Мектеп:
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 11
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Допты иелену және қарсы әрекет техникасы
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлығы: Білім алушылар денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерлерді түсінеді. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды,жүгіреді.
Көбі: Білім алушылар денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерлерді түсінеді,айтады. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды,жүгіреді.
Кейбірі: Білім алушылар денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерлерді түсінеді,айтады,көрсетеді. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды, күрделі мәселелерін түсінеді,жүгіреді.
|
Жетістік критерийлері
|
Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Допты беру, допты қабылдау, допты жүргізу, допты тебу, доппен алдап өту
|
Құндылықтарды дарыту
|
Білім алушылар бір - бірімен келісіп және үйлесімді жұмыс жасауға тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Биология пәнімен байланыс - дене мүшелерін анықтай біледі.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Планшет қолдану
|
Бастапқы білім
|
Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік техникасын менгерді.
|
Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10мин
|
Дайындық бөлімі. Оқушылар орындарынан тұру. Сәлемдесу Кезекші сынып туралы мәліметті хабарлау. Саптық жаттығулар орындату. Орыннан оңға, солға бұрылу. Оқушылар бір орында жүру жаттығуларын орындайды. Ж.Д.Ж.бір орында.
|
Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.
Жаңа сабақ материалымен интернет арқылы танысу,
|
Сабақтың ортасы
25мин
|
Жаңа тақырып таныстыру.
Допты иелену тәсілдеріне қағып алу, жұлып алу және қалқаннан секіргенде алу жатады, ол қарсы әрекет тәсілдеріне адастыру, жұлып алу, лақтырғанда тартып алу жатады. Бұл тәсілдердің ерекшіліктері қарсы әрекеттің тәсілінің таңдауы, оның атқарылу уақыты, әрекет озгешілігі әр қашан доп басқаратын қарсыласқа байланысты. Оның әрқашан әрекеті бірінші болып жасауға мүмкіндігі бар. Допты беру және қағып алуға арналған жаттығулар «Квадрат» - төрт бағанға екі доппен:1.Оң жаққа беру – оңға жүгіру
2.Сол жаққа беру – солға жүгіру
3.Диагональ бойынша беру – оңға жүгіру
4.Оң жаққа беру – Диагональ бойынша жүгіру
5.Оң жаққа беру - солға жүгіру
6.Оң жаққа беру – алдыңғы бағанаға барып қосылу.
Баскетбол ойынына жақындатушы ойындар
А) қорғаушының қосымша қадамын жетілдіру үшін “лашын, ұябасар, балапандар”
б) допты беру және қағып алуды жетілдіруге «Допты капитанға»
в) «12 шеңбер». Екі жүргізуші. Допты бір біріне беру арқылы ойыншыларға тигізу
г) “керме ау”. Дәл сол, тек олар жүргізушілермен бірге. Мақсаты: ойыншылардың өзара әрекеттестігі және алаңды жүргізуі.
е) дриблингті жетілдіру.
Ептілікті және қозғалыс координациясына арналған жаттығулар.
Қағып алу – қорғаныс техникасының ең белсенді тәсілдерінің бірі. Ол қарсы шабуыл жасауға және допты жүргізуге мүмкіндік береді. Оның арқасында қолдан-қолға беруге, жүргізуге қарсы тұруға болады. Қолдан-қолға бергенде қағап алу. Шабуылушыға қолдан-қолға беріп жатқан кезде қорғаушы оның жанына немесе арқасына орналасады. Доп беретін адамның қолынан шыққанда денеде алға шығп допты қағып ала білу керек .
Жұлып алу. Егер қарсылас допты ұстап тұрып айналып жатқанда жұлып алса пайдалы, жұлып алудың 2 тәсілі бар: өзіне қарай жұлқу және қарсыластан алға-төмен жұлқылау.
Тартып алу. Бұл тәсілді ойыншы орнында допты ұстап тұрғанда немесе жүгіртіп жүргенде орындауға болады. Қолдан тартып алу. Ойыншының жанына сәтті әрекет жасай алатындай немесе сәтсіздікке артқа шегінуге болатындай қалыпта жақындау керек. Шапшаң және өте аз уақытта тырыстыра ұстаған саусақтармен допты бос жерге ұрып үлгеру керек. Жүгірту кезінде тартып алу. Доп басқарған қарсыласты шеттегі сызыққа бағыттап сәл итермелеп допты жанынан тартып алады.
Алдынан тосу. Бұл тәсіл лақтыруға қарсы қолданатын тәсіл. Допты лақтырып жатқан ойыншыға жақындап, дәл лақтырар кезде доптқа қарсы шығу керек .
Тойтарыс беру. Бұл тәсіл допты тосуға немесе басқау болмағанда қолданылады. Доптың лақтыруың қолынан босағанын көре сала шапшаң әретпен доптың ұшу траекториясынан алып ұлгеру керек. Бұл тәсілдің сәттілігі әрекеттің өз уақыттылығына және әрект орындаушының секіру биіктігіне байланысты.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
-Бүгінгі сабақ несімен ұнады?Қандай нәрсе сіздерге қиын болды?
|
Достарыңызбен бөлісу: |