Сұрақтар-жауаптар:
1. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын алуға кім үміткер бола алады?
Білім беру грантын алуға үміткерлер:
ЖЖОКБҰ-да (оқу орындарының тізбесі Қордың сайтында жарияланған) күндізгі оқу бөлімінде бакалавриат бағдарламалары бойынша конкурстық негізде білім алуға үміткер түлектер.
Бұл ретте Қор ЖЖОКБҰ-ға өтінімдер қабылдауды және конкурс өткізуді жүзеге асыру құқығын қалдырады (Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес).
Қатысушыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі оқуын жалғастыру үшін ЖЖОКБҰ студенттері. Қордың грантына (шәкіртақымен) үміткер студенттерді іріктеуді:
- «Taiburyl» Қоғамдық бірлестігі жүргізеді,
- «КАЗГЮУ Эндаумент» корпоративтік қоры КАЗГЮУ студенттерін іріктеу үшін жүргізеді
2. Бағдарламаның қатысушыларын іріктеу критерийлері қандай?
1) ЖЖОКБҰ комиссиясы арқылы өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары мен шәкіртақысын беру үшін Бағдарламаның қатысушылар іріктеу критерийлері:
ҰБТ тапсырған және ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажет өту баллын жинаған түлектер:
- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
- жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;
- мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.
2) ЖЖОКБҰ студенттерінің арасында өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша Қордың гранты мен шәкіртақысына үміткер Бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері:
- мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар студенттер;
- жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттер;
- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер;
- толық емес отбасыдан, 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;
- ата-аналары/ата-анасының бірі 1 және 2 топ мүгедегі болып табылатын студенттер.
Бұл ретте «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның гранты мен шәкіртақысын алуға үміткерлер (ақылы топтарда оқитын студенттер) 01-15 тамыз аралығында:
- «Taiburyl» ҚБ сайтында: https://www.taiburyl.kz/
- ҚазМЗУ студенттері «ҚазМЗУ эндаумент» корпоративтік қорының сайтында https://endowment.kazguu.kz/ru / - онлайн өтінім бере алады.
Бұл ретте «Қазақстан халқына» ҚҚ-ң грантын және шәкіртақысын алуға үміткерлер (ақылы топтарда оқитын студенттер) «Taiburyl» ҚБ-ң https://www.taiburyl.kz/ сайтында 1 тамыздан бастап 15 тамыз аралығында онлайн-өтінім бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |