Несептің тәулік мөлшерінің өзгеруі ( Зимницкий сынағымен бағаланады): Полиурия
Олигурия
Анурия
ПОЛИУРИЯ – несептің тәуліктік мөлшерінің 2 литрден артық болуы.
Шығу тегі бойынша түрлері:
Пререналдық полиурия
реналдық полиурия
а) физиологиялық (сұйықтықты көп мөлшерде қабылдағаннан кейін)
б) дерттік
Ісінудің қайтуы
гипертониялық аурудың бастапқы сатысы (шумақтардың әкететін артериолаларының тарылуы)
гиперволемия
ішкі сөлденіс бездері аурулары (қантты диабет, қантсыз диабет)
Бүйрек дерті
(сүзгіш мембрананың өткізгіштігінің жоғарылауы, Өзекшелердің ағымға қарсы - көбейту жүйесі қызметінің бұзылуы)
Полиурияның патогенезі:
шумақтық сүзілудің жоғарылауы
түтікшелік кері сіңірілудің төмендеуі
ОЛИГУРИЯ – несептің тәуліктік мөлшері 500 мл- ден аз болуы
АНУРИЯ - несеп түзілуі мен шығарылуының тоқтауы (диурез 50-100 мл-ден аз).
Шығу тегі бойынша түрлері:
өзеккшелерде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауы
несеп шығарылуына механикалық кедергінің болуы
ПОЛЛАКИУРИЯ –несепті жиі шығару
НИКТУРИЯ - несептің түнгі уақытта көп бөлінуі
Несеп құрамының сапалық өзгерістері (Нечипоренко сынауымен, несептің жалпы талданымымен бағаланады):
ПРОТЕИНУРИЯ - несепте нәруыздың болуы
Шумақтық
¯
Шумақ қылтамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы
¯
Қан плазмасының кесек молекулалы нәруыздарының несепке артық сүзілуі
өзекшелік
¯
Бүйрек өзекшелерінің зақымдануы
¯
Ұсақ молекулалы нәруыздардың кері сіңірілуі бұзылуы
Цилиндрурия– зәрде цилиндрлердің болуы. Цилиндрлер – бүйрек өзекшелерінің көшірме бедері.