Кілт тоқтауды жетілдіру үшін орындалатын жаттығулар
1 сағ
24
Шабуылдағы ойын техникасымен тактикасын жетілдіру
1 сағ
25
Баскетбол. Ойынның мазмұны мен негізгі ережелері
1 сағ
26
Баскетбол. «Оң және сол қолмен допты ауыстыра алып жүру»
1 сағ
27
Баскетбол. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.
1 сағ
28
Ойындар кезіндегі көшбасшылық және командалық іс - әрекет
1 сағ
29
Допты алып жүру лақтыру, допты орнында қозғалыста жүріп беру.
1 сағ
30
Баскетбол ойынындағы негізгі техникалық және тактикалық әрекеттерін жетілдіру.
1 сағ
31
Баскетбол. Ойын техникасы.
1 сағ
32
Баскетбол. Доппен орындалатын жаттығулар
1 сағ
33
Шабуылдау тактикасы.
1 сағ
34
Қорғану тактикасы.
1 сағ
Қысқа мерзімді жоспар №1
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 11
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Баскетбол ойынының тарихы
Сабақ мақсаттары
Барлығы: Білім алушылар денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерлерді түсінеді. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды,жүгіреді.
Көбі: Білім алушылар денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерлерді түсінеді,айтады. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды,жүгіреді.
Кейбірі: Білім алушылар денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерлерді түсінеді,айтады,көрсетеді. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды, күрделі мәселелерін түсінеді,жүгіреді.
Жетістік критерийлері
Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды.
Тілдік мақсаттар
Допты беру, допты қабылдау, допты жүргізу, допты тебу, доппен алдап өту
Құндылықтарды дарыту
Білім алушылар бір - бірімен келісіп және үйлесімді жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар
Биология пәнімен байланыс - дене мүшелерін анықтай біледі.
АКТ қолдану дағдылары
Планшет қолдану
Бастапқы білім
Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік техникасын менгерді.
Жаңа тақырып таныстыру. Бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады. Баскетболдың негізін 19 ғ. кейбір мемлекеттерде кең таралған «құз басындағы үйрек» ойынымен байланыстырады. Бұл ойынның шартын Джеймс Нейсмит (1861–1939) жақсы білетін. Ойын шарты бойынша: ойыншы кішкентай тасты одан үлкен тастың үстіне лақтыру арқылы дәл ортасына орнатуға тиісті. Нейсмиттің жеке биографтарының айтуы бойынша, «құз басындағы үйректі» ойнаған кезінде жас Джеймстің басында баскетбол ойынының жалпы түсініктері қалыптасады. Бұл идея Джеймс Спрингфилд қалашығында орналасқан Халықаралық жастар жаттығу колледжінде анатомия мен дене шынықтыру пәнін жүргізген кезде пісіп жетіледі. Нейсмиттің байқағаны бойынша жастар қысқы гимнастикамен айналысуға ынта білдірмейтін. Содан Джеймс ойынды кішкентай спорт залда жүргізуге болатындай студенттерді ептілік пен координацияға үйрететін ойынға қатыстыру керек деген ойға келеді. Спорт залдың екі шетінде орналасқан балконға екі жеміс-жидек себеттерін бекітеді. Еденнен балконға дейінгі биіктік 3м 5 см құрайтын (қазіргі кезде бүкіл дүниежүзі ұстанатын стандартқа сай).. Командадағы ойыншылар саны еріксіз бірақ, екеуінде де тең болуы керек еді. Добы бар ойыншыға шабуыл жасау тыйым салынатын – оған тек кедергі келтіруге болатын. Бұл ережені бұзған жағдайда, техникалық фол белгіленген. Егер фол екінші рет қайталанса, ереже бұзған ойыншы келесі гол соққанға дейін алаңнан қуылатын. Егер бір команда фолды үш рет қайталаса, оның себетіне гол соғылды деген ереже орын алады. Осы ереже жүзеге асу үшін тек бір ғана шарт қойылатын: қарсылас тарапынан бірде- бір фол болмау керек. Бір кезде команданың құрамында, себетті қорғайтын қақпашы да болған. Сол кездегі себеттерде бізге үйреншікті қалқан болмайтын. Ойын тез арада көптеген адамдарға мәлім болған. 19 ғ аяғына таман студенттік кампустар мен әр түрлі қалалардан келген командалардың арасындағы баскетболдық кездесулер жиі өткізілген. Әуесқой лигалары пайда болды. 1896 жылы Американың Трентон қаласында ұйымдастырылған баскетболдық кездесуде, жеңіске жеткен команда сыйақыға ие болған. Осылайша, 20 ғасырдың феномены – кәсіпқойлық баскетбол пайда болды.
Сабақтың соңы
5 мин
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
-Бүгінгі сабақ несімен ұнады?Қандай нәрсе сіздерге қиын болды?
Екі жұлдыз, бір ұсыныс – бұл өз-өзіне немесе
сыныптасына құрылымдастырылған кері байланыс
ұсынуды қамтамасыз ететін тəсіл. Өзін-өзі бағалау үшін қолданылған кезде бұл тəсіл оқушылардың
қажеттіліктерін анықтауға да мүмкіндік береді, соның негізінде мұғалім оқушылардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзінің жоспарларын өзгертіп бейімдей алады. Барлық
оқушыларды өздерінің оқу үдерісіне қатыстыру үшін бұл тəсілді бүкіл сыныпқа қолдануға
болады.