Құрметті студент!
2016 жылы «Білім - 2» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.
Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.
Мамандық шифры
|
Мамандықтардың атауы
|
Жауап парағының 6-9 секторларындағы пәндер реті
|
5В010800
|
«Дене шынықтыру және спорт»
|
1. Педагогика
2. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
3. Спорт және дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
4. Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі (базалық спорт түрлері бойынша)
|
1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:
1. Педагогика
2. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
3. Спорт және дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
4. Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі (базалық спорт түрлері бойынша)
Тестілеу уақыты - 180 минут.
Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.
Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.
Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.
Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.
7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;
- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;
- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға
қатаң тиым салынады!
8. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.
Педагогика
|
1. Білім мазмұнының формальды теориясын ұстанушылар:
A) Гераклит
B) А.Я.Коменский
C) Платон
D) Цицерон
E) Песталоцци
F) Аристотель
G) Демокрит
|
2. Тұлға дамуының негізгі бағыттары:
A) әлеуметтік
B) дене
C) танымдық
D) қызығушылық
E) білімдік
F) эмоционалдық
|
3. Педагогика саласында балалардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар:
A) Ушинский К.Д., Толстой Л.Н
B) Сластенин В.А., Кузьмина Н.В
C) Хмель Н.Д., Ушинский К.Д
D) Толстой Л.Н., Хмель Н.Д
E) Дистервег А., Сластенин В.А
F) Толстой Л.Н., Сластенин В.А
|
4. Педагогикалық үдерістің қарама-қайшылығын зерттеген ғалым-педагогтар:
A) М.Н. Алексеев
B) С.Д. Конаржевский
C) Д.И. Алферов
D) В.А. Тихонов
E) В.И. Петров
F) К.С. Пономарев
|
5. Педагогикалық үдерістің мәнін қарастырған ғалым педагогтар:
A) М.А. Данилов
B) С.Т. Петров
C) В.Г. Белинский
D) И.А. Иванов
E) Б.Т. Лихачев
F) К.Д. Ушинский
G) Ю.К. Бабанский
H) А.И. Герцен
|
6. Эстетикалық тәрбие міндеттерінің бірі:
A) еңбек қабілеттілігін арттыру
B) ой қабілеттерін дамыту
C) эстетикалық білімдер беру
D) ағзаны шынықтыру
E) эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу
F) эстетикалық талғамды және сезімді дамыту
|
7. Тәрбиенің мақсаты:
A) Педагогикалық процесте тәрбие ісін жүргізу
B) Жеке тұлғаның наным сенімін қалыптастыру
C) Адамды жан-жақты дамыту
D) Қоғамның мүддесімен сәйкес болуы
E) Қоғам сұранысына сәйкес жеке тұлға қалыптастыру
F) Еңбек тәрбиесі және политехникалық білім беру
|
8. Дүниетаным - бұл:
A) Мектеп ұжымының алатын орнына деген көзқарастар жүйесі
B) Адамның алатын орнына деген көзқарастар жүйесі
C) Мектептің жағдайына деген көзқарастар жүйесі
D) Сынып ұжымының алатын орнына деген көзқарастар жүйесі
E) Қоғамның жағдайына деген көзқарастар жүйесі
|
9. Педагогтың жоспар құра білуі, ұйымдастыра білуі – бұл:
A) Іс-әрекеттің соңғы нәтижелі моделін құру
B) Оқу жоспарын
C) Дұрыс сөйлей білу
D) Жүйелеуді
E) Қарым-қатынасты басқара білу
F) Нәтижені болжай білу
|
10. Әңгімелесудің түрі:
A) шығармашылық
B) әңгімелесу-экспромт
C) диагностикалық
D) мадақтаушы
E) ынталандырушы
F) жазалаушы
|
11. А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму принциптері:
A) Басқалардың пікірін құрметтеу
B) Жариялылық, жауапты бағынушылық
C) Тәуелсіздік, гуманизм адамға жағымды әсер ететін тірек
D) Өз тәжірибеңді тәрбиелеуде қолдану
E) Тәртіпті қатаң сақтау, кез келген қателікті қатаң жазалау
|
12. Сынып жетекшісінің оқушыларды зерттеу әдістері:
A) Тәжірибені қарастыру
B) Индукция және дедукция
C) Жағдаятты талдау
D) Жеке дара және топтық әңгімелесу
E) Бақылау
|
13. Тәрбиеде ата-аналардың жіберетін негізгі қателіктері:
A) Мектеп пен жанұяның ынтымақтастығы
B) Насихат, жазғыру, ұрсу
C) Педагогикалық сауатсыздық
D) Тәрбиелік іс-әрекеттің жүйесіздігі
E) Тәжірибесіздік
F) Жұмыс бастылық
G) Лайықты тәртіпті қалыптастырмау
|
14. Оқу бағдарламасының мазмұндық құрылысы ол:
A) Оқыту материалдары оқушылардың жас ерекшелігіне сай болады
B) Оқытудың өтілетін материалдары күрделеніп оқытылады
C) Оқу материалы қол жетерлік деңгейде болады
D) Оқу материалы қарапайымнан күрделіге ауысып отырады
E) Оқыту материалының мазмұны қайталанып отырады
|
15. Білім беру стандарты:
A) Оқуыту деңгейін айқындайды
B) Білім беру сапасын анықтайды
C) Бағдарламалардың сапасын анықтайтын құжат
D) Міндетті оқыту компоненттерін анықтайды
E) Білім беру нормаларын анықтайды
F) Білім беру саласын қамтиды
G) Оқу жоспарларын қолданады
H) Міндетті білім берудің негізгі құжаты
|
16. Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ түрі:
A) Оқу саяхаттары
B) Аралас сабақ
C) Қосымша сабақ
D) Диктант сабағы
E) Өткен материалды қайталау, пысықтау
F) Біліктілікті қалыптастыру
G) Факультатив
|
17. Білім беру жүйесін стандарттау қажет:
A) Тың оқу жоспарларының енгізілуі үшін
B) Білім сапасын арттыру үшін
C) Нәтижелілік деңгейін арттыру үшін
D) Тәжірибе меңгерудің ғылыми мінездемесі
E) Баламалы оқулықтардың қосылуы үшін
F) Жаңалықтар енгізу үшін
|
18. Ұжымдық- танымдық іс-әрекеттің мынадай белгісі бар:
A) Жалпы мақсаттарды жүзеге асыру
B) Іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелсіздіктін пайда болуы
C) Іс-әрекеттер барысында оқушыға жағдай жасау және оларды басқару
D) Іс-әрекет барысында анықталған материалдар бойынша тұжырым жасау
E) Жалпы іс-әрекеттің жоспары болуы
F) Ұжымдық іс-әрекет барысында, әрбір оқуышы өзіндік білімін көрсете алуы
G) Бірынғай мақсаттық, жалпы мотивтің болуы
|
19. Білім, білік және дағдыны қалыптастыру үдерісі қажет етеді:
A) Оқу жоспарын
B) Тұлға болмысын
C) Бақылауды
D) Бағыттауды
E) Диагностикалауды
|
20. Қалыптастырушы тұғырдағы тәртіп үлгісі:
A) Білімді бекіту
B) Есте сақтау
C) Бағалау
D) Түсіндіру
E) Жаттығу
|
21. Дидактикада оқыту технологиялары жіктелетін сипаттар:
A) Нәтижелілік деңгейі
B) Әдістемелік негіз
C) Философиялық негіз
D) Қолдану деңгейі
E) Тәжірибені меңгерудің ғылыми сипаттамасы
|
22. Білім беру мемлекеттік стандарттары:
A) педагогикалық технологияларды іріктеуге қатысады
B) оқыту әдістерін таңдауға ықпал етеді
C) білім беруді және оны басқаруды ізгілендіруді қамтамасыз етеді
D) азаматтардың толыққанды, сапалы білім алуын қамтамасыз етеді
E) ұйымдастыру формаларын іріктеуге қатысады
F) білім беру мекемелерін жетілдіруге қатысады
G) білім беруді реттеуді қамтиды
|
23. Басқаруды ұйымдастырудың формалары мен бағыттары:
A) Педагогтарды психологиялық-педагогикалық тұрғыда диагностикалау
B) Қоғамдық ықпалдарды пайдалану жолдарын ұсыну
C) Педагогикалық отырыстар; әдістемелік кеңестер
D) Психологиялық-педагогикалық тестілеу нәтижесін қадағалау
E) Педагогтарды жаппай сауаттандыру, сауықтыру
F) Әдістемелік бірлестіктер
G) Педагогикалық үдерістің негізгі мақсатын айқындау
|
24. Педагогикалық үдерістегі диагностиканың мәні:
A) Педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтеру тәсілі
B) Маман шеберлігінің деңгейін анықтау
C) Мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру жүйесі
D) Мұғалімді басқару ұстанымы
E) Дидактикалық процестің бағыт-бағдарын, ілгерілі не кері қозғалысын анықтау
F) Педагогтардың жетістіктерін бағалау әдісі
G) Педагогикалық ақпарат түрлеріне сипаттама
|
25. Мектептің жылдық жұмыс мазмұнын талдаудың мазмұнына енеді:
A) Білім мазмұнын сараптау
B) Педогогикалық кеңес жұмысының нәтижесі
C) Оқушылардың тәрбиелік деңгейі
D) Әдістемелік жұмыстың сапасы
E) Директордың міндетін анықтау
F) Білім мазмұнын қарастыру
G) Ата-аналар комитетінің жұмыс жоспарын анықтау
Педагогика
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
|
1. Жыныстық жетілу сатысының басқаша аталуы:
A) Даму кезеңі
B) Мектептік кезең
C) Ауыспалы кезең
D) Аяқталу кезең
E) Жас шамасындағы қиын кезең
F) Мектепке дейінгі кезең
G) Мектептен кейінгі кезең
H) Пубертатты кезең
|
2. Қиын пәндер:
A) Математика
B) Жаратылыстану
C) Әдебиет
D) Өлең
E) Жазу
F) Сурет
|
3. 7 жасқа дейін құрылған қозғалыс қабілеттері мен қалыптасулары қажет:
A) Сабақты оңайлатуға
B) Мектептен тыс үйірмелерге
C) Оқытушылардың тәрбие үдерісі үшін
D) Дұрыс теңдестірілген тамақтану үшін
E) Білім алу үдерісін жақсарту үшін
F) Ол қабілеттерді мектепте одан әрі жетілдіру үшін
G) Болашақта спорттан жоғары нәтижелерге жету үшін
H) Неғұрлым күрделі қозғалыстарды үйренуді жеңілдетеді
|
4. Бастауыш мектеп оқушыларымен сабақты ұйымдастыру кезінде:
A) Ұзақ қыспаққа алып, бұйрық бермеу керек
B) Басқа балаларға кедергі болмау керек
C) Ұзақ әрі монотонды сабақтарды жүргізбеу керек
D) Ауыр жүктемелер беру керек
E) Жүктемені қатаң мөлшерлеу керек
F) Ағзаға жүктемені біртіндеп күшейту керек
G) Балаларды көзден таса қылмау керек
H) Шамадан тыс жүктемені орындату керек
|
5. Оқу ғимараттарының негізгі микроклиматтық факторлары:
A) Бөлме температурасы
B) Ауа қозғалысының жылдамдығы
C) Иондаушы сәулелену
D) Көтерілген инсоляция
E) Ауа ылғалдығы
F) Радиациялық сәуле шығарулар
G) Жарық
H) Көлеңке
|
6. Балалар ағзасында дәрумендердің жоқтығы, кемшiлiгі және көптігінің атауы:
A) Гипервитаминоз
B) Гипоксия
C) Аменорея
D) Гипертония
E) Авитаминоз
F) Гипофункция
G) Гиповитаминоз
H) Гипотония
|
7. Кіші жастағы балалардың ең ұзақ шомылу уақыты:
A) 14 мин
B) 8 мин
C) 11 мин
D) 13 мин
E) 15 мин
F) 9 мин
G) 12 мин
H) 10 мин
|
8. Сумен емдеу шаралары:
A) Шомылу
B) Сүрту
C) Сығу
D) Сумен сүрту
E) Озондау
F) Қыздырыну
G) Су құйыну
H) Шапалақтау
|
9. Қаңқа бұлшықеттерінің функциясы:
A) Рефлекторлық
B) Қалыпты сақтау
C) Рецепторлық
D) Дененің ауысуы
E) Иррадиация
F) Локомоторлық
|
10. Қыз балаларда жыныстық жетілу кезеңіне кіру өлшеміне байланысты ми үдерісінің бірқалыпты жақсаруы бұзылатын жас:
A) 18 жас
B) 11 жас
C) 9 жас
D) 13 жас
E) 15 жас
F) 12 жас
|
11. 6 жастағы баланың систола қан қысымының деңгейi:
A) 96-102 мм.сын.бағ.
B) 90-95 мм
C) 110-120 мм.сын.бағ.
D) 95-105 мм.сын.бағ.
E) 98-103 мм.сын.бағ.
|
12. Орта және жоғарғы сынып оқушыларының жүрек сыйымдылығының мөлшері:
A) 150-180 мл
B) 200-210 мл
C) 130-145 мл
D) 130-140 мл
E) 130-150 мл
|
13. Орта сыныпта оқитын оқушылардың ағзасында жалпы тәуліктік шығынының көлемі құрайды:
A) 2600 кал.
B) 2050 кал.
C) 2100 кал.
D) 2000 кал.
E) 2500 кал.
|
14. Жоғарғы мектеп жасындағылардың жүйке белгілері:
A) Барлық іске ұстамдылық
B) Оқудағы жетістіктер
C) Тыныштық, адекватты реакция
D) Ашуланшақ, адекватсыз реакциялар
E) Қалыпты дене қызуы
F) Спорттағы жетістіктер
|
15. 6 жастағы баланың ерікті зейін қоюы үшін:
A) Аз уақыттық зейін
B) 15 мин.
C) 30 мин.
D) 45мин.
E) 25 мин.
F) 35 мин.
G) 20 мин.
|
16. Балалардың иық сөмкесін тағынуының артықшылығы:
A) Орташа жүктеме
B) Жүктемесі үлкен
C) Талаптарға сай емес
D) Дененің симметриялық қалпы сақталады
E) Жүктеме біркелкі бөлінеді
F) Жүктеме біркелкі емес бөлінеді
G) Гигиеналық таза
H) Жұмыс қабілеттілігін сақтайды
|
17. Никотиннің көрсетілген іс-әреттерге теріс әсері бар:
A) Қозғалыс белсенділігіне
B) Асқазан, ішек жолына
C) Ішкі секреция безіне
D) Несеп жүйесіне
E) Миға
F) Қан түзілу жүйесіне
G) Тыныс алу жүйесіне
H) Жүрек, қан тамырлар жүйесіне
|
18. Балаларға шынықтыра емдеу шараларын бұрыс мөлшерде қолданылуы туғызады:
A) Психикалық тонустың төмендеуін
B) Психикалық тонустың жоғарылауын
C) Қимылдың белсенділігін
D) Жоғарғы белсенділікті
E) Әлсіздікті
F) Тежеулікті
G) Функционалдық бұзылулар шақырмайды
H) Қозғыштық
|
19. Жоғарғы құрамды ақуыз өнімдерін қолданудың спортшылар үшін үлесі:
A) Бұлшықет массасының көбеюіне
B) Қалыпқа келуге
C) Дененiң массасын қалыптандыруға
D) Ептiлiктi дамытуға
E) Тартылуға
|
20. Балалар мишығының атқаратын қызметі:
A) Иррадиацияны жүзеге асырады
B) Дене теңгерімділігін қамтамасыз етеді
C) Үстемдiк функция
D) Вегетативтi функцияны реттеу
E) Рефлекторлық функция
F) Қаңқалы бұлшықеттердiң тонусын реттейдi
|
21. Адамның құлағы еститіндей ең төменгі дыбыс:
A) 8-24 Гц
B) 18-20 Гц
C) 4-24 Гц
D) 6-24 Гц
E) 14-24 Гц
|
22. Жыныстық гормондарға жатады:
A) Эстрогендер
B) Тироксин
C) Норадреналин
D) Вазопрессин
E) Андрогены
F) Адреналин
|
23. Бүйрекүсті бездері өзінің қызметіне байланысты бөлінеді:
A) Катехоламины
B) Глюкагон
C) Глюкокортикоидтар
D) Минералокортикоидтар
E) тироксин
F) Йодтиронин
G) Соматотропты
H) Инсулин
|
24. Ас корыту сөлдерінің концентрациясы ересек адамдардікіне жақындап, ас қорыту ферменттерінің белсенділігі максималды, ас қорыту сөлінің қышқылы жоғарылайды, асқазанда қорытылу дамиды:
A) 5 жаста
B) 13 жаста
C) 14 жаста
D) 9 жаста
E) 7 жаста
F) 8 жаста
G) 15 жаста
|
25. Жасөспірім және жеткіншек жаста симпатикалық типтің вистибуло-вегетативтік реакциялар ұлғаяды. Вестибулярлық жүктеменің әсерінен әртүрлі реакциялар және жағдайлар болуы мүмкін:
A) Оң эмоционалды реакциялар
B) Субъективті уақыттың өтуі төмендейді
C) Сілтілердің бөлінуі
D) Қышқыл реациялар
E) Объективті уақыттың өтуі
F) Теріс эмоционалды реакциялар
G) Субъективті уақыттың өтуі жоғарылайды
H) Объективті уақыт
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Спорт және дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
|
1. Дене тәрбиесi мұғалiмiнiң қызмет ортасы:
A) Оқушы
B) Оқу орнының спорттық залы
C) Сынып
D) Оқушылардың спорттық көрсеткiшi
E) Мектеп ауласы
F) Оқушылар ұжымы
|
2. Дене тәрбиесi жүйесiнiң мiндеттерi:
A) Психологиялық
B) Дидактикалық
C) Теориялық
D) Тәрбиелiк
E) Сауықтыру
F) Жарыстық
G) Бiлiм берушiлiк
|
3. Дене тәрбиесінің жаттығулары:
A) Қара жұмыс
B) Лақтыру
C) Жүгіру, секіру
D) Энергия жинау
E) Көтеру, жүзу
|
4. Қимыл түрлерiне жатады:
A) Қозғалыс iскерлігi
B) Бiлген жаттығуларын байыпты орындау
C) Сәл қателесiп орындау
D) Дәлме-дәл, үнемдi қозғалыстар
E) Икемдi қозғалыстар
|
5. Жылдамдықты құрайды:
A) Жеке мүшелердiң қозғалыс жиiлiгi
B) Анатомиялық белгiлерi
C) Реакцияның латенттi уақыты
D) Ми қыртысындағы импульстер жиiлiгi
E) Қозғалыс амплитудасы
F) Жеке қозғалыстың жасырын уакыты
G) Физиологиялық көрсеткiштер
|
6. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі:
A) Бала-бақшадағы тәрбие жүйесінің дене тәрбиесін даярлайды
B) Мектепке дейінгі балалардың дене мәдениеті
C) Қозғалмалы ойындардан тұрады
D) Дене тәрбиесiнiң арнайы бөлiгi
E) Төтенше көп жоспарлы мәселе
F) Өскелең ұрпақтың денсаулығын қалыптастыратын іс-шаралар
G) Өскелең ұрпақтың дұрыс дене бітімін қалыптастыратын іс-шаралар
|
7. Жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесі сабағында шешілетін міндеттер:
A) Этнопедагогика ілімдерін оқыту
B) Денсаулықты нығайту
C) Тәрбиелеу міндеттері
D) Жан-жақты дене дайындығы
E) Дағды-машыққа үйрету әліппесін бастау
|
8. Техникалық даярлық үшін оңтайлы жас:
A) 5-11 жас
B) 5-7 жас
C) 9-13 жас
D) 16-18 жас
E) 15-17 жас
F) 18 жас және одан үлкен
G) 7-11 жас
|
9. Тұлғаны дамыту факторлары:
A) Оқыту мен тәрбиенiң әдiстерi
B) Өзiн-өзi тәрбиелеу
C) Тұлғаның ұжымдағы мәртебелiк дәрежесi
D) Жетiстiк дәрежесi
E) Оқуға қызығушылық
|
10. Дене тәрбиесіндегі тамыр соғысын есептеу жолымен зерттеу әдісі:
A) Жүректің соғу жиілігін анықтау
B) Хронометраж
C) Теориялық
D) Телеметрия
E) Жүктемені жүректің соғу жиілігіне орай реттеп тұру
|
11. Бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру сабағында көп көңіл бөлінетін міндеттер:
A) Қозғалыс қызмет техникасын меңгеруді тереңдете жүргізу
B) Ойындар арқылы зеректігін дамыту, жеке гигиенасын ұстану
C) Мүсінді қалыптастыру
D) Дұрыс дене тұрқын қалыптастыру
E) Дене қабілетінің дамуы
F) Теориялық дайындық
G) Күрделі дене жаттығуларын үйренуге өту
|
12. Денсаулықтары аздап нашарлаған, дене қуаты дайындығы төмен топ:
A) Дене тәрбиесі тобы
B) Сыныпта денсаулығы нашар оқушылар болмауы мүмкін
C) Қорытынды топ
D) Дайындық тобы
E) Тәжірибелік топ
F) Негізгі медициналық топ
G) Денсаулықтары мықты медициналық топ
|
13. Анаэробты мүмкіндігін төзімділікті тәрбиелеу барысында шешу:
A) Ұзақ уақыт бойынша ауа қабылдау қабілетін дамыту
B) Ағзаның қарсылық мүмкіндіктерін көбейтеді
C) Фосфорреактивтік механизм мүмкіндігін арттыру
D) Өкпе сыйымдылығын арттыру
E) Ауаны максималды қабылдауды арттыру
F) Жарыстық кезеңде шешіледі
G) Жаттықтырушының нұсқауымен орындау арқылы
|
14. Оқу-жұмыс жоспарының анықтайтын қызметі:
A) Қойылған міндеттердің шешілу жолы
B) Бағдарламалық материалдарды жалғастыру
C) Қозғалысқа үйретудің жалғасы
D) Қосымша жұмыс жоспары
E) Дене қасиеттерін одан әрі дамыту, жетілдіру
F) Дағды-машық әліппесін қалыптастыру
|
15. Кәсіптік-қолданбалы қызметтің дайындық түрі:
A) Дене тәрбиесінің спорттық дайындық түрі
B) Болашақ мамандықты игеруге көмектеседі
C) Дене тәрбиесінің педагогикалық дайындық түрі
D) Өндіріс орындарындағы дене тәрбиесі
E) Дене мәдениеті сабағын оқыту түрі
F) Дене тәрбиесінің арнайы мамандандырылған түрі
|
16. Теориялық жолмен өтетiн зерттеу әдістері:
A) Биохимиялық
B) Көлемдiк көрсету жолымен
C) Физикалық
D) Педагогикалық бақылау, сауалнамалық, тестілік
E) Әдебиеттiк талдау
F) Қорытындылау
|
17. Спорттық дайындықтың мақсаты:
A) Дәрежелі қызмет ету
B) Еңбек ету және Отан қорғау
C) Спорт түрінен жоғары нәтижеге жету
D) Арнайы жаттығуларды меңгере, дағды-машықтарды жетілдіру
E) Спорттық шеберлілікті арттыру
|
18. Өзгеріссіз күшті анықтайтын бұлшық ет жиырылуының тәртібі:
A) Швед спорттық-гимнастикалық жүйесінде көп қолданылады
B) Изобаралық
C) Аралас
D) Изотониялық
E) Изометриялық
F) Жеңу арқылы
G) Изотермиялық
|
19. Жаттығу микроцикліндегі техникалық даярлықтың орны:
A) Жаттықтырушының нұсқауы бойынша
B) Аптаның аяғында
C) Демалыстан соң алғашқы күні
D) Үшінші күнде
E) Жарыс алдындағы күндері
F) Даярлық алғашқы жаттықтыруда-ақ өте береді
|
20. Ретроспективті ақпараттарды қабылдау әдісі:
A) Жаңалықтарды енгізу
B) Ескі зерттеу әдістерінің ең пайдалы түрлерін іріктеп алу
C) Гипотезаның жасалынуы
D) Тәрбие үдерісімен жұмыс істеу
E) Зерттеу жоспарын жасайды
|
21. Семіздіктен сақтандыруға әсер ететін құралдар:
A) Тыныс алу жаттығуы, таза ауада серуендеу
B) Жүзу, диета сақтау
C) Орта күшті талап ететін жаттығулар
D) Үлкен күшті талап ететін жаттығулар
E) Дене мүшесінің бір бөлігіне ғана әсер ететін жаттығулар
F) Күшті талап етпейтін жаттығулар
|
22. Тәжірибелік әдіс:
A) Педагогикалық үдеріске жаңа педагогикалық фактор енгізу
B) Ескі және жаңа ақпараттарды салыстыру арқылы жаңалықты енгізу
C) Педагогикалық құбылыстарды сипаттайды
D) Мұғалім жеке жоспармен жұмыс істейді
E) Оқытудың деңгейі
F) Жалпы оқу-тәрбие жұмысының мазмұны
|
23. Дене тәрбиесі пәнінің 2-ші бөлімі:
A) Оқушының білім дәрежесі
B) Дене бітімін жетілдіру
C) Дене тәрбиесінің басты бағыттағы әдістемесі
D) Дене тәрбиесінің басты бағыттағы ілімі
E) Мектептегі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
|
24. Жаттығу сабақтары кезінде спортшы ағзасында болатын өзгерістер:
A) Ең жоғарғы өтемділігі
B) Дағды-машықтың одан әрі жетілуі
C) Төселу реакциясы
D) Кенеттен болған реакциясы
E) Бұлшық етінің тоқтаусыз өсуі
F) Жаттығу тиімділігі
|
25. Анаэробты мүмкіндігіне әсер ету жолын төзімділікті тәрбиелеу барысында шешу:
A) Өте жоғары жылдамдықтағы жаттығу ырғағын ұзақ уақыт түсірмеу
B) Ағзаны оттегімен қамтамасыз ету
C) Өкпе сыйымдылығын арттыру
D) Вакуумдық қалыпта күш қабілеттерін жетілдіру
E) Ұзақ уақыт бойынша ауа қабылдау қабілетін дамыту
F) Ауаны максималды қабылдауды арттыру
Спорт және дене тәрбиесін оқыту әдістемесі
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
(базалық спорт түрлері бойынша)
|
1. Спорттағы бірыңғай деңгейдің көріну жақтары:
A) Әлеуметтік салада көрінеді
B) Биологияда көрінеді
C) Экологияда көрінеді
D) Табиғатта көрінеді
E) Қоғамда көрінеді
F) Математика дак өрінеді
|
2. Спорттық заңдылық жүйесіндегі жалпы деңгейдің көріну саласы:
A) Арнайы әдіс, қағидаларды оқытуда
B) Идеологияда
C) Мәдениетте
D) Мамандық бойынша білім беру саласында
E) Саясатта
F) Нарықтық экономикада
G) Әлеуметтік салада
|
3. Оқу-спорттық жұмыстардың қолданылу саласы:
A) Мектептен тыс дене тәрбиесі спорттық іс-шараларында
B) Білім беру мекемелерінде
C) Жасөспірімдер спорт мекемелерінде
D) Демалыс орындарында
E) Көпшілік тұратын аудандарда
|
4. Спорттық үйірменің қосалқы түрлері:
A) Реттік, саптық, жүру, жүгіру, секіру жаттығулары
B) Экскурсия ұйымдастыру
C) Спорт техникасын ескеріп, бұлшық еттерді даярлау
D) Спорт түрінің техникасын үйрену
E) Спорт түрінің тактикасын қалыптастыру
F) Иілгіштік, күш, дәлдік, икемділік жаттығулары
|
5. Жылдамдықты мыналар құрайды:
A) Ми қыртысындағы импульстер жиiлiгi
B) Физиологиялық көрсеткiштер, анатомиялық белгiлерi
C) Қарсыластың қозғалысына қарсы реакция, ұстау жылдамдығы
D) Қозғалыс жылдамдығы
E) Жеке қозғалыстың жасырын уакыты
F) Биологиялық реакциялар
|
6. «Акробатика» түсінігі:
A) Спортта да, циркте де қолданылады
B) Гимнастика спортының жеке бір түрі
C) Адамның дағдыға айналған жүріс тұрыс мәнері
D) Жеке спорт түрі
E) Биологиялық, әлеуметтік жағдайлар
F) Спорттық-көпшіліктік, үгіт насихат жұмыстары
G) Кедергілері көп, ойлы қырлы жерлермен жүгіру
|
7. Қазақтың ұлттық ойындарының түрлері:
A) Бәйге, ақсүйек, теңге алу
B) Шахмат, жүзу
C) Айкидо, самбо, дзюдо
D) Волейбол, теннис
E) Су полосы
|
8. Жаттықтыру сабағындағы дайындық бөлімінің міндеттері:
A) Шапшаңдық, күш көрсеткіштерін өсіру
B) ж.ж.ж. иілгіштік, күш, икемділік қасиеттерін дамыту жаттығуларын игеру
C) Сабақ тақырыбын естірту, алдағы жаттығу түрлерін орындауға даярлық
D) Денені қыздырып, сабақтың негізгі бөлімін игеруге даярлау
E) Реттік, саптық, жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын игеру
F) Спорт түрінің техникасын игеру
G) Бұлшық еттер мен сіңірлерді алдағы жүктемеге даярлау
|
9. Сайыстар жүйесінің пәні:
A) Адамның ақыл-ой қасиеттері
B) Адамның дағды-машықтарын өлшеу
C) Спортта жаттықтану әдістемелері
D) Адамның қозғалыс қабілеттіліктерін өлшеу
E) Адамның дене қасиеттерін өлшеу
|
10. Спорттың жалпы педагогикалық қызметіне жататындар:
A) Ой-саналық-тәрбиелік, рухани-тәрбиелік
B) Атақты спортшыларды құрметтеу
C) Жаттықтырушының жарыстардағы әрекеті
D) Спорттың жалпы саласы
E) Еңбектік-тәрбиелік
|
11. Спортшының ой-саналық тәрбиелік қызметі бұл:
A) Жаттықтырушы мерейі
B) Дене бұлшық еттерін жақсарту
C) Жарыстардан қалмау
D) Теориялық білімді практика жүзінде іске асыру
E) Ескi жағдайдан жаңа жағдайға қарай қозғалу үдерісі
|
12. Спортшының қозғалыс дағдысының сипаттамасы:
A) Ой елегiнен өткiзiп орындау
B) Сапалы түрде орындау
C) Сананың қатынасуынсыз автоматты түрде басқару
D) Сапасыз түрде орындау
E) Дене қасиеттерінің дамуының шарықтау шегі
F) Дағды-машықтың әбден жетілуінің арқасында
|
13. Жаттықтыру тығыздығын арттырудағы қолданылатын әдiстемесi:
A) Жаттығушылардың өздігінше жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады
B) Айналмалы тәсiлдi қолдану
C) Жеке тапсырма беру
D) Сөзбен әсер ету
E) Жүйелiлiк пен бiрiздiлiк, қайталау
|
14. Семіздіктен сақтандыруға әсер ететін амал-құралдар:
A) Орташа күштік жаттығулар
B) Қозғалмалы ойындар
C) Күрделі күштік жаттығулар
D) Біркелкі қарқындағы жаттығулар
E) Жүзу, ескек есу, теннис
F) Диета ұстап, тамақ тәртібін сақтау
|
15. Дене дамуының көрсеткіштеріне жататындар:
A) Өмір сүруге өте қажетті денсаулығы
B) Күш сапасының көрсеткіштері
C) Күш, жылдамдық, төзімділік қасиеттері дамуының көрсеткіштері
D) Дене қимылы білімінің, дене қасиеттерінің дамуының көрсеткіштері
E) Өмір сүруге өте қажетті дене бітімі
F) Дене қимылы дайындығының, жоғары спорттық нәтиженің жалпы деңгейі
|
16. Қозғалыс іс-әрекетіне үйретуге жатады:
A) Білім берушілік тапсырмалары
B) Коррекциялық дамытушылық тапсырмалары
C) Дене қасиеттерін жетілдіру амалдары
D) Сауықтыру тапсырмалары
E) Машықтану арқылы жарыстық іс-әрекеттерді дамыту
F) Тәрбиелік тапсырмалары
G) Дамытушылық, сауықтыру тапсырмалары
|
17. Кеңiстiктегi уақыт мiнездемесiнiң негiзi:
A) Жылдамдық күшi
B) Жылдамдық төзімділігі
C) Қарқынды қозғалыс жеделдігі
D) Қозғалыс жылдамдығы
E) Қозғалыс жеделдігі
|
18. Спорттық жаттықтырудағы машықтық:
A) Дене тәрбиесiнiң сапасы
B) Дағдылы қозғалыс
C) Арнайы бiлiмiнiң қалыптасуы
D) Қозғалыс әрекетiне ұсыныс жасау
E) Дағды-машық шеберлігі
F) Қозғалысқа үйрету
G) Қимыл-қозғалыс автоматтығы
|
19. Күшті дайындау бағытына қарай жұмсалатын күш сипаты:
A) Изометриялық жаттығулар
B) Тартымдылық күші
C) Қайталау санын тұрақты өсіріп, жаттығуды үзбеу
D) Үлкен жылдамдық күшімен орындау
E) Статикалық жаттығулар
F) Тартымдылық күшін қайталау
G) Жүктеме салмағын біртіндеп көтеру
|
20. Дененің рекреациясы:
A) Күш-жігерден айырылу
B) Дайындықтың барлық түрлерінен жоғары деңгейде болу
C) Дене қасиеттері мен техникалық даярлықтың дамуына зор үлес қосады
D) Әңгімелесу
E) Пайдалы үзіліс
F) Қалыпқа келу
|
21. Кедергімен жүгірген кездегі жылдамдық жолының өсуі:
A) Жаттығуды жылдам және үлкен көлемде қолдану
B) Ерте мамандандырудың біржақты дене дайындығы
C) Статикалық жаттығуды үлкен көлеммен қолдану
D) Ерте мамандандыру
E) Негізгі дене қасиеттерін жақсы жетілдіреді, дағды-машықтар дамиды
|
22. Қозғалыс әдісінің құрамы:
A) Динамикалық құбылыстардан тұрады
B) Әдіс бөлшектерінен тұрады
C) Әдістің негізі
D) Әдістің анықтайтын бөлімі
E) Ырғақты құбылыстардан тұрады
F) Кинематикалық құбылыстардан тұрады
G) Әдістің негізгі сиқын бұзуға әсер етпейтін қозғалыстар
|
23. Пульсометрия мақсаты:
A) Жеңімпаз болуға арналған мақсатты іс-әрекет
B) Сабақ бойы жүктемені реттеп тұруға көмектеседі
C) Қимыл-қозғалысты анықтау
D) Оқушылардың ағзасына түскен жүктемені тамыр арқылы анықтау
E) Оқушылардың белсенділігін арттыру
F) Дене сапаларын жетілдіру
G) Іс-әрекеттің жылдамдығын бақылау
|
24. Болжамдау пәніне кіретіндер:
A) Дене тәрбиесінің халықтық құралы
B) Көбінесе динамикалық жаттығулардан құралған
C) Спорттың ойындық түрлеріндегі жағдайларды болжамдау
D) Ірі шараларда көңіл көтеру құралдары
E) Болашақ спорттағы материалдық-техникалық базаны болжамдау
F) Дене мәдениетінің бір бөлігі
|
25. Спорттағы болжамдаудағы уақыттық диапазондар:
A) 1 жылдан 4 жылға дейін – орта мерзімді деп аталады
B) Ойынның алдында – букмекерлік деп аталады
C) 1-2 сағаттық – мезеттік деп аталады
D) 4 жылдан 8 жылға дейін – ұзақ мерзімді деп аталады
E) 1-2 күндік – шұғыл деп аталады
F) Ойыннан соң – ұтып алған қаражатты күту уақыты деп аталады
Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
(базалық спорт түрлері бойынша)
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Достарыңызбен бөлісу: |