Құрметті Владимир Карпович! Қадірлі депутаттар!



бет3/6
Дата12.07.2022
өлшемі33,47 Kb.
#147427
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Доклад Министра каз

2017 жылы: маусымда - ҚХР Төрағасы Си Цзинпинь, Ауғанстан президенті M.Ғани, Пәкістан Премьер-Министрі M.Шариф, Үндістан Премьер-Министрі Н.Моди, тамызда - Ауғанстан Премьер-министрі Абдулла Абдулла, қыркүйекте - Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Пәкістан Президенті М.Хуссейн, Иран Президенті Х.Роухани, Бангладеш Президенті Абдул Хамид.
Еліміз шығыс азиялық бағытта прагматикалық және белсенді саясат жүргізеді.
Бірінші кезекте, Қазақстан Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға үлкен мән береді. Біз сындарлы ынтымақтастық динамикасын оң бағалаймыз. Арамызда сенім мен тату көршіліктің жоғары деңгейі сақталуда.
Бүгінде Қытай – геосаяси ықпалы өсіп келе жатқан, қуатты экономикалық әлеуеті, ауқымды қаржылық және технологиялық мүмкіндіктері бар ел. Бейжің 10 жыл мерзім ішінде 14 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция салған Қазақстанның негізгі шетелдік инвесторларының бірі болып табылады.
Біздің елдеріміз биік және жоғары деңгейде қарқынды диалогты сақтап отыр. ҚХР Төрағасы болып сайланған күннен бері Си Цзиньпин Қазақстанға 3 рет келді (2013 ж. қыркүйек, 2015 ж. мамыр, 2017ж. маусым). ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев осы кезеңде Қытайға 5 рет барды (2013 ж. сәуір, 2014 ж. мамыр, 2015 ж. қыркүйек, 2016 ж. қыркүйек, 2017 ж. мамыр).
Қытай тарапымен бірге жаңа экономикалық «Нұрлы жол» бағдарламасын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2013 жылы Назарбаев Университетінде алғаш рет жариялаған «Белдеу мен жол» бастамасымен ұштастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде,
Қазақстан «Белдеу мен жол» бағытындағы бірінші ел болғандықтан Еуропаның Қытаймен негізгі байланыс буыны және еуразиялық континенттік көпірдің басты бөлігі болып табылады.
Қытаймен экономиканың түрлі салаларында жалпы соммасы 26 млрд. АҚШ доллары болатын 51 өндіріс жобасының тізімі мақұлданды, оның бес жобасы іске қосылды (жалпы құны 158 млн. АҚШ долл.).
Қазақстан екіжақты қарым-қатынастардың локомотиві сауда-экономикалық ынтымақтастық болып табылатын Жапониямен көп жақты стратегиялық әріптестікті тереңдетуге ниетті. Астана мен Токио ядролық таратпау саласындағы жақын одақтастар болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 6-9 қарашада Жапонияға жасаған ресми сапары барысында Стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімде қабылданды. Көлік, мұнай химиясы, қаржы және атом энергетикасы салаларында шамамен 1,2 млрд. АҚШ долл. көлеміндегі 13 екіжақты коммерцияляқ құжатқа қол қойылды.
Оңтүстік Корея өнеркәсіпті дамыту және ұлттық экономиканы әртараптандыру бойынша біздің негізгі әріптестеріміздің бірі болып табылады.
10 жыл ішінде Оңтүстік Кореяның Қазақстан экономикасына инвестициясы 4,6 млрд. АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 9-11 қарашада Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапары барысында Стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларацияға және 640 млн. АҚШ доллары соммасындағы 18 келісімге қол қойылды.
Моңғолияда қазақ диаспорасының болуына байланысты, бұл ел Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орын алады. Екіжақты қарым-қатынастардың басымдыққа ие мәселелері Баян-Өлгей аймағында консулдық пунктін, сондай-ақ Қытай мен Ресей аумағы арқылы өтетін, Қазақстанды Монғолиямен байланыстыратын автокөлік жолының құрылысы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет