Руководителю соц


АТЕРОСКЛЕРОЗДЫҢ ҚАУІП –ҚАТЕР ЖАЙТТАРЫ



бет2/37
Дата16.09.2022
өлшемі2,41 Mb.
#149660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
МодульССС.27.06.10.-каз-doc

АТЕРОСКЛЕРОЗДЫҢ ҚАУІП –ҚАТЕР ЖАЙТТАРЫ

Жасы ( қауіп-қатерлі жайттарға шартты түрде жатқызылуы мүмкін)

Атеросклероз ұзақ уақыт, кейде адамның тіршілік барысында дамиды және оның көріністері жас ұлғайған кезде және қарттық шақта айқындалады.

Жынысы

Атеросклероз ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда жиі кездеседі. Оның негізгі себебі - оларда ЖТЛП әйелдермен салыстырғанда өте аз болады.

Артериялық гипертензия

Таңбаланған липонәруыздарды (ЛН) пайдаланылып жүргізілген арнайыланған тексеру әдістерімен анықталған - неғұрлым артериялық қысым жоғары болса, соғұрлым ЛН-дар қолқаның және артериялардың ішіне қарқынды түрде енеді. Бұл артериялық қысымның жоғарылауы кезінде артериялардың ішкі қабатының зақымдану мүмкіншілігінің жоғарылауына, сонымен қатар атерогенді липидтердің ұсталуына және жиналуына, тамырдың ішкі бетінің қалыңдауына байланысты.

Шылым шегу

Никотин, артериялардың эндотелий жасушаларына әсер етіп ЛН-ға олардың өткізгіштігін арттырады, сонымен қатар жүрек артериялары мен аяқ артерияларының тарылуын туындатады, тромбоциттердің адгезиясын жоғарылатады, сөйтіп артерияларда қан қатпасының түзілуіне бейімдейді.

Қантты диабет

Атеросклероз қантты диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі. Бұл науқастарда айқын өтетін гиперлипопротеинемия IV түрі жиі кездеседі (қанда ӨТТЛП және үшацилглицеридтер (ТГ) жоғары болуы). Сонымен қатар қанда инсулиннің нағыз жетіспеушілігімен жүретін қантты диабеттің ауыр түрінде холестериннің өндірілуі айқын жоғарылайды және май қорларынан май қышқылдарының шығарылуы артады.

Семіру

Қанда ЛП (әсіресе ӨТТЛП) деңгейі жоғарылайды және антиатерогенді ЖТЛП деңгейі жиі төмендейді.

Гипокинезия
Қозғалыстың азаюы

Тексерулер жүгіретін адамдардың қанында аз қозғалатын адамдармен салыстырғанда ЛП-липазаның және лецитин-холестеринді ацилтрансферазаның ( ЛХАТ) белсенділіктері жоғары болатынын және ӨТТЛП-дің жылдамдатылған ыдырауымен, ЖТЛП-дің деңгейінің жоғарылайтындығын көрсетті. Физикалық жүктеме жалпы адамның дене салмағын қалыпты деңгейде ұстап тұратынын, артериялық қысымның төмендеуіне септеседі және қантты диабеттің пайда болуына кедергі келтіреді.

Тұлғаның және мінез-құлықтың ерекшеліктері

Жиі жан-дүниелік күйзелістер кезінде қанға көп мөлшерде катехоламиндердің түсуі жүрек-қантамыр жүйесінің бейімделу мүмкіншіліктерін шектейді. Бұл кезде бір жағынан эндотелидің атерогенді липопротеидтерге өткізгіштігін арттырса, ал екінші жағынан май тінінде липолиздің белсенденуіне, эстерифицирленбеген май қышқылдарының шығуының артуына, бауырда ТГ және ӨТТЛП-дің өндірілуінің жоғарылауына әкеледі.

Тұқым қуалаушылықтың маңызы

Тұқым қуалаушылықпен май алмасуының бұзылуы (дислипопротеинемия) беріледі. Сонымен қатар басқа қауіп-қатер жайттарының пайда болуынабейімділік (артериялық гипертензия, қантты диабет) берілуі мүмкін.

Подагра

Қанда ТГ мөлшері мен несеп қышқылының деңгейі арасындағы тікелей байланысты болады.

Жұмсақ (мягкая вода) суды қабылдау

Құрамында микроэлементтері төмен жұмсақ суды пайдаланылатын аудандарда, құрамында ванадий, магний, марганец, хромы бар тұщы суды пайдаланатын аудандармен салыстырғанда, атросклероз жиі кездесетіні және өте ауыр өтетіні анықталды.

Гомоцистеинемия

Гомоцистеин аминқышқылы эндотелий жасушаларына зақымдаушы әсер көрсетеді.

  • Бір адамға бірнеше қауіп-қатер жайттары бірден әсер етсе, онда сол адамда атеросклероз және онымен байланысты асқынулардың даму мүмкіншілігі жоғары болады.

атеросклероздЫң патогенезі
Атеросклероздың патогенезіне байланысты көптеген теориялар, гипотезалар және болжаулар ұсынылған.

  • Өзгерген липопротеидтерге (молекуласы өзгерген) қантамырдың ішкі беткейінің және оның жасушасына липонәруыздардың сіңбелену қағидасы.

  • Асқын тотығулық қағида

  • Қан қатпасы түзілу (майлық қатпа түзілу ) қағидасы

  • Моноклонды қағида

  • Мембраналық жорамал

  • Аутоиммундық қағида

Бірақ солардың арасында жалпы жағдайлар бар. Атерогенез бірізділікпен өтетін бірнеше сатыдан тұрады: бастама, үдеуі, атероманың пайда болуы, фиброатероманың түзілуі, атеросклероздың асқынуларының дамуы. (П.Ф.Литвицкий, 2003).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет