Құрметті студент! 2016 жылы «Ауылшаруашылығы ғылымдары 1»



Дата30.04.2017
өлшемі356,06 Kb.
#15249

Құрметті студент!
2016 жылы «Ауылшаруашылығы ғылымдары - 1» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.

Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.




Мамандық шифры

Мамандықтардың атауы

Жауап парағының 6-9 секторларындағы пәндер реті

5В080900

«Жеміс-көкөніс шаруашылығы»


1. Биология (ботаника)

2. Топырақтану

3. Жеміс-көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау

4. Жеміс шаруашылығы


1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:


1. Биология (ботаника)

2. Топырақтану

3. Жеміс-көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау

4. Жеміс шаруашылығы




  1. Тестілеу уақыты - 180 минут.

Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.


  1. Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.




  1. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.




  1. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.




  1. Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.

7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;

- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;

- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға

қатаң тиым салынады!
8. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.

Биология (ботаника)




1. Өсімдік жасушасының негізгі ерекшеліктері:

A) Митохондрияның болуы

B) Вакуольдің қысымды реттеуі

C) Лизосоманың болуы

D) Целлюлозаның қорға жинақталуы

E) Цитоплазманың болуы




2. Ядроның атқаратын қызметі:

A) Фотосинтез

B) Ақуыз синтездейді

C) Тыныс алу

D) Тұқымқуалаушылық

E) Майлар синтездейді

F) Тасымалдаушылық

G) Көбею



3. Түзуші ұлпалардың өсімдік мүшелерінде орналасуы бойынша топтары:

A) Эпидерма

B) Латеральді

C) Хлоренхима

D) Интеркалярлы

E) Апикальді




4. Өсімдік мүшелерінде қорғаныш қызметін атқаратын ұлпалар:

A) Колленхима

B) Эпидерма

C) Перидерма

D) Хлоренхима

E) Қыртыс

F) Склереидтер

G) Аэренхима




5. Жер асты тамырдың түр өзгерісіне тән өсімдіктер:

A) Қызылша

B) Бәйшешек

C) Раушан

D) Итмұрын

E) Шалқан

F) Күнбағыс

G) Сәбіз




6. Сабақтың атқаратын қызметі:

A) Көбею


B) Газ алмасу

C) Тірек

D) Тыныс алу

E) Ақпараттық

F) Қорғаныш


7. Тамырдың атқаратын қызметі:

A) Фотосинтез

B) Қорғаныш

C) Зат алмасу

D) Өткізу

E) Көбею


F) Транспирация


8. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысына кіреді:

A) Склереидтер

B) Экзодерма

C) Эпиблема

D) Склеренхима

E) Эпидермис

F) Колленхима

G) Аэренхима




9. Тамырмен саңырауқұлақтың селбесуінен туындаған микоризаның типтері:

A) Эндотрофты

B) Мезотрофты

C) Экто - эндотрофты

D) Ксеротрофты

E) Эктотрофты

F) Гидротрофты

G) Гигротрофты




10. Ұрықтың ұрықтану процесінсіз пайда болу жолдары:

A) Кроссинговер

B) Апоспория

C) Мейоз


D) Конъюгация

E) Амитоз

F) Митоз


11. Жыныстық процестер:

A) Гетерогамиялық

B) Мезогамиялық

C) Изогамиялық

D) Оогамиялық

E) Хологамиялық




12. Қыналардың морфологиялық типтері:

A) Қабыршақты

B) Сағақсыз

C) Жапырақты

D) Сағақты

E) Масақты

F) Бұталы


13. Қызыл балдырлардың өкілдері:

A) Хлорелла

B) Полисимфония

C) Хламидомонада

D) Леманеа

E) Хроокок

F) Гелидиум


14. Саңырауқұлақтардың вегетативті көбею жолдары:

A) Тұқым арқылы

B) Бүршіктену арқылы

C) Амитоз

D) Артроспоралар арқылы

E) Хламидоспоралар арқылы




15. Шымтезек мүктер класс тармағының өкілдері:

A) Қырықбуын

B) Андреев мүгі

C) Ақ мүк

D) Маршанция

E) Метцгериялар

F) Плаун


16. Қырықбуындар класының өкілдері:

A) Гүлді қырықбуын

B) Шоқпарбас қырықбуын

C) Дала қырықбуыны

D) Селагинелла қырықбуыны

E) Шаңжапырақты қырықбуын




17. Алқалар тұқымдасының өкілдері:

A) Қоға


B) Бұрыш

C) Картоп

D) Қызынақ

E) Сарғалдақ

F) Бұйракендір


18. Итмұрындар тұқымдас тармағының өкілдері:

A) Құлпынай

B) Таңқурай

C) Сұлы


D) Жүгері

E) Алмұрт

F) Алма

G) Шие



19. Қараөріктер тұқымдас тармағының өкілдері:

A) Соя


B) Алша

C) Жуа


D) Жоңышқа

E) Алқа



20. Жасуша теориясын тұжырымдадауға үлес қосқан ғалымдар:

A) М.Шлейден

B) И.Чистяков

C) Т.Шванн

D) Ч.Дарвин

E) М.Мальпиги

F) И.Мечников

G) Р.Гук



21. Экологиялық топтағы мезофитті өсімдіктер:

A) Саңырауқұлақ

B) Қараөрік

C) Жоңышқа

D) Алабота

E) Мия


F) Қарақат

G) Жалбыз




22. Экологиялық топ мезофит өсімдіктер:

A) Қияр


B) Жусан

C) Жүгері

D) Қоға

E) Асқабақ




23. Тундра аймағының өсімдіктері:

A) Тұңғиық

B) Сфагнум

C) Балдыршөп

D) Көкшегүл

E) Сарғалдақ

F) Пияз


24. Тундра аймағының өсімдіктері:

A) Раушангүл

B) Бүлдірген

C) Қайың


D) Құлпынай

E) Балқарағай

F) Таңқурай


25. Шөл аймағының өсімдіктері:

A) Итмұрын

B) Сарсазан

C) Қияқөлең

D) Қоға

E) Тұңғиық


Биология (ботаника)

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Топырақтану



1. Үлкен геологиялық зат айналымы:

A) Ұзақ уақытқа созылған

B) Заттар ағымының құралуы, жерүсті, жер асты суларымен, желмен олардың шоғырланып шөгу құбылыстарының жиынтығы

C) Күн нұры радиациясының өзгерісімен өсімдік дамуының сәйкес құбылуы

D) Қоршаған ортамен өсімдіктердің арасындағы заттар айналымы

E) Жер қыртысының қабаттарға бөлінуі

F) Қоршаған орта және өсімдіктермен жануарлардың арасындағы зат алмасуы

G) Тірі немесе өлі бөлігінде заттардың өзгерістерімен жылжу құбылыстары




2. Топырақтың атқаратын әлемдік қызметтері:

A) Адамзаттың еңбегінің жемісі

B) Жер бетінде тіршіліктің негізгі өзегі, химиялық энергияны жинаушы

C) Табиғаттың туындысы

D) Атмосфера мен гидросфераның химиялық құрамын, биосфералық процестерді реттеуші болуы

E) Биосфералық процесстерді реттеуші, негізгі өндіріс құралы

F) Табиғаттағы үлкен және кіші зат айналымының өзара жүруіне әсер етуші


3. А2 қабаты:

A) Қарашірінді жиналу қабаты

B) Шайылған заттар жиналу қабаты

C) Иллювиальді қабаты

D) Аралық қабат

E) Элювиальды қабаты

F) Аналық тау жынысы қабаты


4. Топырақтану ғылымы зерттейді:

A) Адамзат еңбегінің туындысы, жемісі ретінде

B) Топырақты жақсарту және құнарсызданудан қорғау, халық шаруашылығында тиімді пайдалану жолдарымен әдістерін

C) Физикалық, химиялық қасиеттерін, жер кодексін

D) Топырақ түйіртпектілігін, егіншілікті

E) Тірі ағзалардың, ауа райының, жер бедерінің гидросфераның өзара қарым-қатынасы әсерін

F) Табиғи экологиялық жүйелерді


5. Іргелі топырақтану ғылымының дамыған салалары:

A) Топырақты қорғау, мелиорациялық топырақтану

B) Мелиорациялық топырақтану, орман шаруашылығының топырақтануы

C) Топырақ морфологиясы, топырақ минералогиясы

D) Топырақ құнарлығы, топырақты қорғау, топырақ картографиясы

E) Топырақ географиясы, топырақ тарихы, топырақ құнарлығы




6. Топырақ кескіні құрылысы ерекшелігіне байланысты түрлері:

A) Қарапайым, толық дамымаған, кәдімгі, әлсіз жіктелген, бұзылған

B) Аударылған, мозайкалы

C) Көп мүшелі кескін, полициклді, толық

D) Толық емес кескін, негізгі, орташа

E) Жартылай кескін, қалдықты кескін, мозайкалы

F) Кебірленген, сортаңданған, әлсіз жіктелген

G) Негізгі кескін, толық дамымаған, кәдімгі




7. В.В. Докучаев бойынша «Топырақ»:

A) Топырақ адамзат еңбегінің туындысы, жемісі

B) Халыққа азық-түлік, өндіріске шикізат беруші

C) Минералды–органикалық жаралынды зат

D) Табиғаттың ғаламат туындысы

E) Жердің үстіңгі қабатында жатқан, қарашіріндімен азды-көпті мөлшерде боялған

F) Тірі ағзалардың, ауа райының, жер бедерінің өзара қарым-қатынасы әсерінен пайда болған


8. Топырақтың морфологиялық белгілеріне:

A) Жер бедері, топырақтың түсі, өсімдік жамылғысы, түйіртпектілігі

B) Жайласуы, гранулометриялық құрамы, өсімдік жамылғысы

C) Топырақтың құрылысы, топырақтың және оның қабаттарының қалыңдығы

D) Топырақтың құрылысы, түсі, жайласуы, жер бедері

E) Жаңа жарандылар, жер бедері




9. Топыраққа ақ және ақшыл түс беретін қосылыстар:

A) Гипс


B) Вивианит

C) Қарашірінді қосылыстары

D) Темір қосындылары

E) Темір тотығы




10. Топырақ құралу процесіндегі басты буындар:

A) топырақта органикалық-минералды қосылыстар түзілуі

B) ағзалардың қалдықтары жер бетіне түсуі

C) топырақта минералдардың, органикалық заттардың өзгерістерге ұшырауы

D) заттардың еруі, шөгуі, булану

E) тау жыныстарымен минералдардың, жер қыртысының қабаттарға бөлінуі




11. Топырақ түзілетін тау жыныстары:

A) аналық немесе топырақ түзуші жыныс

B) топырақ түзуші жыныс

C) аналық және химиялық жыныс

D) биологиялық жыныс

E) физикалық жыныс

F) топырақ түзуші және физикалық жыныс


12. Зат айналымының түрлері:

A) Физикалық

B) Үлкен және орташа

C) Биологиялық

D) Биогеохимиялық

E) Геологиялық




13. Кебірлену үдерісі:

A) Топырақ қабатында алмаспалы натрий иондарының шоғырлануы

B) Бусану су құбылымы бар аумақтарда қалыптасады

C) Темірленген микроқұрылымды, аз сіңіру қабілеті бар, біріктігіштігі нашар

D) Топырақтың дәнше-кесекті құрылым қалыптасуымен сипатталады

E) Топырақтың физикалық, химиялық және басқа қасиеттері нашар болады

F) Топырақта шайылмалы су құбылымы қалыптасқан аймақтарда байқалады


14. Тың және жыртылған жерде топырақтың ең үстіңгі қабаты:

A) А1В

B) Аg

C) ВFe



D) Аж

E) Ао




15. Топырақты қабаттарға бөлгенде бір қабаттан екінші қабатқа алмасу сипаты:

A) Толық

B) Ақырын

C) Біртіндеп

D) Тез

E) Анық

F) Бірден


16. Шымтезек түзілу үдерісі нәтижесінде:

A) Топырақ қабатында алмаспалы натрий иондары шоғырланды

B) Топырақта шымтезек қабаты қалыптасады

C) Әлсіз ыдыраған органикалық қалдықтардың жинақталуымен сипатталады

D) Кебір және кебірленген топырақтар түзіледі

E) Бусану су құбылымы бар аумақтарда қалыптасады




17. Топырақ құралуының алғашқы кезеңінде:

A) Биогеохимиялық зат айналымы қалыптасады

B) Биологиялық өнім ұлғаяды

C) Тау жыныстарына тірі ағзалардың қоныстануы

D) Заттардың биологиялық айналымы қалыптасады

E) Физикалық, физикалық-химиялық, химиялық процестер жүреді




18. Қазбашаның қазылу қалыңдығы:

A) 120-150 см

B) 40-50 см

C) 65-90 см

D) 0-20 cм

E) 20-30 см

F) 90-120 см


19. Топырақтың даму кезеңінде:

A) Топырақ әлі қалыптаспаған, тек құралуына дайындықтар жүріп жатады

B) Топырақ өзіне тән ерекшеліктерінің барлығын өз бойына қалыптастырады

C) Биогеохимиялық зат айналымы әлі қалыптаспаған болады

D) Жоғары сатыдағы өсімдіктердің әрекетінің көлемі жоғарылайды

E) Топырақтың құрамы, қасиеттері көп уақыт тұрақты болып қалыптасады

F) Топырақтың қатты бөлігінің көптеген белгілері болмайды

G) Тау жыныстарына тірі ағзалардың қоныстанады




20. Кірме заттар:

A) Шынының, кірпіштің сынығы

B) Қарашірінді қосылыстары, шынылар

C) Темір, алюминий тотықтары

D) Гипс, кальций карбонаты, тастар

E) Жануарлардың сүйегі, көмірдің сынығы

F) Капролиттер, гипс, кальций карбонаты, тау жыныстарының сынығы


21. Морфо-генетикалық жіктелудің авторлары:

A) К.Д. Глинка

B) В.Р. Вильямс

C) В.А. Ковда

D) В.В. Докучаев, С.А. Закаров

E) К.К. Гедройц

F) Б.Б. Полынов

G) Я.Н. Афанасьев




22. Жоғары дисперсті аморфты қосылыстар:

A) Органикалық заттар

B) Мирабилит

C) Аллофан

D) Кальцит

E) Слюдалар

F) Гидрогетит

G) Кварц



23. Тұнба фракциясының физикалық қасиеттері:

A) Қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етілген

B) Негізінен жоғары дисперсті екіншілікті минералдардан тұрады

C) Негізінен біріншілікті минералдардан тұрады

D) Иленгіштігі нашар

E) Байланыстылығы және ылғал сыйымдылығы нашар, ісінуі жоғары

F) Байланыстылығы және ылғал сыйымдылығы өте жақсы, ісінуі жоғары

G) Өте жақсы су өткізгіш




24. Радиоактивті элементтерге:

A) Ra, Zr

B) Be, Rb

C) F, Ra


D) J, Cu

E) Mn, F


F) Rn, U

G) S, Mn



25. Органикалық қалдықтың құрамындағы су мөлшері:

A) 50-55%

B) 75-80%

C) 85-90%

D) 0-10%

E) 80-85%

F) 20-25%

G) 95-100%


Топырақтану

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


Жеміс-көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау




1. Жартылай қатты қанаттылар отрядының тұқымдастары:

A) қалқаншалы бақашықтар

B) ақкөбелектер

C) цикадалар

D) тарақандар

E) миридалар




2. Жеміс-көкөніс дақылдарын дақылдарын зақымдайтын көпқоректі турақанаттылар:

A) Астық шыбындары

B) Түнгі көбелектер

C) Қоңыздар

D) Шегірткелер

E) Қандалалар

F) Шекшектер

G) Шілделіктер




3. Қазақстан территориясында таралған саяқ шегірткелер түрлері:

A) Мароккалық шегіртке

B) Шөлейт шегірткесі

C) Трихограмма

D) Айқышты саяқ шегіртке

E) Атбасар саяқ шегірткеcі




4. Пияздың ызылдақ шыбынының биологиялық ерекшелігі:

A) Шыбын жасыл-қола түсті, ұзындығы 5-9мм дейін жетеді

B) Дернәсілі сұрғылт-сары, ұзындығы 7-11мм

C) Дернәсілі ақшыл-жасыл түсті, ұзындығы 7-11мм

D) Дернәсілі мен қуыршағы егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларында қыстайды

E) Шыбын жасыл-қола түсті, ұзындығы 10-12мм дейін жетеді

F) Қуыршағы егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларында қыстайды


5. Пияз шыбынының биологиялық ерекшелігі:

A) Жұмыртқа дамуы 2-3 күн

B) Жұмыртқадан 10-15 күннен кейін дернәсілдер шығады

C) Дернәсілдер 10-12 күн қоректенгеннен кейін топырақта қуыршақтанады

D) Жұмыртқадан 5-7 күннен кейін дернәсілдер шығып, пиязға енеді

E) Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгеннен кейін топырақта қуыршақтанады

F) Дернәсілдер 7-10 күннен кейін топырақта қуыршақтанады

G) Жұмыртқадан 15-16 күннен кейін дернәсілдер шығып, пиязға енеді




6. Сәбіз шыбынының биологиялық ерекшелігі:

A) Шыбын сары түсті, жылтыр, басы қоңырқай қызыл, мұртшалары мен аяқтары күрең қара

B) Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пілләда ғана қыстайды

C) Шыбын қара түсті, жылтыр, басы қоңырқай қызыл, мұртшалары мен аяқтары күрең қара

D) Ересек шыбынның денесінің ұзындығы 2-3 мм

E) Дернәсілдер топырақта, кейде көкөніс қоймаларындағы тамыр-жемістерде қыстайды




7. Жүзімнің негізгі аурулары:

A) антракноз

B) бокалды тат

C) қошқыл қызыл дақ

D) бағаналы тат

E) ақ дақ




8. Бүлдіргеннің сұр шірігіне шалдығатын өсімдік мүшелері:

A) жидегі

B) тамыры

C) басқа мүшелері

D) жапырағы

E) тамыр мойны

F) сабағы

G) гүлі



9. Күресудің агротехникалық тәсілі:

A) энтомофагтарды пайдалану

B) гербицидтерді қолдану

C) фунгицидтерді қолдану

D) ауыспалы егіс

E) биопрепараттарды қолдану

F) тыңайтқыштарды қолдану

G) топырақты өңдеу жүйесі




10. Шала түрленіп дамитын отрядттар:

A) тең қанаттылар

B) қабыршаққанаттылар

C) тура қанаттылар

D) жарғаққанаттылар

E) қосқанаттылар

F) қаттықанаттылар


11. Жеміс-көкөніс дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі турақанатты зиянкестер түрлері қай тұқымдастарға жатады:

A) Цикада

B) Нағыз шегірткелер

C) Бітелер

D) Шекшек

E) Күйе көбелектер

F) Алма жемірі


12. Қазақстандағы мароккалық шегірткенің ареалы:

A) Ақмола облысы

B) Батыс Қазақстан облысы

C) Жамбыл облысы

D) Оңтүстік Қазақстан облысы

E) Шығыс Қазақстан облысы

F) Солтүстік Қазақстан облысы


13. Жүзім шоғы ширатқыш көбелегінің биологиялық ерекшеліктері:

A) Қазақстанның солтүстігінде таралған

B) Жұмыртқалары жүзім бұтағы мен тармақтарында, түскен жапырақтардың астында, кейде топырақта қыстайды

C) Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында таралған

D) Вегетациялық кезеңде жүзім шоғы жапырақ ширатқыш көбелегі 1 ұрпақ беріп дамиды

E) Вегетациялық кезеңде жүзім шоғы жапырақ ширатқыш көбелегі 4-5 ұрпақ беріп дамиды

F) Вегетациялық кезеңде жүзім шоғы жапырақ ширатқыш көбелегі 3 ұрпақ беріп дамиды

G) Қуыршақтары жүзім бұтағы мен тармақтарында, түскен жапырақтар астында, кейде топырақта қыстайды




14. Долана жапырақ ширатқышының биологиясы:

A) Солтүстік Қазақстанда кездеседі

B) Жылына 1 ұрпақ береді

C) Қуыршақтары топырақ жарықшақтарында, сабақ айырылығында қыстайды

D) Барлық жерде таралған

E) Жұмыртқалары топырақ жарықшақтарында, сабақ айырылығында қыстайды




15. Долана көбелегінің биологиялық ерекшеліктері:

A) Жылына 1 ұрпақ береді

B) Ересегі қыстайды

C) Жұмыртқалары топырақтың беткі қабатында қыстайды

D) Жұмыртқа дамуы 15-20 күн

E) Жұлдызқұрттар сабақ діңнің айналасындағы топырақта қыстайды

F) Жылына 3 ұрпақ береді

G) Қуыршағы қыстайды




16. Қызанақтың вирус ауруларына тән сыртқы белгілер:

A) жіпшелену

B) шеңберлі дақтар

C) өңезді дақтар

D) ашық жасыл дақтар

E) бұрышты, майлы дақтар

F) жиекті, ақ дақтар

G) центрлі дақтар




17. Қырыққабат шырышты бактериозының таралуы:

A) ооспоралармен

B) саңырауқұлақ жіпшелермен

C) қандаламен

D) конидиялармен

E) зооспоралармен

F) спорангиоспоралармен


18. Қияр ауруларының қоздырғыштары:

A) phytophtora infestans

B) pseudoperonospora cubensis

C) synchytrium endobioticum

D) erysіphe cichoracearum

E) sclerotinia libertiana

F) pythіum debaryanum


19. Сұр шірік ауруының дамуына қолайлы жағдай:

A) құрғақ ауа райы

B) оптималды ауа температурасы

C) шықтың мол тузілуі

D) жиі жаңбырдың болуы

E) жарықтың түсуі

F) егістікте өсімдіктің жиілігі


20. Өсімдік карантині:

A) төзімді сорттарды пайдалану

B) тыңайтқыштарды қолдану

C) ауыспалы егісті ендіру

D) карантинді арам шөптердің елімізге әкеліуінен және еніп кетуінен қорғау

E) карантинді ауру қоздырғыштарын елімізге әкеліуінен және еніп кетуінен қорғау

F) карантинді зиянкестердін елімізге әкеліуінен және еніп кетуінен қорғау


21. Картоп тұқымын өңдеуде қолданылатын фунгицидтер:

A) витавакс 200 ФФ

B) раксил

C) максим 025

D) винцит

E) дивиденд экстрим

F) дерозал


22. Картоп фитофторозының белгілері:

A) түйнек ткані қарайып, шіриді

B) дақтар түйнек шетінен ортасына қарай таралған

C) сабақта дақтар түзілген

D) жапырақ бетінде қара-қоңыр дақтар, ал астында - ақшыл өңез

E) түйнекте жаралар




23. Сүйекті жемістілер клястероспориозының сыртқы белгілері:

A) жапырақта сұрғылт ұнтақты өңез

B) жапырақ үстінде дақтар, ал астыңғы бетінде жасыл өңез

C) жемісте қызыл-қоңыр ұсақ дақтар қабыршақтанады

D) жапырақта қызыл-қоңыр жиекті, кейін тесілетін дақтар

E) өркенде дөңгелек сары-қызыл жиекті, ашық түсті дақтар




24. Таз-қотыр ауруына қарсы қолданылатын фунгицидтер:

A) скор 250

B) дерозал

C) антракол

D) купроксат

E) каратан 350 ЛЦ




25. Жүзімнің милдью ауруына қарсы қолданылатын фунгицидтер:

A) антракол

B) колфуго-супер

C) ридомил голд МЦ

D) импакт

E) скор 250

F) дитан М-45

G) мистик


Жеміс-көкөніс дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


Жеміс шаруашылығы




1. Қазақстан Республикасында жеміс шаруашылығының дамуына еңбек сіңірген ғалымдар

A) И.Г. Андронов

B) А.Ж. Жангалиев

C) В.И. Эдельштейн

D) М.Р. Рытов

E) Б.Г. Матаганов




2. Субтропиктілер тобына жататын дақылдар:

A) шырғанақ, талшын

B) алхоры, шие

C) мәдени ананас

D) құрма, анар

E) унаби, фейхоа

F) інжір, авокадо


3. Ұшқат дақылын көп өсіретін жер:

A) Қазақстан

B) Еуропа елдері

C) Ресей


D) Канада

E) Тәжікстан




4. Қазақстанның жидек дақылдарын өсіретін негізгі аймақтары:

A) батыс


B) оңтүстік щығыс

C) солтүстік шығыс

D) шығыс

E) оңтүстік




5. Жеміс - жидек өсімдіктерінің негізгі өсінді мүшесінің бірі:

A) бұтақ


B) күлте жапырақ

C) тамыр


D) сабақ

E) жеміс


F) бүршік


6. Жарық сүйгіш жеміс өсімдіктері:

A) грек жаңғағы

B) өрік

C) қарақат



D) алма

E) көкжидек

F) зәйтүн

G) алмұрт




7. Бақ отырғызылатын орынды таңдауда:

A) электр тоғымен қамтамасыз ету

B) жер бедерін бағалау

C) газ құбырларының болуы

D) мал қораларының болуы

E) ірі су көздерінің болуы




8. ХV ғасыр аяғында қызыл қарақатты емдік өсімдік ретінде пайдаланған мемлекеттер:

A) Латвия

B) Эстония

C) Франция

D) Италия

E) Германия




9. Алмұрттың негізгі тараған аудандары:

A) Жапон


B) Өзбекстан

C) Қытай


D) Армения

E) Индия


F) Оңтүстік Украина

G) Солтүстік Америка




10. Көп жылдық шөптесін өсімдіктер:

A) құлпынай

B) өрік

C) алма


D) анар

E) мүк жидек

F) шабдалы


11. Қатты органикалық тыңайтқыштарды бақ қатараралықтарының бетіне шашқыштар:

A) КЯУ-100

B) РУС-4

C) РСШ-6

D) РПТУ-2A

E) МПС-1,0

F) КРН-4,2

G) ПРВН-2,5




12. Себіндік бөлімшесіне Сібір алмасының тұқымдарын бір ізді себу схемасына есептелген себу мөлшері, кг/га:

A) 12


B) 19

C) 22


D) 18

E) 21


F) 17


13. Жеміс дақылдарының активті тамырларының негізгі көлемі жатқан топырақ қабатының тереңдігі, м.:

A) 1,0


B) 1,9

C) 0,2


D) 2,5

E) 0,3


F) 0,8

G) 0,5



14. Ағаш бөрікбастары шеңберлі жеміс ағаштарын суару үшін пайдаланылатын машиналар:

A) ПЛ-67


B) РР89

C) ПЛ-90


D) ДДН-100

E) ДД-30


F) ККГ-23


15. Шырпудың қосымша әдістері:

A) ұзартқыш

B) деформациялау

C) қалыптастырғыш

D) жасартқыш

E) реттегіш

F) бұтақтарды ию

G) тұқырту




16. Ағаш бөрікбасының тостағанша тәріздес формасының артықшылығы:

A) бөрікбасы тығыз

B) желдің зиянды әсерлеріне аз шалдығады

C) кронасы аласа

D) жылдам құрастырылады

E) жемістердің сапасы, дәмі, түсі жақсарады

F) өнім жинауға ыңғайлы

G) бөрікбасы арасы жақсы жарықтанады




17. Көзшелеу үдерісінің операциялары:

A) телітушінің қабығын «Т» тәріздендіріп тілу

B) in vitro жағдайында ұсақ қалемшелеу

C) сақиналап кесіп алу

D) көпірлеп телу

E) қалқанды тілікке қыстыру және орап байлау

F) қабық қалқанын бүршігімен тіліп алу


18. Ұластыру жұмыстарын орындау үшін қолданылатын құралдар:

A) бақ қайшысы

B) шеге

C) пышақ


D) балта

E) ұластыру пышақтары

F) бақ нұмы


19. Жемістерді ұзақ уақыт сақтауға арналған контейнерлер сиымдылығы, кг:

A) 150


B) 200

C) 550


D) 100

E) 400



20. Ірі мамандандырылған жеміс шаруашылығында қолданылатын сорттау калибрлеу машиналары:

A) ЛСУ-3,5

B) АСК-2

C) ЛС-2


D) ВСО-25 «Стрела»

E) МПУ-1


F) ВУМ-15А


21. Қазақстанда өсірілетін негізгі жидек дақылдары:

A) ырғай


B) қара жемісті шетен

C) итмұрын

D) бөріқарақат

E) қарақат

F) бүлдірген

G) шырғанақ




22. Көшеттерді отырғызатын машиналар:

A) ПРВН-2,5А

B) КРН-2,8А

C) РУ-4


D) КРН-2,8

E) РУ-25


F) РПТ


23. Қарақат өсіретін топырақтар:

A) борпылдақ

B) ылғалы көп

C) құрғақ

D) ауыр сазды

E) тұзды



24. Тұшаланың вегетативті көбею түрлері:

A) мұртша

B) доға тәрізді сұлатпа сабақтар

C) ұластыру арқылы

D) жуашықтармен

E) баданалармен




25. Қарақат плантацияларындағы шырпу түрлері:

A) көлденең

B) шаруашылық

C) деформация

D) ұзыннан

E) қысқарта

F) майыстыру

G) бұтақтарды ию


Жеміс шаруашылығы

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет