Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет100/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222
2 7 тапсырма Бекенова С маг 1 5
Күшік пен мысық

Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің қара күшігі, бірінің ала мысығы болды.


Бір күні қара күшік көршінің бағынан кіріп, сонда жүрген ала мысықты тұра қуды.


Мысық қашып барып, алма ағашқа шығып кетті. Күшік ағаш түбіне келіп:





  • Әу-әу-әу, әу-әу-әу! – деп, мысыққа қарап шабаланып тұрып

алды.

Мысық та оған құйрығын қыбырлатып, белін күжірейтіп, ырылдап айбат шекті.


172
Сол сәтте жұдырықтай бір қызыл алма сабағынан үзіліп, күшіктіңбасына келіп топ ете түсті. Күшік қаңқ ете қалды да, «мысық ұрды екен» деп қаша жөнелді. Ол енді өз ауласына барып, тағы да мысық жаққа шәуілдеп тұрған.


Сол кезде мысық ағаштан жерге қарғып түсіп еді, ол «және де ұрады екен» деп ойлап, күшік жүгіріп барып үйшігіне кіріп кетті.


Содан бастап қара күшік ала мысықты қумайтын болды.


Т. Жексенбай


Әділ шешім

Орман төресі айбарлы Арыстанға Қоңыр аюдың үстінен арыз жазылды. Арызда бітік өскен Таңқурайлы сайды мекендеп, қорып, оған түскен Шошқаның торайын таспен ұрып көзін шығарып, Ешкінің лағының сирағын сындырған, бұзаулы Сиырдың мүйізін қағып түскені мәлімделді. Ормандағы бар жаунарлар жиналып Қоңыр аюдың мәселесін қарады.





  • Аюеке сенің мінезің момақан еді, не себепті Шошқа, Ешкі, Сиырларға қиянат жасадың? – деді айбарланған Арыстан.




  • Уа, тақсыр менен бір білместік өтті. Оларға жазықсыз қастандық жасаған жоқпын. Бар кінә өздерінде.




  • Неліктен?




  • Шошқа торайын ертіп алып, қорс-қорс етіп пісіп тұрған таңқурайдың түбін қопарды. Бір күндік емес келешектің жемісі емес пе? Таңқұрайжы аядым. Шошқаны үркітейін деп тас лақтырып едім, торайына тиіп, көзін шығардым. Ол үшін әрине кінәлімін. Қоңыр аю иіліп келіп еңкейді. Айбарланған Арыстан Қоңыр аюдан мұны күтпеген еді, оған іші жылып қалды. Дұрыс айтасың, келешек өнімді қорғау бәріміздің ортақ борыш. Шошқа таңқурайды қопарғаның рас па?




  • Рас, еді тақсыр.

  • Ендеше қоңыр аю емес өзің кінәлісің.

  • Ешкі не істеді, Аюеке?




  • Лағын ертіп алып таңқурайдың піскен жемісін төгіп, сабағын шорт-шорт үзді.




  • Ешкі де айыпты, ал сиыр не істеді?

  • Бұзауымен ары-бері жүріп таңқурайды таптады.




  • Сиыр да кінәлі. Таңқурайдың тағдырын ойлаған Қорңыр аюда еш жазық жоқ. Арыз жазғандар жауапқа тартылсын. Айбарланған арыстан әділ шешім шығарды. Жала жапқандардан құтылған Қоңыр аюТаңқурайлы сайға қарай томпаңдап ақырын аяңдай берді.



Ескермес Сәрсенбаев

173
Тәртіпсіз лақ


Кеш. Аулада, терек саясында кітап оқып отырғанмын. Кенет тарс – тұрс дыбыс шығып, басымды көтердім.


Қарасам, көршімнің біріншіде оқитын баласы кішкентай ақжағал лақты қуалап жүр.


Бір кезде жетті-ау лаққа. Мүйізінен ұстап алып, басқа төпелеп жатыр.Үйден әжесі шығып, оның қылығын көрді де:





  • Әй, Тәлтай! Ұрма лақты!

Айқайға алаңдаймын деп, Тәлтай лақтан айырылып қалды. Төніп келген әжесінен қашпай тымыраяды.





  • Неге ұрасың ой, тәртіпсіз?!

  • Лақ тәртіпті ме? Неге еккен ағашымды құлатады?

Қараймын, әлгінде ғана терезе алдына еккен өрімталы қисайып жатыр. Оны көрген әжесі:





  • Жә, екеуің де оңып тұрған жоқсыңдар, - деп қолын бір сілтеп, жөніне

кетті.



  • Маған ұрсады, лаққа ұрыспайды, - деп бұртаңдаған Тәлтай құлаған талын тұрғызып жатты.



Н. Сералиев




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет