реакцияның жазылуы: a+A→B+b немесе A(a,b)B
A- бастапқы ядро
а- атқылаушы бөлшек
В- туынды ядро
b- ядродан бөлінетін бөлшек0>