Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өзбеттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.

Сюжеттік-рөлдік ойындар
Мақсаты: Сюжеттік - рөлдік ойын арқылы балаға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлесу қабілетін үйрету жан-жақты білімін көрсетуге дағдыландыру, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
“Аурухана” сюжеттік ойыны
Аурухана" сюжеттік-рөлдік ойыны достық қарым-қатынасты, түсінушілікті, өзара сыйластықты, бір-біріне тәуелділік сезімін тәрбиелейді.
3-4 жасына дейінгі балалар рөлдік ойындарды өте жақсы көреді.Ойын-бұл мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қызметі. Тек ойын арқылы бала айналасындағы әлемді біледі. Балаларды ойнауды да үйрету керек. "В" орта тобында мен "аурухана" тақырыбында сабақ өткіздім, өйткені балалар осы рөлдік ойынды ойнағанды ұнатады.
Балалар еркіндіктің ішкі сезімін алады, өйткені іс-әрекет қиял жағдайында жүреді. Осының арқасында баланың қиялы, бейнелі ойлауы белсенді дамып келеді. Мақсаты: Балаларда "аурухана" сюжеттік-рөлдік ойынын ойнау қабілетін, сюжеттің екі дәйекті әрекетін дәйекті түрде орындау қабілетін қалыптастыруда.
Енді балалар дәрігер мамандығының қаншалықты маңызды және жауапты екенін түсінеді!