Кіріспе
Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы 2017-2022 жылдар аралығындағы инфляцияның рубльға, азық түлікке, тұрғын үй қызметтері және басқа да отын түрлеріне, тауарлар мен қызметтерге қандай қатысы бар екенін анықтау. Инфляцияға қай фактор көбірек әсер ететінін табу.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі күні Қазақстанда ақша мәселесі өзекті болып тұр. Жыл сайын өтен жылмен салыстырғанда баға көтеріліп кеткенін байқаймыз. Бұның біздің өмірімізге әсер ететіні сөзсіз айқын екені түсінікті.
Міндеті: Қазақстандағы инфляцияның рубльға, азық түлікке, тұрғын үй қызметтері және басқа да отын түрлеріне, тауарлар мен қызметтерге байланысын студенттерге дәлелдер көрсете отырып, түсінікті етіп жеткізу.
Негізгі бөлім
Инфляция
Инфляция (лат. inflatio "көбею") — тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының жалпы деңгейінің тұрақты өсуі; ақшаның құнсыздану процесі, шығарылған ақшаның өзгермеген саны кезінде айналымдағы тауар массасының шамадан тыс шығарылуы (эмиссиясы) немесе қысқаруы салдарынан олардың сатып алу қабілетінің төмендеуі[1].
Инфляция кезінде бірдей тауарлардың бағасы уақыт өте келе өседі: біраз уақыттан кейін бірдей ақша сомасына бұрынғыға қарағанда аз тауарлар мен қызметтерді сатып алуға болады. Негізінде, ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді, ақша құнсызданады. Ақшаның құнсыздануы нарықтық экономикадағы бағаның өсуіне әкеледі. Әкімшілік-командалық басқару жүйесінде ақшаның құнсыздануы бағаның өзгеруіне әкелмеуі мүмкін, бірақ тауар тапшылығы артып келеді[2].
Инфляцияны ұзақ, тұрақты процесс ретінде бағаның бір реттік өсуінен ажырату керек (мысалы, ақша реформасына немесе саяси оқиғаға байланысты). Инфляция экономикадағы барлық бағалардың бір уақытта өсуін білдірмейді, өйткені жеке тауарлар мен қызметтердің бағасы төмендеуі немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін. Жалпы баға деңгейінің өзгеруі маңызды, яғни ЖІӨ дефляторы.
"Біздің жағдайда Ресей Федерациясындағы импорттың күрт төмендеуіне байланысты Ресей рублінің доллар мен теңгеге 30%-ға күрт нығаюы кері әсерін тигізді. Тиісінше, Ресейден Қазақстанға келетін барлық импорт автоматты түрде 30% - ға қымбаттады. Біздің жалпы импортымызда Ресейдің үлесі шамамен 40 % құрайды. Өткен жылы республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде осы жағымсыз факторлардың барлығын болжай алмағанымыз анық", - деп атап өтті министрлер кабинетінің басшысы