Құрметті студент!
2016 жылы «Білім - 1» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.
Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.
Мамандық шифры
|
Мамандықтардың атауы
|
Жауап парағының 6-9 секторларындағы пәндер реті
|
5B010300
|
«Педагогика және психология»
|
1. Педагогика
2. Педагогиканы оқыту әдістемесі
3. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
4. Психологияны оқыту әдістемесі
|
1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:
1. Педагогика
2. Педагогиканы оқыту әдістемесі
3. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
4. Психологияны оқыту әдістемесі
Тестілеу уақыты - 180 минут.
Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.
Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.
Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.
Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.
7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;
- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;
- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға
қатаң тиым салынады!
8. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.
Педагогика
|
1. Педагогика:
A) Қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асыратын ғылым
B) Тұлғаның кәсіби қалыптасу проблемасын қарастырады
C) Жеткіншек ұрпақты дамыту сұрақтарымен айналысады
D) Баланың физиологиялық даму заңдылығын қарастырады
E) Тұлғаның өсу, қалыптасу заңдылығын зерттейді
|
2. Тұлға дамуының негізгі бағыттары:
A) әлеуметтік
B) эмоционалдық
C) білімдік
D) қызығушылық
E) психикалық
F) танымдық
G) тәрбиелік
|
3. Педагогика саласында балалардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар:
A) Сластенин В.А., Кузьмина Н.В
B) Толстой Л.Н., Сластенин В.А
C) Ж.Ж.Руссо, Дистервег А
D) Хмель Н.Д., Ушинский К.Д
E) Толстой Л.Н., Хмель Н.Д
F) Коменский Х.А., Джон Локк
G) Ушинский К.Д., Толстой Л.Н
|
4. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер:
A) психологиялық
B) әдіснамалық
C) технологиялық
D) практикалық
E) эмпирикалық
F) теориялық
|
5. Педагогикалық үдерістің қарама-қайшылығын зерттеген ғалым-педагогтар:
A) В.И. Петров
B) К.С. Пономарев
C) С.Д. Конаржевский
D) М.Н. Скаткин
E) В.А. Тихонов
F) Д.И. Алферов
G) М.Н. Алексеев
H) М.А. Данилов
|
6. Эстетикалық тәрбие міндеттерінің бірі:
A) ғылыми дүниетаным қалыптастыру
B) ағзаны шынықтыру
C) эстетикалық білімдер беру
D) эстетикалық талғамды және сезімді дамыту
E) эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу
|
7. Аристотель тәрбие мақсатын:
A) Мінез-құлықты дамыту деп білді
B) Ерік-жігерді дамыту деп білді
C) Мектеп ұжымын дамыту деп біліді
D) Жан рақымды дамыту деп білді
E) Ақыл-есті дамыту деп білді
|
8. Дүниетаным - бұл:
A) Мектеп ұжымының алатын орнына деген көзқарастар жүйесі
B) Мемлекеттің дамуына деген көзқарастар жүйесі
C) Ақиқатты дүниеге деген көзқарастар жүйесі
D) Мектептің жағдайына деген көзқарастар жүйесі
E) Қоғамның жағдайына деген көзқарастар жүйесі
|
9. Педагогтың жоспар құра білуі, ұйымдастыра білуі – бұл:
A) Оқу жоспарын
B) Қарым-қатынасты басқара білу
C) Бағыттауды
D) Дұрыс сөйлей білу
E) Іс-әрекеттің соңғы нәтижелі моделін құру
|
10. Әңгімелесудің түрі:
A) жазалаушы
B) жеке дара этикалық әңгіме-сұхбаттар
C) ынталандырушы
D) шығармашылық
E) мадақтаушы
F) эпизодтық (ауық-ауық әңгіме-сұхбаттар)
G) әңгімелесу-экспромт
|
11. А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму принциптері:
A) Жариялылық, жауапты бағынушылық
B) Басқалардың пікірін құрметтеу
C) Тәуелсіздік, гуманизм адамға жағымды әсер ететін тірек
D) Перспективті бірізділік
E) Жұптық іс-әрекет
F) Өз тәжірибеңді тәрбиелеуде қолдану
G) Тәртіпті қатаң сақтау, кез-келген қателікті қатаң жазалау
|
12. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің міндеттері:
A) Диагностикалық
B) Болжамдық
C) Тәрбиелік
D) Әлеуметтік
E) Психологиялық
F) Педагогикалық
|
13. Тәрбиеде ата-аналардың жіберетін негізгі қателіктері:
A) Педагогикалық сауатсыздық
B) Лайықты тәртіпті қалыптастырмау
C) Тәжірибесіздік
D) Насихат, жазғыру, ұрсу
E) Мінез-құлық ерекшеліктері
|
14. Оқу бағдарламасының мазмұндық құрылысы ол:
A) Оқыту материалдары оқушылардың жас ерекшелігіне сай болады
B) Оқытудың өтілетін материалдары күрделеніп оқытылады
C) Бұрынғы материалдардың логикалық жалғасы болып табылады
D) Оқу материалы қол жетерлік деңгейде болады
E) Оқу материалы қарапайымнан күрделіге ауысып отырады
|
15. Білім беру стандарты:
A) Оқу жоспарларын қолданады
B) Білім беру сапасын анықтайды
C) Бағдарламалардың сапасын анықтайтын құжат
D) Білім беру нормаларын анықтайды
E) Міндетті білім берудің негізгі құжаты
F) Міндетті оқыту компоненттерін анықтайды
G) Білім беру саласын қамтиды
H) Оқуыту деңгейін айқындайды
|
16. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерімен айналысқан зерттеушілер:
A) В.Н. Иващенко
B) К.И. Дружинин
C) А.М.Раевский
D) В.В. Тихонов
E) И.Т. Волков
F) В.И.Безруков
G) М.В. Огородников
|
17. Білім беру жүйесін стандарттау қажет:
A) Философиялық негізін қалыптастыру үшін
B) Жаңалықтар енгізу үшін
C) Нәтижелілік деңгейін арттыру үшін
D) Баламалы оқулықтардың қосылуы үшін
E) Мектептегі оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі үшін
F) Тың оқу жоспарларының енгізілуі үшін
|
18. Ұжымдық- танымдық іс-әрекеттің мынадай белгісі бар:
A) Іс-әрекеттер барысында оқушыға жағдай жасау және оларды басқару
B) Жалпы мақсаттарды жүзеге асыру
C) Бірынғай мақсаттық, жалпы мотивтің болуы
D) Ұжымдық іс-әрекет барысында, әрбір оқуышы өзіндік білімін көрсете алуы
E) Жалпы іс-әрекеттің жоспары болуы
F) Іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелсіздіктін пайда болуы
|
19. Білім, білік және дағдыны қалыптастыру үдерісі қажет етеді:
A) Диагностикалауды
B) Бағыттауды
C) Оқу жоспарын
D) Бақылауды
E) Тұлға болмысын
F) Оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесін анықтауды
|
20. Қалыптастырушы тұғырдағы тәртіп үлгісі:
A) Жаттығу
B) Қайталау
C) Үлгі көрсету
D) Бағалау
E) Білімді бекіту
|
21. Дидактикада оқыту технологиялары жіктелетін сипаттар:
A) Психологиялық негіз
B) Теорияны меңгерудің ғылыми сипаттамасы
C) Әдістемелік негіз
D) Қолдану деңгейі
E) Әдіснамалық деңгейі
F) Нәтижелілік деңгейі
|
22. Білім беру мемлекеттік стандарттары:
A) білім беруді және оны басқаруды ізгілендіруді қамтамасыз етеді
B) педагогикалық технологияларды іріктеуге қатысады
C) білім беру мекемелерін жетілдіруге қатысады
D) ұйымдастыру формаларын іріктеуге қатысады
E) білім беруді реттеуді қамтиды
F) оқыту әдістерін таңдауға ықпал етеді
|
23. Басқаруды ұйымдастырудың формалары мен бағыттары:
A) Педагогтарды жаппай сауаттандыру, сауықтыру
B) Психологиялық-педагогикалық тестілеу нәтижесін қадағалау
C) Педагогтарды психологиялық-педагогикалық тұрғыда диагностикалау
D) Нұсқау-әдістемелік
E) Педагогикалық отырыстар; әдістемелік кеңестер
F) Қоғамдық ықпалдарды пайдалану жолдарын ұсыну
G) Педагогикалық үдерістің негізгі мақсатын айқындау
|
24. Педагогикалық үдерістегі диагностиканың мәні:
A) Дидактикалық процестің бағыт-бағдарын, ілгерілі не кері қозғалысын анықтау
B) Педагогтардың жетістіктерін бағалау әдісі
C) Педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтеру тәсілі
D) Мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру жүйесі
E) Педагогикалық деректерге басшылық
F) Маман шеберлігінің деңгейін анықтау
G) Мұғалімді басқару ұстанымы
|
25. Біліктілікті көтеру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін:
A) Сала, ұйым, мекеме деңгейінде жүргізілетін тақырыптық пролемалы емес орташа мерзімді семинарлар
B) Мамандардың кәсіби қызмет бағытында біліктілік көтеру мекемесінде ұзақ мерзімді оқуы
C) Қосымша жұмыс орнында үзіліссіз өткізілетін қысқа мерзімді тақырыптық оқулар
D) Біліктілікті белгілі уақыт аралығында жоғарлату
E) Тақырып аясындағы орташа мерзімді семинарлар
F) Ұзақ мерзімді тақырыптық оқулар
Педагогика
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Педагогиканы оқыту әдістемесі
|
1. Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні:
A) Тәжірибе мен теорияның байланысы
B) Педагогиканы оқытуды басқару
C) Біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру
D) Педагогиканы оқыту үдерісі
E) Оқыту үдерісі
|
2. Ғылымды мынадай белгілері ерекшелейді:
A) Психологиялық
B) Серпінділік
C) Ұйымдастырушылық
D) Тәрбиелік
E) Әлеуметтік
F) Жүйелілік
|
3. Сабақ:
A) Әр түрлі оқыту әдістері мен құралдарды қолданып өткізетін оқытуды ұйымдастырудың бір формасы
B) Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
C) Инновациялық әдістерді жүзеге асыратын оқыту формасы
D) Оқушылар арасындағы байқау ұйымдастыру формасы
E) Жарыс түрінде өтетін үдеріс
F) Олимпиада жүргізуді жүзеге асыру формасы
G) Үнемі пікірталас болатын үдеріс
|
4. Жалпы педагогика бөлімдері:
A) Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, үлкендер педагогикасы
B) Логопедия, сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика
C) Тәрбие теориясы
D) Педагогикалық психология, таным теориясы
E) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика
|
5. Білім беру мазмұнын жетілдіруге әсер ететін факторлар:
A) Тұқым қуалаушылық
B) Кәсіби ұйымдар мүдделері
C) Тұлға қажеттіліктері
D) Азамат құқықтары
E) Қоршаған орта
F) Жолдаулар
|
6. Педагогиканың ғылым пән ретінде:
A) Тәрбие біртұтас педагогикалық процесс
B) Дамыту педагогикалық процесс
C) Біртұтас педагогикалық процесс
D) Іс-әрекет процесс
E) Танымдық процесс
F) Оқыту біртұтас педагогикалық процесс
G) Әлеуметтендіру біртұтас педагогикалық процесс
|
7. Жоғарғы оқу орнындағы оқытуды ұйымдастыру формасы:
A) Семинар
B) Дәріс
C) Саяхатқа шығу
D) Кино фильм
E) Кураторлық сағат
F) Лабораториялық сабақ
|
8. Оқытудың белсенді әдістері:
A) Топпен зерттеу әдісі
B) Жобалау әдісі
C) Баяндау
D) Әңгіме әдісі
E) Сұхбат әдісі
F) Көрнекілік
|
9. Білім берудің гуманистік парадигмасын дайындаумен айналысқан ғалым:
A) К. Роджерс
B) П.Р. Атутов
C) П.Ф. Каптерев
D) С.Т. Шацкий
E) Р.Г. Лемберг
|
10. Әдіс:
A) Әділдік, жүйелілік, жеке дара қатынасты реттейтін жүйе
B) Оқытудағы ұтымды жол
C) Қойылған мақсатқа жетудің ретті амалдары
D) Саналылық және белсенділікті арттыру
E) Құбылыстағы қоданбалы әрекет
F) Бірыңғайланған тәсілдердің жиынтығы
G) Көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері
|
11. Білім беру мазмұнының элементтері:
A) Білім мазмұны, құралдары
B) Іс-әрекет әдістері
C) Оқыту
D) Технологиялар
E) Оқыту құралдары, әдістері
F) Оқыту ұстанымы
|
12. Ұйымдастырудың көпшілік формалары:
A) Тапсырмалар
B) Кештер
C) Педагогикалық медитация
D) Психологиялық кеңес беру
E) Студенттердің өздік жұмыстары
F) Көрмелер
G) Жәрмеңкелер
|
13. Мектептегі оқу сапасын келесідей құжаттар анықтайды:
A) Оқу жоспарлары
B) Тәрбиелік жұмыстардың жоспарлары
C) Сынып жетекшінің жұмыс жоспары
D) Оқу бағдарламалары
E) Оқу кітаптары
|
14. Білімді тәжірибе қолдану және ілім мен дағдыларды қалыптастыру бойынша оқу жұмысы:
A) Лабораториялық сабақтар
B) Ғылыми ізденіс
C) Үлгілеу
D) Оқушылармен тәжірибелік жұмыс
E) Баяндама жасау
F) Конспект жаздырту
G) Фрагменттерді көрсету
|
15. Оқытудың практикалық операциялық әдістері:
A) Ғылыми ізденіс
B) Лабораториялық жұмыс
C) Жаттығу
D) Мәселелік
E) Үлгілеу
F) Оқушымен жұмыс
G) Практикалық жұмыстар
|
16. Дәріс оқу барысында оқытушы:
A) Бақылаушы
B) Фотограф
C) Шешен
D) Жолсерік
E) Сценарист ролдеріне енеді
F) Дегустратор
|
17. Оқушылардың шығармашылық зерттеушілік дағдыларының дамуы орын алады:
A) Ойлау үдерісін белсендендіру тәсілдерін қолданылу барысында
B) Оқытудың инновациялық әдістерін қолданылу барысында
C) Дәрісте
D) Ойын үдерісінде
E) Жаттықтыру сабағында
F) Дәстүрлі оқыту түрінде
|
18. Топтық жұмыс:
A) студенттер білімінің көрінісі ретінде сұрақтарды бағалауы
B) өзекті тақырыпты талқылауға арналады
C) топ бойынша тапсырмаларды орындауы
D) біріккен іс-әрекет
E) жеке жұмысты қамтамасыз етеді
F) студенттердің өзіндік жұмысы
|
19. Ғылымилық ұстаным:
A) Ғылымның жетістіктерін пайдалану
B) Тәжірибедегі жаңа ғылыми жетістіктердің негізі
C) Ескірген материалдардың жүйелілік ақпараттылығы
D) Жоспарлылық
E) Әдептілік
|
20. Модульдік – рейтингтік бақылаудың артықшылықтары:
A) оқытушының үндестірілген рейтингтік үдетулер шкаласын қолдануы
B) білім алушылардың білімін анықтау
C) деректі білімдерін жедел тексеру
D) көп тақырыптардан тұратын, қисындық жағынан аяқталған модульдер түрінде беріледі
E) аудиториялық сабқтардың барлық кезеңдерінде жүргізуге болады
F) білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін рейтингтік баллдардың тұтас жүйесін пайдалану арқылы басқару мүмкіндігі
|
21. «Педагогикалық мониторинг» тақырыбын өтуде қарастырылатын сұрақтар:
A) Тұлғаны дамытуға әсер етететін факторлар
B) Тұлғанық ғылыми-шығармашылық қасиеттерін дамыту
C) Тұлғаны психологиялық дамытуда қолданылатын әдістер
D) Педагогикалық болжамдар құрастыр
E) Педагогикалық диагностика әдістемелерін ата
|
22. Йена жоспары:
A) Мазмұндаманы жазуға үйрету жолы
B) Жеке адамды сыйлауға, балалардың еркіндігі мен дербестігінің үйлесіміне негізделетін жоспар
C) Бақылау жұмысын жүзеге асыруға бағытталған жоспар
D) Оқу тәрбие үдерісіне тұлғалық бағытталуы мен оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін үйлестіретін мектеп жұмысын ұйымдастыру жүйесі
E) Оқушы, мұғалім, ата-аналардың тығыз байланысына негізделген жоспар
|
23. Мәселелік және дамыта оқыту әдістерінің авторлары:
A) Л.В. Занков, А.К. Дусавицкий
B) И.Я. Лернер, М.И. Махмутов
C) В. Давыдов, В. Шаталов
D) Н.Д. Хмель, Р.Г. Лемберг
E) А.В. Текучев, И.Я. Лернер
F) Г.А. Уманов, А.П. Сейтешев
G) А.П. Сейтешев, А.А. Бейсембаева
|
24. Модульдік оқыту қағидалары:
A) Оқу материалын мақсатқа лайықтап іріктеу, мақсатқа сай блоктарға бөлу
B) Дайындық жүгізуде кезеңді сақтау
C) Жолдастық қағида
D) Кері байланысты әдістемелік қамтамасыз ету
E) Сыни көзқарас қағидасы
F) Педагогикалық талдауды есепке алу
G) Өзара әрекеттестікті ескермеу
|
25. «Педагогикалық жүйелерді басқару» немесе мектептану бөлімі ғылымдар тоғысында қарастырылады:
A) Практикалық психология
B) Физиология
C) Менеджмент
D) Басқару психологиясы
E) Пәнді оқыту әдістемесі
Педагогиканы оқыту әдістемесі
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
|
1. Тәрбие үдерісі:
A) Өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі
B) Ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру үрдісі
C) Ата-ананың мінез-құлықындағы ауытқушылықты тәрбиелейтін процесс
D) Сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі
E) Оқытушының мақсатқа жетудегі іс-әрекеттер мен дағдылар жиыны
F) Көпфакторлы, кешенді, үздіксіз үдеріс
|
2. Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас стильдері:
A) Авторитарлық
B) Әлеуметтік
C) Психологиялық
D) Демократиялық
E) Либералдық
|
3. Диспут:
A) Пікірталас
B) Сайыс
C) Ойды ортаға салу
D) Тәжірибелік жұмыс
E) Әңгіме
F) Дәріс
G) Түсіндіру
|
4. Сыныптың тәрбие жоспарына қойылатын талаптар:
A) Тәрбиелік іс-әрекеттердің формаларын таңдау
B) Тәрбие жоспары ауқымының кең болуы
C) Тәрбие жұмысы нәтижесінің айқындығы
D) Жоспардың нақтылығы
E) Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі
|
5. Сынып жетекшісінің функциялары:
A) Инновациялықты жасау
B) Балалардың дамуын диагностикалау
C) Ұжымды топтастыру
D) Отбасы өміріне ретсіз араласу
E) Практикаға енгізу
F) Мереке ұйымдастыру
G) Ашық есік күндерін өткізу
|
6. Оқушылардың сыныптық ұжымы:
A) Ғылыми-ізденушілік бағыттағы ұйымдасқан ұжым
B) Жас ерекшелігіне қарай бір бағдарламамен оқуға біріккен балалар ұжымы
C) Білім алу мақсатында, ішкі қарым-қатынасы қалыптасқан балалар ұжымы
D) Мектептен тыс мекемелердегі шығармашылық ұжым
E) Білім, тәрбие мақсатына жету үшін құрылатын оқушылар ұжымы
|
7. Баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне әсер ететін талап, формалары:
A) Түсіндіру
B) Өнеге-өрнек
C) Кеңес, өтініш, сенім, қолдау
D) Ойын, ишара, жеке талаптары
E) Позитивті және негативті талаптар
|
8. Қазіргі күнде өзекті болып отырған тәрбие мәселесіндегі қажетті құндылықтар:
A) Тәрбие құралы белсенділік құндылықтары
B) Мәдени құндылықтар
C) Технократтық
D) Материалдық құндылықтар
E) Космополитизм
F) Рухани құндылықтар
|
9. Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор:
A) Тәрбие беру ұйымдары
B) Педагогикалық үдерістің мүмкіндіктері
C) Тәрбие әдістері
D) Ата-аналар
E) Оқушылардың қажеттіліктері
F) Мемлекеттік идеология
G) Педагогтар
|
10. Тәрбие процесінің құрылымының сатылары:
A) Еңбек байланыстарды анықтау
B) Сабақтың тәрбиелік мақсаттарын жүйелеу
C) Іс-әрекетке араласу және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу
D) Білімнің сенімділігі, сезім қалыптастыру
E) Қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі
F) Қызығушылықпен сабақ дайындау
G) Мәдени шараларға қатысу
|
11. Тәрбие үдерісінің диалектикасы бейнеленеді:
A) оқушылар сайысымен
B) қарама қайшылығымен
C) ішкі қайшылықтарымен
D) топтағы келісіммен жүзеге асырылуы арқылы
E) ғалымдардың пікірлерімен
F) мұғалімдер арасындағы өзара әрекетпен
G) мәдени шараларды қадағалаумен
|
12. Көп факторлы тәрбие үдерісіне қатысады:
A) Қоғамдық пікір
B) Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру шарасы
C) Қоғамдық орындар
D) Мемлекет
E) Өнерге үйрету
F) Оқу-әдістемелік жұмыс
|
13. Тәрбие заңдылықтарының негізгі қозғаушы күші:
A) Екі жақты қайшылықтар
B) Педагогтің талап қоюы
C) Қарама-қайшылықтары
D) Педагогикалық процестің мүмкіндіктері
E) Педагогтің тәрбие міндеттеріне сәйкес тәрбие құралдарын таңдау білуі
F) Тәрбие мақсаты мен міндеттері
|
14. Мектептегі негізгі тәрбие жұмыстарының негізгі қызметі жүктеледі:
A) Оқушыларға
B) Сынып жетекшісіне
C) Мектеп директорына
D) Мектеп директорының орынбасарына
E) Ата-аналар комитетіне
|
15. Балалардың мектептен тыс тәрбие мекемелері тізіміне кіреді:
A) Қоғамдық бірлестіктер
B) Отбасы
C) Балалардың шығармашылық үйі
D) Аудандық білім беру бөлімі
E) Мектептегі дәрігер бөлмесі
|
16. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу формалары:
A) Адамзат туралы әңгімелесу
B) Ата-аналарға кеңес беру
C) Ата-аналарының қарым-қатынастарына ықпал жасау
D) Ата-аналарының жұмыстарына әсер ету
E) Сынып ата-аналарының жиналысы
F) Ата-аналар консилиумы
|
17. «Балдырған» сатысына мүше бола алады:
A) 8-сынып оқушылары
B) 9-сынып оқушылары
C) 7-сынып оқушылары
D) 2-сынып оқушылары
E) 4-сынып оқушылары
F) 3-сынып оқушылары
|
18. Сыныптағы тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу әдісі:
A) Статистикалық әдіс
B) Педагогикалық эксперимент
C) Жазалау
D) Тестілеу
E) Әңгіме
|
19. Адамгершілікке тәрбиелеудің формалары:
A) Өнер мұражайына саяхат
B) Ғылыми-практикалық конференция
C) Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысу
D) Кәсіптік бағдар беру жұмысы
E) Қайырымдылық акциялары
|
20. Отбасы тәрбиесі, экологиялық тәрбие, еңбек тәрбиесі, имандылық (конфессионалдық) тәрбиесі:
A) Интитуционалдық белгі
B) Кешенді тәрбие жұмысы
C) Ынталандыру
D) Мазмұны
E) Қарым-қатынас стилі
F) Жазалау
|
21. Тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау принципінің міндеттері:
A) Тәрбие жағдайларындағы кедергілер
B) Сапалардың бағыттылығын анықтауды білу
C) Сөздік және сезімдік үрдерістердің даму деңгейін талдау
D) Тәрбиеленушілердің жеке темперамент ерекшеліктерін, көзқарастарын,талғамдарын жақсы білу
E) Қарама-қарсылықты жою
F) Мектеп пен отбасыға байланысын дамыту
|
22. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлардың қатары:
A) Ұжымның өмір сүру жағдайлары мен дамуы, оқушының ұжымдық қатынас жүйесіндегі жағдайы, тәрбиеленушінің жеке және тұлғалық ерекшеліктері
B) Кәсіби қызмет жүйесі
C) Себеп-салдарды әрекетке араластыру
D) Қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі
E) Әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекеттер
F) Міндетті іс-әрекеттер мен дағдылар
|
23. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие бағыттары:
A) Жас натуралистер мен техниктер станциясының жұмысы
B) Инабаттылыққа үйрету
C) Тақырыптық кештер
D) Ұлттық ойындар
E) Еңбек тәрбиесі
F) Патриоттық тәрбие
G) Адамгершілік тәрбиесі
|
24. Педагогикалық тұрғыда мінез-құлық қалыптастыру әдісі:
A) Диспут
B) Жарыс
C) Ойнату
D) Қалыптастыру
E) Үлгі-өнеге
F) Дағдыландыру
G) Жаттығу
|
25. Тәрбие ісінің мақсаты мен жоспарлаудың негізгі көздері:
A) Қоғамдық жағдайларға негізделген әлеуметтік жағдаяттар
B) Тәрбие үдерісінде қолданылатын формалар
C) Іс-әрекетке араласуды жеңілдету
D) Мәдени тынығу шараларын жоспарлау, ұсыну
E) Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасына тәуелді
F) Белгілі бір кезеңге арналған оқу-тәрбие мекемесі жұмыстарының бағыты
G) Тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Психологияны оқыту әдістемесі
|
1. Психология пәнінен бірінші оқу құралдары баспадан ғалымдардың басқаруымен шықты:
A) С. Л. Рубинштейн
B) П. Я. Гальперин
C) А. Н. Леонтьев
D) К.Г. Юнга
E) К. Н. Корнилова
|
2. Психологияны оқуда қолжетімділік қағидасы арқылы жүзеге асады:
A) студенттерге хабарланатын ақпараттардың дәлелділігі
B) оқушылардың білімі мен қызығушылықтары
C) тұлға үшін оқу материалының маңыздылығын ескеру
D) қарапайымнан күрделілікке өту
E) оқу материалының объектівті ғылыми фактілермен сәйкестілігі
F) психологияның заманауи жетістіктерін пайдалану
|
3. Оқытудың негізгі қағидалары:
A) тәрбиенің қағидасы
B) жүйелілік қағидасы
C) құндылық қағидасы
D) елеулілік қағидасы
E) айқындылық қағидасы
F) мәдениеттің қағидасы
|
4. Қолданбалы психологияның салалары:
A) өнер психологиясы
B) еңбек психологиясы
C) жалпы психология
D) тұлға психологиясы
E) этнология
F) биология
G) психофизиология
|
5. Қашықтан оқытудың ерекшелігі:
A) оқу әдістемелік құрад
B) құралдардың макеті
C) білім берудегі көрнекілік құрал
D) ақпараттық технология
E) интернет
F) психологиялық тәжірибе
G) компьютерлік телекоммуникация
|
6. Жобалау әдісінде іс-әрекет жасау бағыттары:
A) іскерлік
B) серіктестік
C) өз бетінше
D) шығармашылық
E) жұптық
F) үлгі бойынша
|
7. Мнемикалық процестерді дамыту тапсырмалары:
A) еске алу
B) аудиотаспаларды тыңдау
C) өзгешеліктерді көрсету
D) метафораны таңдау
E) анықтамаларды есте сақтау
|
8. Белгілі бір сөздік пікірді туғызуды көздейтін тапсырмалар:
A) библиографиялық сілтегішті құру
B) құбылысты сипаттау
C) баяндама жасау
D) эмпирикалық деректерді жалпылау
E) метафоралар таңдау
F) анықтама беру
|
9. Психологияны оқытуда көрнектілік қағидасы арқылы жүзеге асады:
A) тұлға үшін оқу материалының маңыздылығын ескеру
B) оқу материалының объектівті ғылыми фактілермен сәйкестілігі
C) студенттерге хабарланатын ақпараттардың дәлелділігі
D) бейнелеу өнерінің туындыларын, суреттерді пайдалану
E) кестелер, сызбалар мен диаграммаларды көрсету
F) оқу материалының жүйелендіруі
|
10. Психологияны оқытудың көрнекілік әдістері:
A) бейнефильмдердің көрсетілімі
B) топтық дискуссия
C) кестені көрсету
D) психологиялық міндеттердің шешімі
E) іскерлік ойын
|
11. Миға шабуыл кезеңдері:
A) слайдтарды көрсету
B) ойларды жинақтау және бағалау
C) психологиялық тапсырмаларды шешу
D) бақылау
E) сауалнама
|
12. Оқытудың қазіргі кездегі белсенді әдістері:
A) жеке оқыту
B) ғылыми-тәжірибелік оқыту
C) түсіндірмелі-иллюстративті оқыту
D) мәселелік оқыту
E) бағдарламаланған оқыту
F) жан-жақты оқыту
G) зерттеу арқылы оқыту
|
13. Психология сабағының конспектісінің құрылымы:
A) сабақты өткізу орны және уақыты
B) тапсырмалардың көлемі
C) сабақтың мақсаты және міндеттерінің сипаттамасы
D) сұрақтарға жауап
E) сабақтағы білім алушылардың саны
|
14. Психологиялық тапсырмаларды әдістемелік талдау бөлімдері :
A) қорытынды жасау
B) пікір жургізу
C) ой жинақтау, дәлел келтіру
D) әртүрлі сөз тіркестерінде бере білу
E) ұғым, пікір, ой қорытындысы
F) анализдеу, синтездеу, жинақтау
G) негізгі ойлар мен тұжырымдарды бөліп көрсету
|
15. Дәрістердің негізгі қызметтері:
A) ақпараттық
B) түсіндірмелі
C) ынталандырушы
D) реттеушілік
E) бағдар берушілік
|
16. Жоғарғы мектептерде белгіленген семинар сабақтарының түрлері:
A) семинар практикум
B) семинар -конференция
C) алдын –ала өтетін семинар
D) жеке семинар
E) арнайы семинар
F) тақырыптық семинар
G) семинар -пікірсайыс
|
17. Психологиядан эмпирикалық мәліметтерді жинақтау әдістері:
A) эксперимент
B) әңгімелесу
C) индукция
D) талдау
E) бақылау
|
18. Психологиядан өзіндік жұмыс тапсырмалары:
A) дәріс конспектілерін оқу
B) аудиториямен жұмыс
C) конспектілеу
D) сұхбаттасу
E) практикум
F) емтихан
G) тренинг
|
19. Психологиялық лекторийдің тәжірибелік бөлімінің үлгісі:
A) түсіндіру
B) семинар
C) әңгіме
D) кеңес беру
E) практикум
F) диагностикалық сабақтар
G) тренинг
|
20. Оқу видеофильмін құрастыру талаптары:
A) бейнелік
B) ақпараттық
C) түзетушілік
D) әдістемелік
E) монтажды
F) дайындаушылық
G) бақылаушы
H) қорытындылық
|
21. Бақылаудың тиімділік шарты:
A) шынайылылығы
B) қол жетімділігі
C) объективтілігі
D) валидтілігі
E) өзектілігі
F) проблемалық
|
22. Сынақ – білімді бақылаудың қарапайым нысаны ретінде:
A) «біледі» және «білмейді» екі деңгейлі өлшемі
B) дискуссия
C) жаппай жауап алу
D) реферат жазу
E) қысқаша жауап беру (1,5-2 мин)
F) «сынақ» және «есепке алмау» бинарлық бағалары
|
23. Психология бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізу жоспары:
A) тәжірибелік тапсырмаларды орындау
B) презентация жоспарын құрастыру
C) тезистерді құру
D) орындалған жұмыстың қорытындысын талқылау
E) оқушыларың теориялық дайындығын тексеру
|
24. Психология пәні бойынша оқытушының сабаққа дайындық міндеттері:
A) тәжірибелік ұсыныстар дайындау
B) тәжірибе жүргізу
C) сабақ мақсатын анықтау
D) тақырыптық жоспар дайындау
E) тестік бақылау
F) сабақ кезеңдерін жоспарлау
G) силлабусты құрастыру
|
25. Психология пәнінің зертханалық және тәжірибелік сабақтарының негізгі қызметі:
A) зерттеу жұмыстарын меңгеру біліктілігі
B) практикалық тапсырмаларды орындауда теориялық білімдерді колдану
C) арнайы қабілеттілікті дамыту
D) кәсіби іскерлікті қалыптастыру
E) оқу әрекетін меңгеру
F) тәжірибелік икемділікті қалыптастыру
Психологияны оқыту әдістемесі
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Достарыңызбен бөлісу: |