Себептері: Бүйректің созылмалы аурулары:
гломерулонефрит, пиелонефриттер, бүйрек поликистозы, бүйрек амилоидозы, несеп тас ауруы, қантты диабетте бүйректің зақымдануы, гипертониялық аурулар кезінде, атеросклерозда кездеседі.
Патогенезі:
Нефрондардың үдемелі түрде өлуі және олардың дәнекер тіндермен алмасуы (нефросклероз) ® өзекшелер мен шумақтар қызметінің үдемелі төмендеуі ® несеп түзілуінің төмендеуі ® уремия ® уремиялық кома
БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ (БСЖ) САТЫЛАРЫ Бүйрек қызметі бұзылуының дәрежесі бойынша:
Жасырын саты
Қандағы қалдық азот қалыпты, шумақтық сүзілу деңгейі 50%-ға дейін төмендейді.
Гиперазотемиялық саты
Гиперазотемия, шумақтық сүзілу деңгейі 20% -ға дейін төмендейді.
Уремиялық саты
Уремия, жоғары дәрежелі гиперазотемия, шумақтарда несептің сүзілу деңгейі 10- 5% -ға дейін төмендейді.
Уремия( грекше. uron –несеп, haima - қан) – зәрліқан.
Бүйрек қызметінің теңгерілмеген кезінде пайда болатын синдром.
Патогенезі:
Қалыпты жағдайда бүйрек арқылы несеппен шығарылтын, зат алмасу өнімдерімен организмнің аутоуыттануы: