Руководителю соц


Несеп құрамының сапалық және сандық өзгерістері



бет3/30
Дата09.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#131196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Министерство здравоохранения рк

Несеп құрамының сапалық және сандық өзгерістері


Несептің тәулік мөлшерінің өзгеруі ( Зимницкий сынағымен бағаланады):

  1. Полиурия

  2. Олигурия

  3. Анурия

ПОЛИУРИЯ – несептің тәуліктік мөлшерінің 2 литрден артық болуы.

Шығу тегі бойынша түрлері:



Пререналдық полиурия

реналдық полиурия

а) физиологиялық (сұйықтықты көп мөлшерде қабылдағаннан кейін)
б) дерттік

  • Ісінудің қайтуы

  • гипертониялық аурудың бастапқы сатысы (шумақтардың әкететін артериолаларының тарылуы)

  • гиперволемия

  • ішкі сөлденіс бездері аурулары (қантты диабет, қантсыз диабет)

Бүйрек дерті
(сүзгіш мембрананың өткізгіштігінің жоғарылауы, Өзекшелердің ағымға қарсы - көбейту жүйесі қызметінің бұзылуы)
Полиурияның патогенезі:

  1. шумақтық сүзілудің жоғарылауы

  2. түтікшелік кері сіңірілудің төмендеуі

ОЛИГУРИЯ – несептің тәуліктік мөлшері 500 мл- ден аз болуы
АНУРИЯ - несеп түзілуі мен шығарылуының тоқтауы (диурез 50-100 мл-ден аз).
Шығу тегі бойынша түрлері:

Бүйрек алдылық

Бүйректік

Бүйректен кейінгі

( көп мөлшерде қан алмастырушыларын, нәруызды құю)

· бүйректің өзі немесе қантамырларының зақымдануы

· несеп шығару жолдарынан зәрдің ағып кетуінің қиындауы ® шумақ капсуласы қысымының жоғарылауы ® сүзілудің төмендеуі

Олигурияның патогенезі:

  1. шумақтарда сүзілудің төмендеуі

  2. өзеккшелерде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауы

  3. несеп шығарылуына механикалық кедергінің болуы

ПОЛЛАКИУРИЯ –несепті жиі шығару
НИКТУРИЯ - несептің түнгі уақытта көп бөлінуі
Несеп құрамының сапалық өзгерістері
(Нечипоренко сынауымен, несептің жалпы талданымымен бағаланады):

ПРОТЕИНУРИЯ - несепте нәруыздың болуы





Шумақтық
¯
Шумақ қылтамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы
¯
Қан плазмасының кесек молекулалы нәруыздарының несепке артық сүзілуі

өзекшелік
¯
Бүйрек өзекшелерінің зақымдануы
¯
Ұсақ молекулалы нәруыздардың кері сіңірілуі бұзылуы



Цилиндрурия – зәрде цилиндрлердің болуы. Цилиндрлер – бүйрек өзекшелерінің көшірме бедері.


ГЕМАТУРИЯ – зәрде эритроциттердің пайда болуы



Бүйректік
¯
Бүйрек шумақтарының қылтамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы
¯
Зәрде өзгерген, сілтіленген эритроциттердің болуы

Бүйректен тыс
¯
Несеп шығару жолдарының зақымдануы
¯
Зәрде жаңа эритроциттердің болуы



Пиурия – зәрмен лейкоциттердің (іріңнің) көптеп бөлінуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет